О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 137 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 137 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»
- Атауы (қаз.)
- «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1066
- Қабылданған күні
- 10.12.2018
- Көрсетілген редакция
- 10.12.2018 126986_378957.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 10.12.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1800017939
- ЭКБ идентификаторы
- 126986
- Редакция идентификаторы
- 126986_378957
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 22:08
0 «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10584 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оны қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
7 Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 10 желтоқсандағы
№ 1066 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2016 жылғы 27 ақпандағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру
қағидалары
1 1-бөлім. Жалпы ережелер
1
1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабының 7) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.
2 2. ДСН-кодтар мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – өтініш берушілер) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына беріледі.
2 2-бөлім. ДСН-кодтарын беру тәртібі
3
3. «Азаматтарға арналған үкімет «Мемлекеттік корпорация» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы және жоғарғы аумақтық мемлекеттік кірістер органына (бұдан әрі – аумақтық бөлімшелер) тиісті аумақтық мемлекеттік кірістер органдарында орналасқан (тұрғылықты) жері бойынша тіркеу есебінде тұрған өтініш берушілер қызмет түріне байланысты осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ДСН-кодтарын беруге арналған өтінімдерді:
мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;
мұнай өнімдерін импорттаушы – мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін «Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау» ақпараттық жүйесі (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) арқылы электрондық түрде береді.
4 4. Қабылдау «электрондық» кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, портал арқылы электрондық кезекті брондауға болады.
5 5. Аумақтық бөлімшелер электрондық өтінімнің түскен күннен бастап бір жұмыс күннің ішінде:
1 1) ДСН-кодын беруін ақпараттық жүйе арқылы қамтамасыз етеді немесе осы Қағидалармен көзделген жағдайларда ДСН-кодын беруден бас тартады;
2 2) Өтініш берушіді ДСН-кодын беру туралы немесе ДСН-кодын беруден бас тарту туралы ақпараттық жүйе арқылы хабардар етеді.
Мемлекеттік корпорациясында дайын құжаттардың берілуі тиісті құжаттардың қабылданғаны туралы қолхат негізінде жеке басын куәландыратын құжатты (не оның нотариалды куәландырылған сенімхаты бойынша өкілі) көрсеткен кезде жүзеге асырылады.
6 6. ДСН-кодты ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.
7 7. Аумақтық бөлімшелер ДСН-кодтарды беруден келесі жағдайларда бас тартады:
1 1) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодесінің (Салық кодексі) 88 бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;
2 2) мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.
8 8. Осы Қағидалардың 6-тармақпен көзделген жағдайларда ДСН-кодты беруден бас тарту кезінде, өтініш берушілер осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте, ДСН-кодын беруге арналған өтінімдерді қайтадан береді.
9 9. Өтінімді қарау нәтижесімен келіспеген жағдайда, өтініш берушінің Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінуге құқығы бар.
1 Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына
1-қосымша
нысан
________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Мемлекеттік кірістер
органының басшысына
_________________________
20___ жылғы «__»_________
Салық төлеушінің атауы:
Субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Мұнай өнімінің өндіруші ел:
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
Р/с
№
Мұнай өнімінің түрі (бензин - 1, дизель отыны - 2, мазут - 3, авиаотын - 4) (түсетін тізім)
Мұнай өнімінің атауы
Техникалық сипаттама (МЕМСТ, ТШ және т.б.)
1
2
3
4
1
2
Басшы _______________________________ ____________
(Т.А.Ә. (ол болған жағдайда)) (қолы)
2 Мұнай өнімді өндіру елдердің кодтары
Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларына
2-қосымша
Бірінші фасет - мұнай өнімді өндіруші елдердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
екінші фасет - әкімшілік-аумақтық бірліктің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
үшінші фасет - мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
төртінші фасет - өнімінің коды (1 - бензин, 2 - дизельдік отын, 3 - мазут, 4 - авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;
бесінші фасет - бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден ∞ реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.
Фасеттік кодтау жүйесінің құрылымына
қосымша
Мұнай өнімді өндіру елдердің кодтары
ДСН-код
Мұнай өнімді өндіруші елдердің атауы
1
Еуразиялық экономикалық одағына жатпайтын елдер
2
Беларусь Республикасы
3
Қазақстан Республикасы
4
Ресей Федерациясы
5
Қырғыз Республикасы
6
Армения Республикасы
Әкімшілік-аумақтық бірліктердің кодтары
ДСН-код
Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы
1
2
Ақмола облысы
001
Көкшетау қаласы
002
Ақкөл ауданы
003
Астрахан ауданы
004
Атбасар ауданы
005
Сандықтау ауданы
006
Аршалы ауданы
007
Ерейментау ауданы
008
Егіндікөл ауданы
009
Қорғалжын ауданы
010
Бұланды ауданы
011
Целиноград ауданы
012
Шортанды ауданы
013
Степногор ауданы
014
Жарқайың ауданы
015
Есіл ауданы
016
Жақсы ауданы
017
Зеренді ауданы
018
Бурабай ауданы
019
Еңбекшілдер ауданы*
020
Бурабай АЭА
Ақтөбе облысы
021
Ақтөбе қаласы
022
Алға ауданы
023
Байғанин ауданы
024
Әйтеке би ауданы
025
Ырғыз ауданы
026
Қарғалы ауданы
027
Мәртөк ауданы
028
Мұғалжар ауданы
029
Темір ауданы
030
Ойыл ауданы
031
Қобда ауданы
032
Хромтау ауданы
033
Шалқар ауданы
Алматы облысы
034
Талдықорған қаласы
035
Балқаш ауданы
036
Жамбыл ауданы
037
Іле ауданы
038
Қарасай ауданы
039
Райымбек ауданы
040
Талғар ауданы
041
Ұйғыр ауданы
042
Еңбекшіқазақ ауданы
043
Қапшағай қаласы
044
Ақсу ауданы
045
Алакөл ауданы
046
Қаратал ауданы
047
Кербұлақ ауданы
048
Көксу ауданы
049
Панфилов ауданы
050
Сарқан ауданы
051
Ескелді ауданы
052
Текелі қаласы
Атырау облысы
053
Атырау қаласы
054
Құрманғазы ауданы
055
Индер ауданы
056
Исатай ауданы
057
Қызылқоға ауданы
058
Мақат ауданы
059
Махамбетов ауданы
060
Жылыой ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
061
Өскемен қаласы
062
Катонқарағай ауданы
063
Глубоков ауданы
064
Зайсан ауданы
065
Күршім ауданы
066
Тарбағатай ауданы
067
Ұлан ауданы
068
Шемонаиха ауданы
069
Зырянов ауданы
070
Риддер қаласы
071
Абай ауданы
072
Аякөз ауданы
073
Бесқарағай ауданы
074
Бородулиха ауданы
075
Жарма ауданы
076
Көкпекті ауданы
077
Курчатов қаласы
078
Үржар ауданы
079
Семей қаласы
Жамбыл облысы
080
Тараз қаласы
081
Жамбыл ауданы
082
Жуалы ауданы
083
Қордай ауданы
084
Тұрар Рысқұлов ауданы
085
Мерке ауданы
086
Мойынқұм ауданы
087
Сарысу ауданы
088
Байзақ ауданы
089
Талас ауданы
090
Шу ауданы
Батыс Қазақстан облысы
091
Орал қаласы
092
Бөрлі ауданы
093
Жәнібек ауданы
094
Жаңақала ауданы
095
Зеленов ауданы
096
Қазталов ауданы
097
Қаратөбе ауданы
098
Сырым ауданы
099
Тасқала ауданы
100
Теректі ауданы
101
Бөкей ордасы ауданы
102
Ақжайық ауданы
103
Шыңғырлау ауданы
Қарағанды облысы
104
Қарағанды қаласы
105
Абай ауданы
106
Қарқаралы ауданы
107
Нұра ауданы
108
Осакаров ауданы
109
Саран қаласы
110
Теміртау қаласы
111
Бұхар жырау ауданы
112
Шахтинск қаласы
113
Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
114
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы
115
Ақтоғай ауданы
116
Жаңаарқа ауданы
117
Ұлытау ауданы
118
Шет ауданы
119
Балқаш қаласы
120
Жезқазған қаласы
121
Приозерск қаласы
122
Қаражал қаласы
123
Сатпаев қаласы
Қызылорда облысы
124
Қызылорда қаласы
125
Арал ауданы
126
Қазалы ауданы
127
Қармақшы ауданы
128
Жалағаш ауданы
129
Сырдария ауданы
130
Шиелі ауданы
131
Жаңақорған ауданы
Қостанай облысы
132
Қостанай қаласы
133
Алтынсарин ауданы
134
Меңдіқара ауданы
135
Жітіқара ауданы
136
Қамысты ауданы
137
Қарасу ауданы
138
Қарабалық ауданы
139
Қостанай ауданы
140
Ұзынкөл ауданы
141
Наурызым ауданы
142
Денисов ауданы
143
Әулиекөл ауданы
144
Таран ауданы
145
Сарыкөл ауданы
146
Федоров ауданы
147
Лисаковск қаласы
148
Рудный қаласы
149
Амангелді ауданы
150
Жангелді ауданы
151
Арқалық қаласы
Маңғыстау облысы
152
Мұнайлы ауданы
153
Бейнеу ауданы
154
Қарақия ауданы
155
Маңғыстау ауданы
156
Түпқараған ауданы
157
Жаңаөзен қаласы
158
Ақтау теңіз порты
Павлодар облысы
159
Павлодар қаласы
160
Ақтоғай ауданы
161
Баянауыл ауданы
162
Железин ауданы
163
Ертіс ауданы
164
Қашыр ауданы*
165
Лебяжі ауданы*
166
Май ауданы
167
Павлодар ауданы
168
Успен ауданы
169
Шарбақты ауданы
170
Ақсу қаласы
171
Екібастұз қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы
172
Қызылжар ауданы
173
М. Жұмабаев ауданы
174
Жамбыл ауданы
175
Есіл ауданы
176
Мамлют ауданы
177
Шал ақын ауданы
178
Аққайың ауданы
179
Тимирязев ауданы
180
Айыртау ауданы
181
Ақжар ауданы
182
Тайынша ауданы
183
Уәлиханов ауданы
184
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Оңтүстік Қазақстан облысы*
185
Шымкент қаласы
186
Бәйдібек ауданы
187
Оpдабасы ауданы
188
Отыpаp ауданы
189
Қазығұpт ауданы
190
Төлеби ауданы
191
Мақтааpал ауданы
192
Сайрам ауданы
193
Саpыағаш ауданы
194
Созақ ауданы
195
Түлкібас ауданы
196
Шаpдаpа ауданы
197
Аpыс қаласы
198
Кентау қаласы
199
Түpкістан қаласы
200
Әл-Фараби ауданы
201
Абай ауданы
202
Еңбекші ауданы
Алматы қаласы
203
Алматы қаласы
204
Әуезов ауданы
205
Бостандық ауданы
206
Жетісу ауданы
207
Түрксіб ауданы
208
Алмалы ауданы
209
Медеу ауданы
210
Алатау ауданы
Астана қаласы
211
Астана қаласы
212
Алматы ауданы
213
Сарыарқа ауданы
214
Есіл ауданы
215
«Астана - жаңа қала» АЭА
Солтүстік Қазақстан облысы
216
Петропавловск қаласы
Маңғыстау облысы
217
Ақтау қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысы*
218
АЭА Оңтүстік
219
Қаратау ауданы
Алматы қаласы
220
Наурызбай ауданы
Түркестан облысы
221
Кентау қаласы
222
Түркестан қаласы
223
Бәйдібек ауданы
224
Ордабасы ауданы
225
Мақтаарал ауданы
226
Жетысай ауданы
227
Отырар ауданы
228
Казығұрт ауданы
229
Төлеби ауданы
230
Сайрам ауданы
231
Сарыағаш ауданы
232
Келес ауданы
233
Созақ ауданы
234
Түлкібас ауданы
235
Шардара ауданы
Шымкент қаласы
236
Шымкент қаласы
237
Абай ауданы
238
Әл-Фараби ауданы
239
Еңбекші ауданы
240
Оңтүстік
241
Қаратау ауданы
Ақмола облысы
242
Біржан сал ауданы
Алматы облысы
243
Кеген ауданы
Павлодар облысы
244
Тереңкөл ауданы
245
Аққулы ауданы
Астана қаласы
246
Байқоныр ауданы
Алматы қаласы
247
Ақпараттық технологиялар паркі
Ескертпе: * салықтық бақылау шеңберінде пайдаланады.