О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 144 "Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форма, содержание и элементы защиты акцизных и учетно-контрольных марок"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 144 "Об утверждении Правил маркировки (перемаркировки) алкогольной продукции, за исключением виноматериала, пива и пивного напитка, учетно-контрольными марками и табачных изделий акцизными марками, а также форма, содержание и элементы защиты акцизных и учетно-контрольных марок"
- Атауы (қаз.)
- "Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін – есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін – акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 418
- Қабылданған күні
- 01.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 08.02.2018 105851_299733.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 08.02.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014180
- ЭКБ идентификаторы
- 105851
- Редакция идентификаторы
- 105851_299733
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:11
0
«Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін – есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін – акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Шарап материалын, сыраны және сыра сусынын қоспағанда, алкоголь өнімін есепке алу-бақылау таңбаларымен және темекі өнімдерін акциздік таңбалармен таңбалау (қайта таңбалау) қағидаларын, сондай-ақ акциздік және есепке алу-бақылау таңбаларының нысанын, мазмұнын және қорғау элементтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 144 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10611 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 13 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
1-тармақтың 3) тармақшасы алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитеті (Д.Е. Ерғожин):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде тіркелгеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;