О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 27 июля 2015 года № 160 «Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания «Лучший педагог»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 27 июля 2015 года № 160 «Об утверждении регламента государственной услуги «Прием документов для участия в конкурсе на присуждение звания «Лучший педагог»
- Атауы (қаз.)
- «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 160 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 95
- Қабылданған күні
- 24.05.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 06.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 23.02.2021 122734_512080.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.02.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18G0003860
- ЭКБ идентификаторы
- 122734
- Редакция идентификаторы
- 122734_512080
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:23
0 «Үздік педагог» атағын беру конкурсына
қатысу үшін құжаттар қабылдау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 шілдедегі № 160 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1
1. «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 шілдедегі № 160 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2734 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 қыркүйекте «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік көрсетілетін қызметтің нәтижесі «Үздік педагог» атағын беру конкурсына қатысу үшін құжаттарды қабылдау туралы еркін нысандағы қолхат, не стандарттың 10-тармағында белгіленген негіздеме бойынша мемлекеттік қызмет көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап болып табылады.»;
4-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«4. Мемлекеттік қызметті көрсету бойынша іс-қимылды бастау үшін негіздеме стандарттың 9-тармағына сәйкес құжаттарды ұсыну болып табылады.»;
5-тармақтың екінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«Бірінші кезең бөліммен жыл сайын сәуірде өткізіледі. Құжаттар сәуірде қабылданады.»;
5-тармақтың үшінші бөлігі келесі редакцияда жазылсын:
«Екінші кезең басқармамен жыл сайын мамырда өткізіледі. Құжаттар мамырда қабылданады.»;
5-тармақтың үшінші бөлігінің 5) тармақшасы келесі редакцияда жазылсын:
«5) басқарма кеңсесінің жауапты маманы ұсыным-хатты тіркейді және құжаттар топтамасын үшінші кезеңге (республикалық) қатысу үшін Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің кеңсесіне жолдайды – тамыз-қыркүйекте.».