Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 137 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»

Бұйрық · № 579 · қабылданған 08.06.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-137-ekb-143678/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 137 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов» Қолданыста Бұйрық ·№ 579 ·08.06.2020
08.06.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 08.06.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 137 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»

Қолданыста Бұйрық ·№ 579 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 137 «Об утверждении Правил присвоения персональных идентификационных номеров-кодов»
Атауы (қаз.)
«Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
579
Қабылданған күні
08.06.2020
Көрсетілген редакция
08.06.2020 143678_466075.kaz
Соңғы өзгеріс
08.06.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000020842
ЭКБ идентификаторы
143678
Редакция идентификаторы
143678_466075
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 14:09

0 «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 137 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10584 болып тіркелген, 2015 жылғы 13 мамырда «Әділет» ақпараттық–құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидаларын бекіту туралы»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабының 7) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Дербес сәйкестендіру нөмір-кодтарын беру қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3

3) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациалар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

0 Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2020 жылғы 8 маусымы
№ 579 Бұйрыққа
қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы
27 ақпандағы
№ 137 бұйрығымен
бекітілген
Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру
қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 20 шілдедегі Заңының 8-бабының 7) тармақшасына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы (бұдан әрі – Заң) 10-бабының 1) тармақшасына сәйкес әзірленген және дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодтарын (бұдан әрі – ДСН-коды) беру тәртібін айқындайды.

2

2. ДСН-кодтар мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) және Қазақстан Республикасында өндірілетін немесе Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін әрбір мұнай өнімдерінің атауына беріледі.

2 2-тарау. ДСН-кодтарын беру тәртібі

3

3. «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы көрсетеді.

4

4. Көрсетілетін қызметті алушылар Мемлекеттік корпорация арқылы осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес ДСН-кодтарын беруге арналған мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге дербес сәйкестендіру нөмірлері-кодын беруге арналған өтінімді:
мұнай өнімдерін өндіруші – мұнай өнімдерін өндіруді жүзеге асыру басталғанға дейін;
мұнай өнімдерін импорттаушы – мұнай өнімдерін әкелуді (оның ішінде импортты) жүзеге асыру басталғанға дейін көрсетілетін қызметті берушіге береді.

5

5. Процестің сипаттамасын, нысанын, мазмұнын және көрсету нәтижесін, сондай-ақ өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді ұсынудың ерекшелігін ескере отырып, осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты нысанында жазылған.

6 6. Мемлекеттік корпорация арқылы өтінімді қабылдау көрсетілетін қызметті алушының тіркелген жері бойынша «электрондық» кезек тәртібінде жеделдетілмеген қызмет көрсету түрінде жүзеге асырылады, электрондық кезекті брондауға болады.

Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы мәліметті Мемлекеттік корпорацияның қызметкері тиісті мемлекеттік ақпараттық жүйелерден «электрондық үкімет» шлюзі арқылы алады.
Көрсетілетін қызметті алушы өтінімді Мемлекеттік корпорация арқылы ұсынған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушыға өтінімнің қабылданғаны туралы қолхат беріледі. Мемлекеттік корпорация қабылданған өтінімді қызметті берушіге курьер қызметі арқылы жолдайды. Сонымен бірге Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз тасымалдағышта көрсеткен кезде өтінімді қабылданған күні мемлекеттік қызмет көрсету мерзіміне кірмейді.
Көрсетілетін қызметті берушінің құжаттарды қабылдауға жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттар түскен күні қабылдауды, және тіркеуді жүзеге асырады (көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 23 қарашадағы Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтініштер қабылдау мен мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады).
Уәкілетті органның жауапты құрылымдық бөлімшенің қызметкері осы Қағидалардың 4-тармағында көрсетілген өтінімдердің осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігін қарайды.
Құжаттарды өңдеуге жауапты қызметкер «Акцизделетін тауарлар мен жекелеген мұнай өнімдерінің түрлерін өндіру және айналымына бақылау жасау» ақпараттық жүйесіне (бұдан әрі – ақпараттық жүйе) өтінімдерді енгізеді және құжат алған күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде өңдейді және мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.
Мемлекеттік корпорацияда дайын құжаттарды беру жеке басын куәландыратын құжатты (не өкілдің тиісті өкілеттіктері көрсетілетін Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасына сәйкес берілген құжаттың негізінде әрекет ететін оның өкілі) көрсеткен кезде тиісті құжаттарды қабылдағаны туралы қолхат негізінде жүзеге асырылады.
Мемлекеттік корпорация құжаттардың 1 (бір) ай сақталуын қамтамасыз етеді, одан кейін оларды көрсетілетін қызметті берушіге сақтауға береді.
Көрсетілетін қызметті алушы 1 (бір) ай мерзім өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші 1 (бір) күн ішінде дайын құжаттарды Мемлекеттік корпорацияға көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін жолдайды.

7 7. Көрсетілетін қызметті беруші ДСН-кодтарды беруден келесі жағдайларда бас тартады:

1 1) 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» Кодесінің (Салық кодексі) 88 бабына сәйкес жекелеген қызмет түрлерiн жүзеге асыратын салық төлеушiні тіркеу есебі болмағанда;

2 2) мұнай өнімдерінің түріне берілген ДСН-коды болған кезде.

8 8. Осы Қағидалардың 7-тармақпен көзделген жағдайларда ДСН-кодты беруден бас тарту кезінде, көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалармен белгіленген тәртіпте, ДСН-кодын беруге арналған өтінімдерді қайтадан береді.

9

9. Заңның 5-бабы 2-тармағының 11) тармақшасына сәйкес, көрсетілетін қызметті берушілер мемлекеттік қызмет көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректер енгізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Көлік және коммуникация министрінің міндетін атқарушының 2013 жылғы 14 маусымдағы № 452 бұйрығымен (нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тіркеу тізілімде тіркелген № 8555) бекітілген тәртіппен енгізуді қамтамасыз етеді.

10 10. ДСН-кодтарын ақпараттық жүйеде құру кезінде осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша фасеттік кодтау жүйесінің құрылымы пайдаланылады.

3 3-тарау. Көрсетілетін қызметті берушілердің және (немесе) олардың лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

11 11. Көрсетілетін қызметті беруші мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижесімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым Заңға сәйкес:

көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына;
салық және бюджетке төленетін төлемдердің түсімдерін қамтамасыз ету саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкілетті орган басшысының атына;
мемлекеттік қызметкерді көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға беріледі.
Бұл ретте Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағым мемлекеттік қызмет Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген кезде Мемлекеттік корпорация басшысының атына, не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.

12 12. Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызметтерді тікелей көрсететін көрсетілетін қызметті берушінің, Мемлекеттік корпорацияның атына келіп түскен шағымы Заңның 25-бабының 2 тармағына сәйкес тіркелген күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

Көрсетілетін қызметті алушының мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.

13 13. Мемлекеттік қызметтер көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы 2015 жылғы 31 қазандағы Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексіне сәйкес сотқа жүгінуге құқылы.

1 Дербес сәйкестендіру

нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
1-қосымша
нысан
__________________________ бойынша
(облысы/қаласы)
Мемлекеттік кірістер
департаментінің басшысына
__________________________________
20___ жылғы «__»__________________
Салық төлеушінің атауы:
Субъектінің жеке сәйкестендіру нөмірі/
Бизнес-сәйкестендіру нөмірі:
Субъектінің түрі (өндіруші, импорттаушы):
Мұнай өнімінің өндіруші ел:
Субъектінің әкімшілік-аумақтық бірлігі:
Р/с

Мұ­най өні­мі­нің тү­рі (бен­зин - 1, ди­зель оты­ны - 2, ма­зут - 3, авиа­отын - 4) (тү­се­тін ті­зім)
Мұ­най өні­мі­нің ата­уы
Тех­ни­ка­лық си­патта­ма (МЕМСТ, Тех­ни­ка­лық шар­ттар және т.б.)
1
2
3
4
1
2
Басшы________________________________ ____________
(Тегі, аты, әкесінің аты (ол болған жағдайда)) (қолы)

2 Дербес сәйкестендіру

нөмір-кодтарын
беру қағидаларына
2-қосымша
«Мұнай өнімдерінің жекелеген түрлерін өндірушілерге (импорттаушыларға), сондай-ақ акцизделетін өнімдердің кейбір түрлерін, авиациялық отын мен мазут өндірушілер мен импорттаушылардың тауарларына дербес сәйкестендіру нөмірін (ДСН-код) беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты
1
Көрсетілетін қызметті берушінің атауы
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің облыстар, Астана, Алматы және Шымкент қалалары бойынша аумақтық органдары
2
Мемлекеттік қызметтерді ұсыну тәсілдері (қол жеткізу арналары)
«Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы жүзеге асырады.
3
Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі
1 (бір) жұмыс күні ішінде
4
Мемлекеттік қызметті көрсету нысаны
Электрондық және (немесе) қағаз түрінде.
5
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі
ДСН-кодын беру немесе мемлекеттік қызмет көрсетуге дәлелді бас тарту.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық және (немесе) қағаз түрінде
6
Көрсетілген қызметті алушыдан мемлекеттік қызметтер көрсету кезінде өндіріп алынатын төлем мөлшері, және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда оны өндіріп алу тәсілдері
Мемлекеттік қызмет жеке және заңды тұлғаларға тегін негізде көрсетіледі.
7
Жұмыс кестесі
1) Көрсетілетін қызметті беруші – Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес демалыс және мереке күндерін қоспағанда, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес дүйсенбіден жұмаға дейін, сағат 13.00-ден 14.30-ға дейін түскі үзіліспен, сағат 09.00-ден 18.30-ға дейін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметті алу үшін алдын ала жазылу талап етілмейді, жеделдетілген қызмет көрсету көзделмеген;
2) Мемлекеттік корпорация – Қазақстан Республикасының Еңбек заңнамасына сәйкес жексенбі, мереке күндерін қоспағанда, дүйсенбіден сенбіге дейін, белгіленген жұмыс кестесіне сәйкес түскі үзіліссіз сағат 9.00-ден 20.00-ге дейін.
Қабылдау электрондық кезек тәртібімен көрсетілетін қызметті алушының тіркеу орны бойынша жеделдетілген қызмет көрсетусіз жүргізіледі, электрондық кезекті брондауға болады.
8
Мемлекеттік қызметтер көрсету үшін қажетті құжаттар тізбесі
Мұнай өнімін өндірушілерге, мұнай өнімдерін импорттауды жүзеге асыратын мұнай өнімдерін көтерме жеткізушілерге дербес сәйкестендіру нөмір-кодын беруге арналған өтінім
9
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту үшін негіздер
1) «Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Кодексінің (Салық кодексі) 88-бабына сәйкес, салық салу объектілерінің және (немесе) салық салуға байланысты объектілердің орналасқан жері бойынша жекелеген қызмет түрлерін жүзеге асыратын салық төлеуші ретінде тіркеу есебіне қойылмаған;
2) Мұнайөнімі түріне ДСН-кодтары болған жағдайлар бас тартуға негіз болып табылады.
10
Мемлекеттік қызметті көрсету, оның ішінде электрондық нысанда және Мемлекеттік корпорациясы арқылы көрсету ерекшеліктері ескеріле отырып қойылатын өзге де талаптар
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Қазақстан Республикасының 2009 жылғы
18 қыркүйектегі Кодексімен белгіленген өзіне өзі қызмет көрсету, өздігінен қозғалу, бағдарлау қабілетін немесе мүмкіндігін толық немесе ішінара жоғалтқан көрсетілетін қызметті алушыларға мемлекеттік қызметті көрсету үшін құжаттарды қабылдауды 1414, 8 800 080 7777 Бірыңғай байланыс орталығына жүгіну арқылы тұрғылықты жері бойынша шыға отырып, Мемлекеттік корпорацияның қызметкерлері жүргізеді (мемлекеттік қызметті мемлекеттік корпорация арқылы көрсету кезінде).

3 Дербес сәйкестендіру

нөмір-кодтарын беру
қағидаларына
3-қосымша
нысан
Бірінші фасет - мұнай өнімді өндіруші елдердің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
екінші фасет - әкімшілік-аумақтық бірліктің коды осы дербес сәйкестендіру нөмір-кодының құрылымына қосымшаға сәйкес;
үшінші фасет - мұнай өнімдері нарығы субъектісінің коды (0001-ден бастап 9999-ға дейінгі реттік нөмірлер) бензин, авиациялық және дизель отынын, мазут өндірушілерге және (немесе) импорттаушыларға беріледі;
төртінші фасет - өнімінің коды (1 - бензин, 2 - дизельдік отын, 3 - мазут, 4 - авиациялық отын) Қазақстан Республикасының аумағында өндірілетін және (немесе) Қазақстан Республикасының аумағына әкелінетін мұнай өнімдерінің жекелеген түріне беріледі;
бесінші фасет - бензин, авиациялық және дизельдік отын маркасының коды (001-ден ∞ реттік нөмірлер) стандарттау органдарында тіркелген және сериялық өндіріске және сатуға рұқсат берілген бензиннің, дизель отынының және мазуттың әрбір маркасына беріледі.

3.1 Фасеттік кодтау жүйесінің

құрылымына
қосымша
ДСН-код
Мұнай өнімді өндіруші елдердің атауы
1
Еуразиялық экономикалық одағына жатпайтын елдер
2
Беларусь Республикасы
3
Қазақстан Республикасы
4
Ресей Федерациясы
5
Қырғыз Республикасы
6
Армения Республикасы
ДСН-код
Әкімшілік-аумақтық бірліктің атауы
1
2
Ақмола облысы
001
Көкшетау қаласы
002
Ақкөл ауданы
003
Астрахан ауданы
004
Атбасар ауданы
005
Сандықтау ауданы
006
Аршалы ауданы
007
Ерейментау ауданы
008
Егіндікөл ауданы
009
Қорғалжын ауданы
010
Бұланды ауданы
011
Целиноград ауданы
012
Шортанды ауданы
013
Степногор ауданы
014
Жарқайың ауданы
015
Есіл ауданы
016
Жақсы ауданы
017
Зеренді ауданы
018
Бурабай ауданы
019
Еңбекшілдер ауданы*
020
Бурабай АЭА
Ақтөбе облысы
021
Ақтөбе қаласы*
022
Алға ауданы
023
Байғанин ауданы
024
Әйтеке би ауданы
025
Ырғыз ауданы
026
Қарғалы ауданы
027
Мәртөк ауданы
028
Мұғалжар ауданы
029
Темір ауданы
030
Ойыл ауданы
031
Қобда ауданы
032
Хромтау ауданы
033
Шалқар ауданы
Алматы облысы
034
Талдықорған қаласы
035
Балқаш ауданы
036
Жамбыл ауданы
037
Іле ауданы
038
Қарасай ауданы
039
Райымбек ауданы
040
Талғар ауданы
041
Ұйғыр ауданы
042
Еңбекшіқазақ ауданы
043
Қапшағай қаласы
044
Ақсу ауданы
045
Алакөл ауданы
046
Қаратал ауданы
047
Кербұлақ ауданы
048
Көксу ауданы
049
Панфилов ауданы
050
Сарқан ауданы
051
Ескелді ауданы
052
Текелі қаласы
Атырау облысы
053
Атырау қаласы
054
Құрманғазы ауданы
055
Индер ауданы
056
Исатай ауданы
057
Қызылқоға ауданы
058
Мақат ауданы
059
Махамбетов ауданы
060
Жылыой ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
061
Өскемен қаласы
062
Катонқарағай ауданы
063
Глубоков ауданы
064
Зайсан ауданы
065
Күршім ауданы*
066
Тарбағатай ауданы
067
Ұлан ауданы
068
Шемонаиха ауданы
069
Зырянов ауданы*
070
Риддер қаласы
071
Абай ауданы
072
Аякөз ауданы
073
Бесқарағай ауданы
074
Бородулиха ауданы
075
Жарма ауданы
076
Көкпекті ауданы
077
Курчатов қаласы
078
Үржар ауданы
079
Семей қаласы
Жамбыл облысы
080
Тараз қаласы
081
Жамбыл ауданы
082
Жуалы ауданы
083
Қордай ауданы
084
Тұрар Рысқұлов ауданы
085
Мерке ауданы
086
Мойынқұм ауданы
087
Сарысу ауданы
088
Байзақ ауданы
089
Талас ауданы
090
Шу ауданы
Батыс Қазақстан облысы
091
Орал қаласы
092
Бөрлі ауданы
093
Жәнібек ауданы
094
Жаңақала ауданы
095
Зеленов ауданы*
096
Қазталов ауданы
097
Қаратөбе ауданы
098
Сырым ауданы
099
Тасқала ауданы
100
Теректі ауданы
101
Бөкей ордасы ауданы
102
Ақжайық ауданы
103
Шыңғырлау ауданы
Қарағанды облысы
104
Қарағанды қаласы*
105
Абай ауданы
106
Қарқаралы ауданы
107
Нұра ауданы
108
Осакаров ауданы
109
Саран қаласы
110
Теміртау қаласы
111
Бұхар жырау ауданы
112
Шахтинск қаласы
113
Қарағанды қаласының Октябрь ауданы
114
Қарағанды қаласының Қазыбек би атындағы ауданы
115
Ақтоғай ауданы
116
Жаңаарқа ауданы
117
Ұлытау ауданы
118
Шет ауданы
119
Балқаш қаласы
120
Жезқазған қаласы
121
Приозерск қаласы
122
Қаражал қаласы
123
Сатпаев қаласы
Қызылорда облысы
124
Қызылорда қаласы
125
Арал ауданы
126
Қазалы ауданы
127
Қармақшы ауданы
128
Жалағаш ауданы
129
Сырдария ауданы
130
Шиелі ауданы
131
Жаңақорған ауданы
Қостанай облысы
132
Қостанай қаласы
133
Алтынсарин ауданы
134
Меңдіқара ауданы
135
Жітіқара ауданы
136
Қамысты ауданы
137
Қарасу ауданы
138
Қарабалық ауданы
139
Қостанай ауданы
140
Ұзынкөл ауданы
141
Наурызым ауданы
142
Денисов ауданы
143
Әулиекөл ауданы
144
Таран ауданы
145
Сарыкөл ауданы
146
Федоров ауданы
147
Лисаковск қаласы
148
Рудный қаласы
149
Амангелді ауданы
150
Жангелді ауданы
151
Арқалық қаласы
Маңғыстау облысы
152
Мұнайлы ауданы
153
Бейнеу ауданы
154
Қарақия ауданы
155
Маңғыстау ауданы
156
Түпқараған ауданы
157
Жаңаөзен қаласы
158
Ақтау теңіз порты
Павлодар облысы
159
Павлодар қаласы
160
Ақтоғай ауданы
161
Баянауыл ауданы
162
Железин ауданы
163
Ертіс ауданы
164
Қашыр ауданы*
165
Лебяжі ауданы*
166
Май ауданы
167
Павлодар ауданы
168
Успен ауданы
169
Шарбақты ауданы
170
Ақсу қаласы
171
Екібастұз қаласы
Солтүстік Қазақстан облысы
172
Қызылжар ауданы
173
М. Жұмабаев ауданы
174
Жамбыл ауданы
175
Есіл ауданы
176
Мамлют ауданы
177
Шал ақын ауданы
178
Аққайың ауданы
179
Тимирязев ауданы
180
Айыртау ауданы
181
Ақжар ауданы
182
Тайынша ауданы
183
Уәлиханов ауданы
184
Ғабит Мүсірепов атындағы аудан
Оңтүстік Қазақстан облысы*
185
Шымкент қаласы
186
Бәйдібек ауданы
187
Оpдабасы ауданы
188
Отыpаp ауданы
189
Қазығұpт ауданы
190
Төлеби ауданы
191
Мақтааpал ауданы
192
Сайрам ауданы
193
Саpыағаш ауданы
194
Созақ ауданы
195
Түлкібас ауданы
196
Шаpдаpа ауданы
197
Аpыс қаласы
198
Кентау қаласы
199
Түpкістан қаласы
200
Әл-Фараби ауданы
201
Абай ауданы
202
Еңбекші ауданы
Алматы қаласы
203
Алматы қаласы
204
Әуезов ауданы
205
Бостандық ауданы
206
Жетісу ауданы
207
Түрксіб ауданы
208
Алмалы ауданы
209
Медеу ауданы
210
Алатау ауданы
Астана қаласы*
211
Астана қаласы
212
Алматы ауданы
213
Сарыарқа ауданы
214
Есіл ауданы
215
«Астана - жаңа қала» АЭА
Солтүстік Қазақстан облысы
216
Петропавловск қаласы
Маңғыстау облысы
217
Ақтау қаласы
Оңтүстік Қазақстан облысы*
218
АЭА Оңтүстік
219
Қаратау ауданы
Алматы қаласы
220
Наурызбай ауданы
Түркестан облысы
221
Кентау қаласы
222
Түркестан қаласы
223
Бәйдібек ауданы
224
Ордабасы ауданы
225
Мақтаарал ауданы
226
Жетысай ауданы
227
Отырар ауданы
228
Казығұрт ауданы
229
Төлеби ауданы
230
Сайрам ауданы
231
Сарыағаш ауданы
232
Келес ауданы
233
Созақ ауданы
234
Түлкібас ауданы
235
Шардара ауданы
Шымкент қаласы
236
Шымкент қаласы*
237
Абай ауданы
238
Әл-Фараби ауданы
239
Еңбекші ауданы
240
Оңтүстік
241
Қаратау ауданы
Ақмола облысы
242
Біржан сал ауданы
Алматы облысы
243
Кеген ауданы
Павлодар облысы
244
Тереңкөл ауданы
245
Аққулы ауданы
Астана қаласы*
246
Байқоныр ауданы
Алматы қаласы
247
Ақпараттық технологиялар паркі
Нұр - Сұлтан қаласы
248
Нұр - Сұлтан қаласы
249
Алматы ауданы
250
Сарыарқа ауданы
251
Есіл ауданы
252
«Астана - жаңа қала» АЭА
253
Байқоныр ауданы
Ақтөбе облысы
254
Астана ауданы
255
Алматы ауданы
Батыс Қазақстан облысы
256
Бәйтерек ауданы
Шығыс Қазақстан облысы
257
Алтай ауданы - Алтай қаласы
Қостанай облысы
258
Тобыл қаласы
Ескертпе: * салықтық бақылау шеңберінде пайдаланады.

Қолданыстағы