О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 147 «Об утверждении Правил утверждения предельного тарифа на электрическую энергию, предельного тарифа на балансирующую электроэнергию и предельного тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 147 «Об утверждении Правил утверждения предельного тарифа на электрическую энергию, предельного тарифа на балансирующую электроэнергию и предельного тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности»
- Атауы (қаз.)
- «Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 341
- Қабылданған күні
- 18.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 18.10.2019 135399_424283.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.10.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019488
- ЭКБ идентификаторы
- 135399
- Редакция идентификаторы
- 135399_424283
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:09
0
«Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде № 10627 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығында:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Осы Қағидалардың 3-тармағына сәйкес келесі жылдарға электр энергиясына шекті тарифті және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті түзету қажет болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымдар 1 қыркүйекке дейін уәкілетті органға өткен жылғы қаржылық есептілікті растау құжаттарын қоса бере отырып, электр энергиясын өндірудің негізгі шығындарын болжамды ұлғайту туралы ақпаратты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының әлеуметтік-экономикалық дамуының ортамерзімді жоспарларында көзделген болжамдағы инфляция деңгейін ескере отырып, есептеулерді ұсынады.
Уәкілетті орган түзету енгізген электр энергиясына шекті тарифтер және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтер электр энергиясына шекті тарифтерге және теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерге түзетулер енгізілген жылдан кейінгі жылдың 1 қаңтарынан қолданысқа енгізіледі.
Ағымдағы жылы электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындар нақты
бір реттен артық емес ұлғайған кезде энергия өндіруші ұйымдар уәкілетті органға электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді енгізудің болжамды күніне дейін екі ай бұрын растайтын құжаттарды қоса бере отырып, электр энергиясын өндіруге жұмсалған шығындардың ұлғаюы туралы ақпаратты ұсынады.
Электр энергиясына өзгертілген шекті тарифтерді қолданысқа енгізу олар бекітілген айдан кейінгі айдың бірінші күнінен бастап жүзеге асырылады.
Растайтын құжаттар болмаған жағдайда, уәкілетті орган энергия өндіруші ұйымды хабардар ете отырып, электр энергиясына шекті тарифтерді, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифтерді түзетуден бас тартады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеген күннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.