О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 июля 2015 года № 158 «Об утверждении регламентов государственных услуг в социально-трудовой сфере»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в постановление акимата Жамбылской области от 27 июля 2015 года № 158 «Об утверждении регламентов государственных услуг в социально-трудовой сфере»
- Атауы (қаз.)
- «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 128
- Қабылданған күні
- 06.06.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 07.07.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.03.2021 132643_515557.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.03.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19G0004261
- ЭКБ идентификаторы
- 132643
- Редакция идентификаторы
- 132643_515557
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 19:37
0 «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына өзгерістер мен
толықтырулар енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Әлеуметтік-еңбек саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенттерін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 158 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2735 болып тіркелген, 2015 жылдың 8 қыркүйегінде «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
10 - тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) ауылдық округ әкімі аппаратының маманы учаскелік комиссияға зертеуге және қортындыны дайындау үшін құжаттарды жолдайды – 1 (бір) жұмыс күні ішінде;»;
10 - тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) ауылдық округ әкімі аппаратының маманы келіп түскен құжаттарды және учаскелік комиссия қортындысын көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына - 2 (екі) жұмыс күні ішінде жібереді;»;
10 - тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) көрсетілетін қызметті берушінің басшысы қағаз түріндегі тағайындау (тағайындаудан бас тарту) туралы хабарламаға қол қояды және көрсетілетін қызметті берушінің жауапты орындаушысына - 2 (екі) сағаттың ішінде жібереді;»;
11 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ өзге көрсетілетін қызметті берушілердің өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 4, 5 - қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестері анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің (http://ukzsp.zhambyl.gov.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.»;
2 - қосымшасы алып тасталсын;
осы қаулыға қосымшаға сәйкес 5 - қосымшамен толықтырылсын;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Оралман мәртебесін беру немесе ұзарту» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: оралман мәртебесін беру кезінде – оралман куәлігін беру, оралман мәртебесін ұзарту жағдайда – жергілікті атқарушы органдардың шешімі.»;
4 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызмет көрсету бойынша рәсімді (іс-қимылды) бастауға негіздеме стандарттың 9, 9-1 - тармақтарында көрсетілген құжаттарды ұсыну болып табылады.»;
9 - тармақтың 1) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«1) Мемлекеттік корпорация операторы 20 (жиырма) минут ішінде көрсетілетін қызметті алушы ұсынған өтінімнің дұрыс толтырылуын және құжаттардың толықтығын тексеріп қабылдайды;
көрсетілетін қызметті алушы стандарттың 9, 9-1 - тармақтарында көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық топтамасын ұсынбаған жағдайда, Мемлекеттік корпорация операторы құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді – 15 (он бес) минуттан аспайды;»;
10 - тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Мемлекеттік қызмет көрсету процесінде рәсімдердің (іс-қимылдардың) ретін, көрсетілетін қызметті берушінің құрылымдық бөлімшелерінің (қызметкерлерінің) өзара іс-қимылдарының толық сипаттамасы, сондай-ақ Мемлекеттік корпорациямен өзара іс-қимыл тәртібінің және мемлекеттік қызмет көрсету процесінде ақпараттық жүйелерді қолдану тәртібінің сипаттамасы осы регламенттің 2, 3 - қосымшаларына сәйкес мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығында көрсетіледі.
Мемлекеттік қызмет көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы көрсетілетін қызметті берушінің (http://ukzsp.zhambyl.gov.kz) және Жамбыл облысы әкімдігінің (http://zhambyl.gov.kz) интернет-ресурсында орналастырылады.».
2 2. «Жамбыл облысы әкімдігінің жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы қаулының әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы қаулының мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін он күнтізбелік күн ішінде оны ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы қаулының Жамбыл облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4 4) осы қаулыдан туындайтын басқа да шаралардың қабылдануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің бірінші орынбасары Б.Орынбековке жүктелсін.
4 4. Осы қаулы әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күннен бастап күшіне енеді және алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
9 Ауылдық округ әкімі арқылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Жамбыл облысы әкімдігінің
2019 жылғы «06» 06.
№ 128 қаулысына қосымша
«Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 5- қосымша
Ауылдық округ әкімі арқылы «Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек тағайындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету бизнес-процестерінің анықтамалығы
Шартты белгілер: