Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/145 «Об утверждении типовой формы путевки, а также Правил ее выдачи»

Бұйрық · № 6 · қабылданған 15.01.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-18-03145-ekb-192666/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/145 «Об утверждении типовой формы путевки, а также Правил ее выдачи» Қолданыста Бұйрық ·№ 6 ·15.01.2024
15.01.2024 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 15.01.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/145 «Об утверждении типовой формы путевки, а также Правил ее выдачи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 6 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/145 «Об утверждении типовой формы путевки, а также Правил ее выдачи»
Атауы (қаз.)
«Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
6
Қабылданған күні
15.01.2024
Көрсетілген редакция
15.01.2024 192666_681209.kaz
Соңғы өзгеріс
15.01.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400033913
ЭКБ идентификаторы
192666
Редакция идентификаторы
192666_681209
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 13:30

0 «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМАЫН:

1

1. «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген жолдаманың Үлгілік нысанында:
1-қосымша осы бұйрықтың 1-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
1-1-қосымша осы бұйрықтың 2-қосымшасына сәйкес толықтырылсын.
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жолдамаларды беру қағидаларында:
бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрықтың 3-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
қағидаларға қосымша осы бұйрықтың 4-қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
2-қосымша осы бұйрықтың 5-қосымшасына сәйкес толықтырылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Репсубликасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

1 Қазақстан Республикасы

Экология және табиғи
ресурстар министрі
2024 жылғы 15 қаңтардағы
№ 6 Бұйрыққа
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/145 бұйрығына
1-қосымша
Үлгілік нысан
(типовая форма)
Аңшылық шаруашылығы субъектісіне бекітілген аумақта ғана жарамды (действительно только на территории, закрепленной за субъектом охотничьего хозяйства)
________________________________________________________________
(аңшылық шаруашылығы субъектісінің атауы,
наименование субъекта охотничьего хозяйства)
ЖОЛДАМА № ___________________________________
ПУТЕВКА (тіркеу нөмірі,регистрационный номер)
Бір жолғы, маусымдық (разовая, сезонная) ___________________________
Жолдама құны (стоимость путевки) __________________________ теңге
Аңшының (тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(фамилия, имя, отчество (при его наличии) охотника) __________________
Аңшының куәлігі № (№ удостоверения охотника) ______________________
Берілген күні (дата выдачи) _______________________________
Аң аулау учаскесі нақты белгіленген аңшылық шаруашылығының атауы
(наименование охотничьего хозяйства, с указанием конкретного участка для охоты) ________
Қорықшыға жіберіледі (направляется к егерю) ________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Қолданылу мерзімі (срок действия) 20_ жылғы «__» ______ ден 20__ жылғы «__» дейін
Аңшылық шаруашылығының жолдама берген жауапты адамы (ответственное лицо охотничьего хозяйства выдавшее путевку) ______________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
Аңшылық шаруашылығының ішкі күн тәртібінің қағидаларімен таныстым (с правилами внутреннего распорядка охотничьего хозяйства ознакомлен) _________
__________________________________________________________________
(аңшының қолы, подпись охотника*)
Мөрдің (бар болса) орны
Жолдама берілген күн 20___ жылғы «__» __________
Место печати (при наличии)
(Дата выдачи путевки «_____» _______ 20__ год)
Тұяқты жануарлардың түрі мен саны туралы белгі соғу (отметка о виде и количестве копытных животных)
Нақты ауланғаны (фактически добыто)
Күні (дата)
Қорықшының немесе аңшының қолы (подпись егеря или охотника)
Құстың түрі (вид дичи)
Саны (количество)
Ескерту (примечание):

1 1. Жануарларды нақты аулау туралы белгі соғуды қорықшы немесе ол жоқ кезде – аңшының немесе тұлғаның өзі жүргізеді (отметка о фактической добыче животных производится егерем или при его отсутствии – самим охотником или физическим лицом);

2 2. Жолдаманы басқа адамға беруге шығарылмайды (передача путевки другому лицу не производится).

2 Бұйрыққа 2-қосымша

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрі
міндетін атқарушының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/145 бұйрығына
2-қосымша
Балық шаруашылығы субъектісіне бекітілген балық шаруашылығы су айдынында және (немесе) учаскесінде ғана жарамды (действительно только на рыбохозяйственном водоеме и (или) участке, закрепленном за субъектом рыбного хозяйства) ______________________________________________________________
(балық шаруашылығы субъектісінің атауы,
наименование субъекта рыбного хозяйства)
ЖОЛДАМА № ___________________________________
ПУТЕВКА (тіркеу нөмірі,регистрационный номер)
Бір жолғы, маусымдық (разовая, сезонная) ___________________________
Жолдама құны (стоимость путевки) __________________________ теңге
Балықшының (рыболова)___________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Балық шаруашылығы субъектісінің атауы (наименование субъекта рыбного хозяйства, с указанием водоема и (или) участка для рыболовства)_______________
__________________________________________________________________
Қорықшыға жіберіледі (направляется к егерю) __________________________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
(фамилия, имя, отчество (при его наличии))
Балықтың және басқа да су жануарларының түрі, киллограмм (вид рыб и других водных животных разрешенных к изъятию, килограмм) _______________
_________________________________________________________________
Қолданылу мерзімі (срок действия) 20_ жылғы «__» ______ ден 20__ жылғы «__» дейін
Жолдама берген балық шаруашылығы субъектісінің жауапты адамы (ответственное лицо субъекта рыбного хозяйства, выдавшее путевку) ___________
__________________________________________________________________
(тегі, аты, әкесінің аты (бар болса), қолы)
(фамилия, имя, отчество (при его наличии), подпись)
Мөрдің (бар болса) орны немесе электрондық жүйе арқылы жолдама берілген жағдайда қорықшылар мен инспекторлардың жолдама деректерін сәйкестендіруге мүмкіндік беретін QR-код
Жолдама берілген күн 20___ жылғы «__» __________
Место печати (при наличии) или QR-код, позволяющий идентифицировать данные путевки егерями и инспекторами в случае выдачи путевки через электронную систему
(Дата выдачи путевки «_____» _______ 20__ год)

Нақты ауланғаны
(фактически выловлено)
Күнi
(дата)
Қорықшының немесе жолдама рәсімдеген тұлғаның қолы (подпись егеря или лица, на которого оформлена путевка
Аулаған балықтың, басқа су жануарларының түрлерi (выловленные виды рыб, других водных животных)
Саны, килограмм (количество, килограмм)
Ескерту (примечание):
Электрондық нысанда жолдама берілген жағдайда қорықшының немесе жолдама ресімделген адамның қолы талап етілмейді (в случае выдачи путевки в электронной форме подпись егеря или лица, на которого оформлена путевка не требуется).
Жолдаманы басқа тұлғаға беру жүргізілмейді (передача путевки другому лицу не производится).

3 Бұйрыққа 3-қосымша

Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрдің
міндетін атқарушы
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/145 бұйрығына
2-қосымша

1 1-тарау. Жалпы ережелер

1

1. Осы Жолдама беру қағидасы (бұдан әрi – Қағида) «Жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабы 1 тармағы 14) тармақшасына (бұдан әрі – Заң) сәйкес әзiрлендi және аңшылық пен балық шаруашылығы субъектiлерiнің жолдама беру тәртiбiн анықтайды.

2 2. Осы Қағидада мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады:

1 1) электрондық жүйенің әкімшісі – электрондық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел ден қоюды жүзеге асыратын және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ететін тұлға;

2 2) электрондық жүйе – жолдамаларды электрондық нысанда беруді қамтамасыз ететін жүйе.

3 3. Электрондық жүйенің әкімшісі электрондық жүйенің жұмыс істеуі мәселелері бойынша пайдаланушылардың өтінімдеріне жедел ден қоюды жүзеге асырады және жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз етеді.

4 4. электрондық жүйе мереке және демалыс күндерін қоса алғанда, қазақ және орыс тілдерінде, тәулік бойы үздіксіз жұмыс істейді.

5 5. Электрондық жүйенің жұмыс қабілеттілігін қамтамасыз ету мақсатында электрондық жүйенің әкімшісі:

1 1) берілген жолдамалар бойынша автоматтандырылған есепке алуды, жүйе істен шыққан немесе бүлінген жағдайда ақпараттың сақталуын, қорғалуын, қалпына келтірілуін;

2 2) балық шаруашылығы субъектісінің дербес деректерін жинау және өңдеу, сондай-ақ оларға «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 10-бабына сәйкес қол жетімділігін;

3 3) мемлекеттік органдардың ақпараттық жүйелерімен және ақпараттандырудың өзге де объектілерімен өзара іс-қимыл жасауын;

4 4) осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша, сұрау келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күн ішінде жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті органның сұрауы бойынша, берілген жолдамалар жөнінде есеп ұсынуды;

5 5) «Дербес деректер және оларды қорғау туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 10-бабына сәйкес жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті тұлғаларға электрондық жүйеге қол жеткізіп беруді қамтамасыз етеді.

2 2-тарау. Жолдама беру тәртібі

6 6. Жолдама аңшылық шаруашылығы субъектісінің жеке тұлғаларына олардың өтініші бойынша (ауызша немесе жазбаша) жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде жануарлар дүниесі объектілерін аулау мақсатында бекітілген аңшылық алқаптарға бару үшін беріледі.

Жолдама балық шаруашылығы субъектісінің жануарлар дүниесін пайдалануға рұқсаты болған кезде қағаз немесе электрондық нысанда жеке тұлғаларға олардың өтініші бойынша ауызша, сондай-ақ бекітілген балық шаруашылығы су айдындарына және (немесе) учаскелеріне балық ресурстарын және басқа да су жануарларын алып қою мақсатында бару үшін қағаз немесе электрондық нысанда беріледі.
Жеке тұлға электрондық форматта жолдама алуға өтініш білдірген жағдайда ол бұйрықтың 1-1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде қалыптастырылады және оның жеке кабинетіне жіберіледі.

7 7. Жолдаманың қолданылу мерзімін аңшылық шаруашылығы субъектiсi Заңның 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес бекітілетін аң аулау қағидалары мен аңшылық шаруашылығының ішкі регламенті бойынша белгілейді.

8 8. Аң аулауға және балық аулауға жолдама беруден:

1 1) аңшылық немесе балық шаруашылығы субъектілерінің Заңның 9-бабы 1-тармағының 56) тармақшасына сәйкес бекітілетін жануарлар дүниесі объектілерін алып қою квоталарын бөлу қағидаларына сәйкес жануарлар дүниесі объектілерін алып қоюға квотаның болмауы немесе толық игерілуі;

2 2) Заңның 38-бабы 5-тармағының 1) тармақшасына сәйкес аңшы (аң аулау үшін) куәлігінің болмауы;

3

3) Заңның 9-бабы 1-тармағының 62) тармақшасына сәйкес қабылданатын жануарлар дүниесі объектілерін, олардың бөліктері мен дериваттарын тиісті ғылыми ұйымдар берген, мемлекеттік экологиялық сараптамаға жататын биологиялық негіздеме негізінде оларды пайдаланудың орындары мен мерзімдерін пайдалануға шектеу мен тыйым салынғанда;

4

4) Заңның 9-бабы 1-тармағының 36) тармақшасына сәйкес бекітілетін Қазақстан Республикасының аумағында шаруашылықішілік аңшылықты ұйымдастыру жөніндегі қағидалар бойынша аңшылық алқаптардың өткізу қабілетімен айқындалған аңшылық алқаптарда бір мезгілде аңшылардың барынша шекті саны болған жағдайда бас тартылады.

9

9. Аңшылық және балық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды қағаз жеткізгіште берген жағдайда оларды осы Қағидалардың 1-қосымшасына сәйкес нысан бойынша журналға тіркейді. Журнал нөмірленеді, тігіледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкілетті орган ведомствосының аумақтық бөлімшесінің мөрімен куәландырылады.
Балық шаруашылығы субъектілері жолдамаларды электрондық форматта берген жағдайда олар осы Қағидалардың 2-қосымшасына сәйкес нысан бойынша автоматты түрде тіркеледі және жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы инспектордың жеке кабинетіне жіберіледі.

4 Бұйрыққа 4-қосымша

Жолдама беру
ережесіне 1-қосымша
Нысан

Аңшының, балықшының тегі, аты және әкесінің аты (бар болса)
Аңшының, балықшының мекен–жайы
Жолдаманың нөмiрi
Құстың, жануарлардың, балықтың және басқа да су жануарларының түрлерi
Аң аулау, балық аулау мерзiмдерi
Жолдаманы алғаны туралы қолы

5 Бұйрыққа

5-қосымша
Жолдама
беру ережесіне 2-қосымша
Нысан

Жол­да­ма тү­рі (бір рет­тік, мау­сым­дық)
Жол­да­ма­ның нө­мі­рі
Бе­рі­л­ген кү­ні
Ба­лық­тар­дың тү­рі
Сал­ма­ғы (ки­ло­грамм)
Ба­лық аулау мерзiм­дерi
Ба­лық аулау құ­ра­лы­ның тү­рі
Те­гі, аты, әке­сі­нің аты (бар бол­са) же­ке сәй­кестен­ді­ру нө­ме­рі
Тұр­ғы­лық­ты же­рі­нің ме­кен­жайы

Қолданыстағы