О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 147 «Об утверждении Правил утверждения предельного тарифа на электрическую энергию, предельного тарифа на балансирующую электроэнергию и предельного тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 147 «Об утверждении Правил утверждения предельного тарифа на электрическую энергию, предельного тарифа на балансирующую электроэнергию и предельного тарифа на услугу по поддержанию готовности электрической мощности»
- Атауы (қаз.)
- «Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 72
- Қабылданған күні
- 02.03.2020
- Көрсетілген редакция
- 02.03.2020 140156_449547.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 02.03.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000020111
- ЭКБ идентификаторы
- 140156
- Редакция идентификаторы
- 140156_449547
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 15:50
0
«Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 147 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы»
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 147 (Нормативтiк құқықтық актiлерді мемлекеттiк тiркеу тiзiлiмiнде №10627 болып тiркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) бұйрығына мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр энергиясына шекті тарифті, теңгерімдеуші электр энергиясына шекті тарифті және электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифті бекіту қағидаларында:
5-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) энергия өндіруші ұйымдар «белгіленген қуаты» өлшемшарты бойынша мыналарға бөлінеді:
қуаты 30 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 30 МВт-тан 50 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;».
қуаты 50 МВт-тан 75 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 75 МВт-тан 100 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 100 МВт-тан 150 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 150 МВт-тан 300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 300 МВт-тан 550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 550 МВт-тан 700 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 700 МВт-тан 800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 800 МВт-тан 1050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 1050 МВт-тан 1300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 1300 МВт-тан 1550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 1550 МВт-тан 1800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 1800 МВт-тан 2050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 2050 МВт-тан 2300 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 2300 МВт-тан 2550 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 2550 МВт-тан 2800 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 2800 МВт-тан 3050 МВт-қа дейінгі энергия өндіруші ұйымдар;
қуаты 3050 МВт және одан жоғары энергия өндіруші ұйымдар;».
2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3
3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді беруді қамтамасыз етсін.