Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-02/169 «Об утверждении Правил возмещения расходов на закладку и выращивание плантаций быстрорастущих древесных и кустарниковых пород, создание и развитие частных лесных питомников»

Бұйрық · № 272 · қабылданған 29.10.2020
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-18-02169-ekb-148079/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-02/169 «Об утверждении Правил возмещения расходов на закладку и выращивание плантаций быстрорастущих древесных и кустарниковых пород, создание и развитие частных лесных питомников» Қолданыста Бұйрық ·№ 272 ·29.10.2020
29.10.2020 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-02/169 «Об утверждении Правил возмещения расходов на закладку и выращивание плантаций быстрорастущих древесных и кустарниковых пород, создание и развитие частных лесных питомников»

Қолданыста Бұйрық ·№ 272 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-02/169 «Об утверждении Правил возмещения расходов на закладку и выращивание плантаций быстрорастущих древесных и кустарниковых пород, создание и развитие частных лесных питомников»
Атауы (қаз.)
«Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/169 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
272
Қабылданған күні
29.10.2020
Көрсетілген редакция
29.10.2020 148079_490224.kaz
Соңғы өзгеріс
29.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2000021570
ЭКБ идентификаторы
148079
Редакция идентификаторы
148079_490224
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 12:03

0 «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға

отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін
құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы
27 ақпандағы № 18-02/169 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-02/169 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11633 болып тіркелген, 2015 жылғы 3 тамызыда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) келесі өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жызылсын:

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары

Қазақстан Республикасының
Экология, геология және табиғи
ресурстар министрінің
2020 жылғы 29 қазаны
№ 272
Бұйрыққа қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-02/169 бұйрығымен
бекітілген
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 8 шілдедегі Орман кодексінің (бұдан әрі – Орман кодексі) 13-бабының 18-35) тармақшасына сәйкес әзірленді және тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу тәртібін айқындайды.

2 2. Осы Қағидаларда мынадай ұғымдар мен анықтамалар пайдаланылады:

1 1) әкімші – Орман шаруашылығы саласындағы уәкілетті органның ведомствосы;

2

2) жекеше орман питомниктерін құру және дамыту – орман питомниктерін құру немесе қайта жаңарту жөніндегі жұмыстарды жүргізудің бүкіл циклы, ол 5-10 жылға созылып, жобалау-іздестіру және құрылыс-монтаж жұмыстарын, көгалдандыру, ормандарды молықтыру және орман өсіру үшін ағаш пен бұта тұқымдыларын өсіруді қамтиды;

3

3) қатысушы – ағаш пен бұта тұқымдыларының отырғызу материалы мен арнайы мақсаттағы плантациялық екпелер өсіру үшін мемлекеттік орман қоры учаскелерін пайдалануға жасалған ұзақ мерзімді орман пайдалану шарты бар орман пайдаланушы және (немесе) жекеше орман иеленуші болып табылатын жеке және мемлекеттік емес заңды тұлға;

4 4) негізгі жоба – бюджеттік жоспарлау мақсатында осы салада маманданған жобалау-іздестіру ұйымы әзірлеген тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызу және оларды өсіру немесе жекеше орман питомниктерін құру және дамыту жобасы (жобалау-іздестіру жұмыстарын қоса алғанда);

5 5) тез өсетін ағаш пен бұта тұқымдыларының плантацияларын отырғызу мен өсіру – жобалау-іздестіру жұмыстарынан бастап сүрек дайындауға дейін ағаш пен бұта өсімдіктерінің сүрегін өндірудің бүкіл циклы, ұзақтығы 10-15 жыл.

3

3. «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызмет (бұдан әрі – мемлекеттік қызмет) Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетімен (бұдан әрі – қызметті беруші) жеке және заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) көрсетіледі.

2 2-тарау. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу тәртібі

4

4. Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызу және оларды өсіру, жекеше орман питомниктерін құру және дамыту жөніндегі шығыстарды өтеуге бюджетте көзделген қаражат негізінде әкімші негізгі жобада қаралған жұмыстардың құнынан 50 % дейін қатысушының шығыстарын өтеуді жүзеге асырады.
Бұл ретте тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу үшін бюджетте көзделген қаражат қатысушылар арасында барабар бөлінеді.

5

5. Мемлекеттік қызметті алу үшін көрсетілетін қызметті алушы ағымдағы жылғы 20 қарашадан кешіктірмей www.egov.kz «электрондық үкіметтің» веб-порталы (бұдан әрі – портал) арқылы немесе «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы (бұдан әрі – Мемлекеттік корпорация) арқылы төмендегі құжаттарды береді:
порталға жүгінген кезде:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуге арналған электрондық өтініш;

2 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісінің электрондық көшірмесі;

Мемлекеттік корпорацияға жүгінген кезде:

1 1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеуге арналған өтініш;

2 2) осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша орындалған жұмыстарды қабылдау актісі.

Мемлекеттік қызмет көрсету процесінің сипаттамасын, нысанын, мазмұны мен нәтижесін, сондай-ақ мемлекеттік қызмет көрсету ерекшеліктерін ескере отырып, өзге де мәліметтерді қамтитын мемлекеттік қызмет көрсетуге қойылатын негізгі талаптардың тізбесі осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша Мемлекеттік қызмет стандартында баяндалған.»;

6

6. Жеке басын куәландыратын құжаттар туралы, заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы, дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу туралы не дара кәсіпкер ретінде қызметінің басталғаны туралы мәліметтерді Мемлекеттік корпорация қызметкері немесе көрсетілетін қызметті беруші «электрондық үкімет» шлюзі арқылы тиісті мемлекеттік жүйелерден алады.

7 7. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды портал арқылы тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға «жеке кабинетке» мемлекеттік қызметті көрсетуге арналған сұранымның қабылданғаны туралы мәртебе жіберіледі.

8 8. Көрсетілетін қызметті алушы барлық қажетті құжаттарды Мемлекеттік корпорация арқылы тапсырған кезде, көрсетілетін қызметті алушыға тиісті құжаттардың қабылдағаны туралы қолхат беріледі.

Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері құжаттарды қабылдаған кезде, егер Қазақстан Республикасының заңдарында өзгеше көзделмесе, мемлекеттік қызметті көрсету кезінде ақпараттық жүйелерде қамтылатын заңмен қорғалатын құпияны құрайтын мәліметтерді пайдалануға көрсетілетін қызметті алушының жазбаша келісімін алады.

9

9. Көрсетілетін қызметті алушы осы Қағидалардың 5-тармағымен көзделген құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған кезде Мемлекеттік корпорацияның жұмыскері өтінішті қабылдаудан бас тартады және осы Қағидаларға 4-қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінішті қабылдаудан бас тарту туралы қолхат береді.

10 10. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар келіп түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді және көрсетілетін қызметті берушіге беруді жүзеге асырады.

Көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының еңбек заңнамасына және «Қазақстан Республикасындағы мерекелер туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 13 желтоқсандағы Заңының 5-бабына сәйкес жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін немесе демалыс және мереке күндері жүгінген кезде өтінішті қабылдау және Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижесін беру келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.

11 11. Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты құрылымдық бөлімшесі құжаттарды алған сәттен бастап ұсынылған құжаттарды тексереді.

Құжаттар пакеті толық болған кезде көрсетілетін қызметті беруші құжаттар түскен күннен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде жекеше орман өсіруді мемлекеттік қолдау шеңберінде республикалық бағдарламаны іске асыру бойынша іріктеуге жіберу туралы хабарламаны немесе мемлекеттік қызметті беруден дәлелді бас тартуды көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамның ЭЦҚ қолы қойылған электрондық құжат нысанында көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» немесе Мемлекеттік корпорация арқылы қағаз нысанында жібереді.

12 12. Қызмет көрсетуші Мемлекеттік корпорация арқылы көрсетілген мемлекеттік қызмет нәтижесін осы Қағидаларда белгіленген мемлекеттік қызмет көрсету мерзімі аяқталғанға дейін бір тәуліктен кешіктірмей Мемлекеттік корпорацияға жеткізуді қамтамасыз етеді.

13 13. Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерін Мемлекеттік корпорация арқылы беру мемлекеттік қызметті алушы жеке басын куәландыратын құжатты (немесе сенімхат негізінде оның өкілі) көрсету арқылы жүзеге асырылады.

Порталда мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетінде» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында жолданады және сақталады.
Өтініш берушінің (өкілдің) өтінішінің болмауына байланысты мерзімінде берілмеген құжаттар бір ай ішінде мемлекеттік корпорацияда сақталады, осы мерзім өткеннен кейін талап етілмеген ретінде көрсетілетін қызметті берушіге қайтарылады.
Көрсетілетін қызметті алушы бір ай өткеннен кейін жүгінген кезде Мемлекеттік корпорацияның сұрау салуы бойынша көрсетілетін қызметті беруші бір жұмыс күні ішінде дайын құжаттарды көрсетілетін қызметті алушыға беру үшін Мемлекеттік корпорацияға жолдайды.

14

14. Қазақстан Республикасы заңына 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» (бұдан әрі – Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы заң) сәйкес қызмет көрсетуші ақпараттандыру саласындағы уәкілетті орган белгілеген тәртіппен мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсету сатысы туралы деректерді мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне енгізуді қамтамасыз етеді.
Рұқсаттар мен хабарламалардың мемлекеттік ақпараттық жүйесі арқылы мемлекеттік қызметті көрсету кезінде мемлекеттік қызметті көрсету сатысы туралы деректер Мемлекеттік қызметтерді көрсету мониторингінің ақпараттық жүйесіне автоматты режимде түседі.

15

15. Қатысушы орындаған жұмыстарды қабылдау үшін әкімші ағымдағы жылғы 1 қарашадан кешіктірмей әкімшінің аумақтық бөлімшелерінің және жергілікті орындаушы органдардың қызметкерлер қатарынан үш адамнан кем емес орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссия құрады (бұдан әрі – қабылдау бойынша комиссия).
Орындаған жұмыстарды қабылдау ағымдағы жылғы 1 қазаннан 10 қарашаға дейін қабылдау бойынша комиссия қатысушының жазбаша өтінішінің негізінде жүзеге асырады, өтініш ағымдағы жылғы 10 қыркүйектен кешіктірмей әкімшіге беріледі.

16 16. Әкімші орындалған жұмыстар актілерінің негізінде қатысушыларға шығыстарды өтеу үшін ағымдағы жылдың желтоқсан айында аумақтық қазынашылық бөлімшесіне төлем жасау шоттарының тізілімін және екі данада төлем жасау шоттарын береді.

3 3 тарау. Мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының, Мемлекеттік корпорацияның және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану тәртібі

17

17. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға берілуі мүмкін.
Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы Қазақстан Республикасы Заңының 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның мекенжайына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралады.
Мемлекеттік корпорация арқылы қызмет көрсету кезінде Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым Мемлекеттік корпорация басшысының атына не ақпараттандыру саласындағы уәкілетті органға беріледі.
Мемлекеттік қызмет көрсету нәтижелерімен келіспеген жағдайда көрсетілетін қызметті алушы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен сотқа жүгінеді.»;

1.1 Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылар плантацияларын отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеуге өтініш

Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидасына
1-қосымша
Нысан
Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылар плантацияларын отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығындарды өтеуге өтініш
Осымен қатысушы _______________________________________________
(қатысушының атауы, ЖСН/БСН)
әкімшіге ____________________________________________________________
(әкімшінің атауы)
20___жылғы ___________________ _______________ дейінгі
кезең үшін қосылған күн салығын қоса алғанда, бойынша
______________________ теңге мөлшеріндегі жалпы жұмсалған шығындар
сомасына тез өсетін ағаш және (немесе) бұта тұқымдылар плантацияларын
отырғызу және (немесе) оларды өсіру, жекеше орман
питомниктерін құру және (немесе) дамыту бойынша (керегінің асты
сызылсын) орындалған жұмыстарды қабылдау актілерін ұсынады.
Қатысушының шоты _________________________ шот № _____________.
(қаржы ұйымының атауы)
____________________________________________________________________
(жеке тұлғаның (заңды тұлға үшін бірінші басшының) не өкілеттілігін растайтын
құжат бойынша оның өкілінің тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда)
қолы ______________
20 __ жылғы «___» ____________

1.2 Орындалған жұмыстарды қабылдау актісі

Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидасына
2-қосымша
Нысан
Орындалған жұмыстарды қабылдау актісі
20__ жылғы үшін _____________________________________________________
(қатысушының атауы)
____________________________________________________________бойынша
(тез өсетін ағаш және бұта тұқымдылар плантацияларын отырғызу және оларды
өсіру, жекеше орман питомниктерін құру және дамыту (керегінің асты сызылсын)
Р/с №
Жұ­мыстар және (неме­се) ма­те­ри­ал­дар са­тып алу­ға жұм­сал­ған шы­ғы­стар ата­уы
Өл­шем бір­лі­гі
Са­ны
Жал­пы құ­ны, тең­ге
Бар­лы­ғы
Оның ішін­де
Негіз­гі жа­ла­қы
Бас­қа шы­ғы­стар
Жиы­ны
оның ішін­де ҚҚС
Шығыстар сомасы _____________________________________ теңгені құрады.
(сандармен, жазбаша)
____________________________________________________________________
(қатысушы атауы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болған жағдайда), қолы)
20 __ жылғы «___» ______________
Орындалған жұмыстарды қабылдау бойынша комиссияның кұрамы
____________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (оның бар болған жағдайда), қолы)
кестеде көрсетілген жұмыстардың жүргізілгенін растайды.

1.3 Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидасына

3-қосымша
«Тез өсе­тін ағаш және бұ­та тұқым­ды­лар­ды план­та­ци­я­лар­ға отыр­ғызуға және олар­ды өсі­ру­ге, же­ке­ше ор­ман пи­том­ник­те­рін құ­ру­ға және да­мы­ту­ға жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­ды өтеу» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі­нің Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті (бұ­дан әрі – қыз­мет­ті бе­ру­ші)
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
1) «Аза­мат­тар­ға ар­нал­ған үкі­мет» мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы (бұ­дан әрі – Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция);
2) «элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – пор­тал) ар­қы­лы жү­зе­ге асы­ры­ла­ды.
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
1) құ­жат­тар топ­та­ма­сын Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға тап­сыр­ған сәт­тен ба­стап, сон­дай-ақ пор­тал­ға жү­гін­ген кез­де – 1 (бір) жұ­мыс күн;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы құ­жат­тар топ­та­ма­сын тап­сы­ру үшін ба­рын­ша жол бе­рі­л­ген кү­ту уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут;
3) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы ба­рын­ша жол бе­рі­л­ген қыз­мет көр­се­ту уа­қы­ты – 30 (отыз) ми­нут.
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (іші­на­ра ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған) және (неме­се) қа­ғаз тү­рін­де.
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің уәкі­лет­ті адам­ның ЭЦҚ қо­лы қой­ы­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның «же­ке ка­би­не­тіне» неме­се Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы қа­ғаз ны­са­нын­да жі­бе­рі­ле­тін же­ке­ше ор­ман өсі­ру­ді мем­ле­кет­тік қол­дау шең­бе­рін­де рес­пуб­ли­ка­лық бағ­дар­ла­ма­ны іс­ке асы­ру бой­ын­ша ірік­те­у­ге жі­бе­ру ту­ра­лы ха­бар­ла­ма.
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі­нің ны­са­ны: элек­трон­дық/қа­ғаз тү­рін­де бе­рі­ле­ді
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
Мем­ле­кет­тік қыз­мет те­гін көр­се­ті­ле­ді.
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» 2001 жы­л­ғы 13 жел­тоқ­сан­да­ғы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы За­ңы­ның (бұ­дан әрі – Заң) 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рін қо­с­па­ған­да, дүй­сен­бі – жұ­ма ара­лы­ғын­да, са­ғат 13.00-ден 14:30-ға дей­ін­гі түс­кі үзіл­іспен, са­ғат 9.00-ден 18:30-ға дей­ін;
2) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­сы – Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және Заң­ның 5-ба­бы­на сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі­ден ба­стап сен­бі­ні қо­са ал­ған­да, бел­гі­лен­ген жұ­мыс кесте­сіне сәй­кес түс­кі үзі­ліс­сіз са­ғат 09.00-дан 20.00-ға дей­ін;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның таң­да­уы бой­ын­ша ал­дын ала жа­зы­лу­сыз және же­дел­де­тіп қыз­мет көр­се­ту­сіз, «элек­трон­дық» ке­зек тәр­ті­бі­мен көр­се­ті­ле­ді, пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ке­зек­ті брон­да­у­ға бо­ла­ды;
3) пор­тал­дың – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның ең­бек заң­на­ма­сы­на және За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген кез­де өті­ніш­ті қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­нін­де жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры:
1) Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның ин­тер­нет-ре­сур­сын­да – www.​gov4c.​kz;
2) пор­тал­да.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет­ті құ­жат­тар тіз­бе­сі
пор­тал­ға:
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тез өсе­тін ағаш және бұ­та тұқым­ды­лар­ды план­та­ци­я­лар­ға отыр­ғызуға және олар­ды өсі­ру­ге, же­ке­ше ор­ман пи­том­ник­те­рін құ­ру­ға және да­мы­ту­ға жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­ды өте­у­ге ар­нал­ған элек­трон­дық өті­ніш;
2) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша орын­дал­ған жұ­мыстар­ды қа­был­дау ак­ті­сі­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі;
Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ға:
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша тез өсе­тін ағаш және бұ­та тұқым­ды­лар­ды план­та­ци­я­лар­ға отыр­ғызуға және олар­ды өсі­ру­ге, же­ке­ше ор­ман пи­том­ник­те­рін құ­ру­ға және да­мы­ту­ға жұм­са­ла­тын шы­ғы­стар­ды өте­у­ге ар­нал­ған өті­ніш;
2) осы Қа­ғи­да­лар­ға 2-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша орын­дал­ған жұ­мыстар­ды қа­был­дау ак­ті­сі.
9
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да бел­гі­лен­ген мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер­дің (мә­лі­мет­тер­дің) дәй­ек­сіз­ді­гі анық­тал­ған;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет­ті ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің ор­ман заң­на­ма­сы мен осы қа­ғи­да­лар та­лап­та­ры­на сәй­кес кел­ме­уі.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті, оның ішін­де элек­трон­дық ны­сан­да және Мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ция ар­қы­лы көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­ле оты­рып қой­ы­ла­тын өзге де та­лап­тар
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда құ­жат­тар­ды тап­сы­руы үшін кү­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты - 15 (он бес) ми­нут;
2) мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­яда көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ға қыз­мет көр­се­ту­дің рұқ­сат еті­л­ген ең ұзақ уа­қы­ты – 15 (он бес) ми­нут.
Заң­на­ма­да бел­гі­лен­ген тәр­тіп­пен өзіне-өзі қыз­мет көр­се­ту­ді, өз бе­тін­ше жү­ріп-тұ­ру­ды, бағ­дар­ла­уды жү­зе­ге асы­ру қа­бі­ле­тін неме­се мүм­кін­ді­гін то­лық неме­се іші­на­ра жо­ғал­тқан көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­лар­ға мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін құ­жат­тар­ды қа­был­да­уды Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы­на 1414, 8 800 080 777 жү­гі­ну ар­қы­лы мем­ле­кет­тік кор­по­ра­ци­я­ның қыз­мет­ке­рі тұр­ғы­лық­ты же­ріне ба­рып жүр­гі­зе­ді.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ЭЦҚ болған жағ­дай­да мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды.
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де пор­тал­дың «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

1.4 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу қағидасына
4-қосымша
Нысан
_____________________________________
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
Заңның 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы филиалының №_____ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің Қағидаларда көзделген тізбеге сәйкес құжаттардың толық емес топтамасын және (немесе) қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынуыңызға байланысты «Тез өсетін ағаш және бұта тұқымдыларды плантацияларға отырғызуға және оларды өсіруге, жекеше орман питомниктерін құруға және дамытуға жұмсалатын шығыстарды өтеу» мемлекеттік көрсетілетін қызметін көрсетуге арналған құжаттарыңызды қабылдаудан бас тартады, атап айтқанда:
жоқ құжаттардың және қолданыс мерзімі өтіп кеткен құжаттар атауы:

1 1) _________________________________________;

2 2) _________________________________________.

Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 (екі) данада жасалды.
Мөр орны
__________________________________________________________________
(Мемлекеттік корпорация жұмыскерінің аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)
Телефоны _________________________________
Алдым: _____________________________________________________________
(қатысушының атауы, аты, әкесінің аты (бар болса), тегі)

Қолданыстағы