Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Правил организации и функционирования рынка электрической мощности»

Бұйрық · № 159 · қабылданған 30.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-152-ekb-155789/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Правил организации и функционирования рынка электрической мощности» Қолданыста Бұйрық ·№ 159 ·30.04.2021
30.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 30.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Правил организации и функционирования рынка электрической мощности»

Қолданыста Бұйрық ·№ 159 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 152 «Об утверждении Правил организации и функционирования рынка электрической мощности»
Атауы (қаз.)
«Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
159
Қабылданған күні
30.04.2021
Көрсетілген редакция
30.04.2021 155789_525079.kaz
Соңғы өзгеріс
30.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022734
ЭКБ идентификаторы
155789
Редакция идентификаторы
155789_525079
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:17

0 «Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Электр қуатының нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 152 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10612 болып тіркелген) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Электр қуаты нарығын ұйымдастыру және оның жұмыс істеу қағидаларында:
43-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Есепті кезеңде (күнтізбелік ай) энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерін сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет көлемі (бұдан әрі – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі) мына формула бойынша ондыққа дейінгі дәлдікпен есептеледі:
тұлғалар тобының тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кірмейтін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
ҚН = ҚШ * k1 * k2 * min (k3; k4 ) * k5 * k7*k8*k9, мұнда:
ҚН – энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7, k8, k9 – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт (шарттар) немесе электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан әр энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша Жүйелік оператор айқындайтын шексіз коэффиценттер;
min (k3; k4) – есепті кезеңнің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінің ішіндегі ең азы;
тұлғалар тобы тізіліміне енгізілген тұлғалар тобына кіретін энергия өндіруші ұйымдар үшін:
ҚН = ҚШ – (ҚШ + ҚШг) * (1 - k2 * min (k3; k4) * k5 * k6 * k7 * k8* k9), мұнда:
ҚН – энергия өндіруші ұйымның электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алудың барлық қолданыстағы шарттары жөніндегі ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтің нақты көлемі, МВт;
ҚШ – ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
КШг – электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтердің шарттық көлемі, МВт;
k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7, k8, k9 – электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алуға бірыңғай сатып алушымен шарт (шарттар) немесе электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметтер көрсетуге шарт (шарттар) жасасқан әр энергия өндіруші ұйым үшін осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес есепті кезеңнің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша Жүйелік оператор айқындайтын шексіз коэффиценттер;
min (k3; k4) – есеп айырысу кезеңнің (күнтізбелік ай) қорытындысы бойынша k3 және k4 коэффициенттерінің ішіндегі ең азы.
k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7, k8, k9 коэффициенттерінің мәнін Жүйелік оператор:
1) растайтын құжаттармен бірге осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тиісті акті түрінде тиісті есепті кезең (күнтізбелік ай) аяқталған күннен бастап он бес жұмыс күні ішінде бірыңғай сатып алушыға;
2) осы энергия өндіруші ұйымның тиісті сауалының негізінде растаушы есептермен бірге k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7, k8, k9 коэффициенттерінің оған сәйкес келетін мәндері туралы ақпарат түрінде электр қуаты әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алуға шартты (шарттарды) және электр қуатымен қамтамасыз ету бойынша қызметті көрсетуге шартты (шарттарды) бірыңғай сатып алушымен жасасқан энергия өндіруші ұйымға береді.
Қажет болған жағдайда, энергия өндіруші ұйымның электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметтерді сатып алу туралы барлық қолданыстағы шарттар жөніндегі қолдау бойынша көрсетілетін қызметтердің нақты көлемі осы Қағидалардың 62-тармағына сәйкес түзетіледі.»;
көрсетілген Қағидаларға 2-қосымшада:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«k1, k2, k3, k4, k5, k6, k7, k8, k9» коэффициенттерін анықтау»;
мынадай мазмұндағы 9-тармақпен толықтырылсын:
«9. k9 коэффициенті мынадай формула бойынша анықталады:
Тшартсыз – Жүйелік оператормен реттеу шарты болмаған айдағы күндер саны;
Tай – бір айдағы күндер саны;
Nн/к – Жүйелік оператордың бір айда реттеу(↑м↓) бойынша пайдаланылмаған өкімдерінің саны. Өкім пайдаланылмаған болып есептеледі, егер қуатты жинаудың орташа жылдамдығы Аттестаттауды өткізу қағидаларында станцияның осы түрі үшін белгіленген ең төменгі жылдамдықтан аз болса, немесе Жүйелік оператор берген реттеудің шарттық ауқымы шеңберінде генерациялау (босату) қуатының шамасына қол жеткізілмеген жағдайда;
Nжалпы – бір ай ішінде реттеу(↑м↓) бойынша Жүйелік оператор берген өкімдердің жалпы саны.
Заңы 15-8-бабының 8-тармағына сәйкес электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметті сатып алу туралы және электр қуатын реттеу бойынша қызметтерді көрсетуге арналған шарттар жөніндегі міндеттемелерді орындамағаны үшін жауаптылық, электр қуаты нарығының тетіктерін пайдалану арқылы туындайды.
Генерациялайтын қондырғыларға арналған талаптарды орындау мақсатында k9 коэффициенті генерацияның маневрлік режимі бар жаңадан пайдалануға берілетін генерациялайтын қондырғыларды салуға арналған аукциондық сауда-саттық жеңімпаздары үшін қолданылады.
көрсетілген Қағидаларға 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын:

2 2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Электр энергетикасын дамыту департаменті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;

3

3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Министрдің міндетін атқарушы

2021 жылғы 30 сәуірдегі № 159
Бұйрығына қосымша
Электр қуатының нарығын
ұйымдастыру және оның жұмыс
істеу қағидаларына
3-қосымша
Нысан

Энер­гия өн­ді­ру­ші ұй­ым­ның ата­уы
k1
k2
k3
k4
k5
k6
k7
k8
k9
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Электр қу­а­ты­ның әзір­лі­гін ұстап тұ­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді са­тып алу­ға бі­рың­ғай са­тып алушы­мен шарт (шар­ттар) жа­сас­қан энер­гия өн­ді­ру­ші ұй­ым­дар (тұ­лға­лар топ­та­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген тұ­лға­лар то­бы­на кір­мей­тін)
1.
е-ді
**
2.
е-ді
**
3.
е-ді
**
Бі­рың­ғай са­тып алушы­мен электр қу­а­ты­ның әзір­лі­гін ұстап тұ­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді са­тып алу­ға шарт (шар­ттар) жа­сас­қан, сон­дай-ақ электр қу­а­тын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша екі жақ­ты шарт (екі жақ­ты шар­ттар) жа­сас­қан (тұ­лға­лар топ­та­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген тұ­лға­лар топ­та­ры­на кі­ре­тін) энер­гия өн­ді­ру­ші ұй­ым­дар.
1.
е-ді **
2.
е-ді **
3.
е-ді **
Бі­рың­ғай са­тып алушы­мен электр қу­а­ты­ның әзір­лі­гін ұстап тұ­ру бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­тер­ді са­тып алу­ға шарт (шар­ттар) жа­сас­па­ған, бі­рақ электр қу­а­тын қам­та­ма­сыз ету бой­ын­ша екі жақ­ты шарт (екі жақ­ты шар­ттар) жа­сас­қан (тұ­лға­лар топ­та­ры­ның ті­зі­лі­міне ен­гі­зі­л­ген тұ­лға­лар то­бы­на кі­ре­тін) энер­гия өн­ді­ру­ші ұй­ым­дар.
1.
е-ді **
2.
е-ді **
3.
е-ді **
Ескертпе:
* - кесте параметрлерінің сандық мәндері жүздікке дейінгі дәлдікпен көрсетіледі;
** - «е-ді» - «есептелмейді»: тиісті ұяшықтар толтырылмайды.

Қолданыстағы