Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 140 «Об утверждении Правил и формы представления сведений, необходимых для осуществления мониторинга»

Бұйрық · № 453 · қабылданған 09.04.2018
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-140/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 140 «Об утверждении Правил и формы представления сведений, необходимых для осуществления мониторинга» Қолданыста Бұйрық ·№ 453 ·09.04.2018
09.04.2018 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 09.04.2018. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 140 «Об утверждении Правил и формы представления сведений, необходимых для осуществления мониторинга»

Қолданыста Бұйрық ·№ 453 · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 140 «Об утверждении Правил и формы представления сведений, необходимых для осуществления мониторинга»
Атауы (қаз.)
«Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
453
Қабылданған күні
09.04.2018
Көрсетілген редакция
09.04.2018 122233_329787.kaz
Соңғы өзгеріс
09.04.2018
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016866
ЭКБ идентификаторы
122233
Редакция идентификаторы
122233_329787
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:55

0 «Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы

27 ақпандағы № 140 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді табыс ету қағидаларын және нысанын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 140 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10586 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы
13 мамырда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырып мынадай редакцияда жазылсын:
«Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидаларын және нысанын бекіту туралы»;
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына және «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағы 2) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
1-тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес;»;
мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысаны осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетіне (А.М. Теңгебаев) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін қағаз және электрондық түрде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкінде ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпараттық орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдануын;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
Статистика комитетінің төрағасы
_____________ Н. Айдапкелов
2018 жылғы «__» ___________

1 Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі № 453
бұйрығына 1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы «27» ақпандағы
№ 140 бұйрығына 1-қосымша
Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтерді ұсыну қағидалары

1 1. Осы Қағидалар «Темекi өнімдерінің өндiрiлуi мен айналымын мемлекеттік реттеу туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы

12 маусымдағы Заңының 5-бабы 5-1) тармақшасына, «Мемлекеттік статистика туралы» Қазақстан Республикасының 2010 жылғы 19 наурыздағы Заңының 16-бабы 3-тармағының 2) тармақшасына сәйкес әзірленді және темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын және мониторингке жататын тұлғалар үшін мәліметтерді (бұдан әрі – мәліметтер) ұсыну мерзімі және тәртібін айқындайды.

2 2. Мәліметтерді темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын тұлғалар (бұдан әрі – декларант) тиісті мемлекеттік кіріс органына тапсырады.

3 3. Мәліметтерді тапсырудың есепті кезеңі күнтізбелік ай болып табылады және мәліметтер есептiден кейiнгi айдың 15 күнiнен кешіктiрмей, ай сайын тапсырылады.

4 4. Қазақстан Республикасының Үкіметімен бекітілген ірі салық төлеушілер тізбесіне кірген салық төлеушілер, осы Қағидаларға сәйкес мәліметтерді ұсынбай Қазақстан Республикасының салықтық заңнамасына сәйкес мәліметтерді ұсынады.

5 5. Мәліметтер қағаз немесе электронды тасығышта табыс етіледі.

6 6. Мәліметтерді толтыру кезінде:

1 1) қағаз тасығышта – қара немесе көк сиялы қаламмен немесе қаламұшпен, баспа әріптермен немесе баспа құрылғысымен толтырылады. Есепті толтыру кезінде түзетуге, өшіруге және тазалауға жол берілмейді;

2 2) электронды тасығышта – электрондық цифрлық қолтаңбамен куәландырады.

7 7. Мәліметтерді соманы (мың теңге) көрсете отырып заттай көрсеткiштерде (мың дана/килограмм) толтырылады.

8 8. Көрсеткіштер болмаған кезде мәліметтердің тиісті торкөздері толтырылмайды.

2 Қазақстан Республикасы

Қаржы министрінің
2018 жылғы 9 сәірдегі № 453
бұйрығына 2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2015 жылғы «27» ақпандағы
№ 140 бұйрығына 2-қосымша
Әкімшілік деректерді жинауға
арналған нысан
Индексі: МЖүҚМ 1
Кезеңділігі: ай сайын
Ұсынатындар: Мәліметтерді темекi бұйымдарының өндiрiсін жүзеге асыратын тұлғалар
Қайда ұсынылады: тиісті мемлекеттік кірістер органына
Ұсыну мерзімі: есептіден кейінгі айдың 15 күнінен кешіктірмей
ЖСН (БСН)______________________________________________________________________________________
Салық төлеушінің атауы____________________________________________________________________________
Есепті кезең ______________________________________________________________________________________
Есепті кезеңнің басындағы қалдық
Өндіріс
Сату
Экспорт
Жал
пы
Ресей Федера циясына
Беларусь Республи
касына
Армения Республикасына
Қырғыз Республи
касына
Үшінші ел
дерге
1
2
3
4
5
6
7
8
9
Фильтрлі сигареттер (мың дана/мың теңге)
Фильтрсіз сигареттер (мың дана/мың теңге)
Папиростар (мың дана/мың теңге)
Сигаралар (мың дана/мың теңге)
Сигариллалар (мың дана/мың теңге)
Темекі (кг/мың теңге)
Кестенің жалғасы
Им­порт
Есеп­ті ке­зең­нің со­ңын­да­ғы қал­дық
Ак­ц­и­з­дер есеп­тел­ді
Ак­ц­и­з­дер тө­лен­ді
Жал­пы
Ре­сей Фе­де­ра­ци­я­сы­нан
Бе­ла­русь Рес­пуб­ли­ка­сы­нан
Ар­ме­ния Рес­пуб­ли­ка­сы­нан
Қыр­ғыз Рес­пуб­ли­ка­сы­нан
Үшін ші ел дер­ден
10
11
12
13
14
15
16
17
18
Филь­тр­лі си­га­рет­тер (мың да­на/мың тең­ге)
Филь­тр­сіз си­га­рет­тер (мың да­на/мың тең­ге)
Па­пи­ро­стар (мың да­на/мың тең­ге)
Си­га­ра­лар (мың да­на/мың тең­ге)
Си­га­рил­ла­лар (мың да­на/мың тең­ге)
Те­ме­кі (кг/мың тең­ге)
________________________/____/ мәліметтерді беру күні ______________________
Басшының (Салық төлеуші) қолы м.о. күн, ай, жыл сандармен
аты-жөні, тегі (болған кезде)
________________________________/____/ мемлекеттік кірістер органдарына
Бас бухгалтердің (Салық төлеуші) қолы мәліметтерді қабылдау күні____________________
аты-жөні, тегі (болған кезде) ш.о. күн, ай, жыл сандармен
________________________________/____/
Мәліметтерді қабылдаған тұлғаның қолы
аты-жөні, тегі (болған кезде)
Ескертпе: Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтердің нысанын толтыру бойынша түсіндірме көрсетілген нысанның қосымшасында келтірілген.

2.1 «Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер» нысанын толтыру бойынша түсіндірме

«Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер» нысанына
қосымша
«Мониторингті жүзеге асыру үшін қажетті мәліметтер»
нысанын толтыру бойынша түсіндірме

1 1. Мәліметтерді толтыру темекi бұйымдарын өндіру, сату және акциздерді төлеуі көрсетiледi.

2 2. «Декларант туралы жалпы ақпарат» бөлiмiнде декларант мынадай деректердi көрсетедi:

1 1) ЖСН (БСН) – салық төлеушінің жеке сәйкестендіру (бизнес-сәйкестендіру) нөмірі;

2 2) салық төлеушінің атауы. Құрылтай құжаттарына сәйкес декларанттың толық атауы немесе жеке кәсiпкердiң тегi, аты, әкесiнiң аты (ол болған кезде) көрсетiледi;

3 3) Декларация берiлетiн салық кезеңi. Салық кезеңi араб сандарымен көрсетiледi.

3 3. «Eceпті кезеңнің басындағы қалдық» 1-бағанда есепті кезеңнің басында декларантта бар фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің қалдығы көрсетіледі;

«Өндіріс» 2-бағанда есепті кезеңде декларант өндірген фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Өткізу» 3-бағанда есепті кезеңде декларант өткізген фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Экспорт барлығы» 4-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегінен тысқары декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Ресей Федерациясына экспорт» 5-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Ресей Федерациясына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Беларусь Республикасына экспорт» 6-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Беларусь Республикасына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Армения Республикасына экспорт» 7-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Армения Республикасына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Қырғыз Республикасына экспорт» 8-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қырғыз Республикасына декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Үшінші мемлекеттерге экспорт» 9-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде үшінші мемлекеттерге декларант экспорттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Импорт барлығы» 10-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қазақстан Республикасының кеден аумағының шегіне декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Ресей Федарациясынан импорт» 11-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Ресей Федерациясынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Беларусь Республикасынан импорт» 12-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Беларусь Республикасынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Армения Республикасынан импорт» 13-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Армения Республикасынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Қырғыз Республикасынан импорт» 14-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде Қырғыз Республикасынан декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Үшінші мемлекеттерден импорт» 15-бағанда жеткізуге жасалған келісімге (шартқа) сәйкес есепті кезеңде үшінші мемлекеттерден декларант импортттаған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің саны көрсетіледі;
«Есепті айдың соңындағы қалдық» 16-бағанда есепті кезеңнің соңында декларанта қалған фильтрлі сигареттердің, фильтрсіз сигареттердің, папиростардың, сигаралардың, сигариллалардың, темекінің қалдығы көрсетіледі;
«Акциздер есептелді» 17-бағанда есепті кезең үшін акциздерді есептеу көрсетіледі;
«Акциздер төленді» 18-бағанда есепті кезең үшін акциздерді төлеу көрсетіледі.

Қолданыстағы