Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/145 «Об утверждении типовой формы путевки, а также Правил ее выдачи»

Бұйрық · № 168 · қабылданған 22.07.2024
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-18-03145-ekb-198996/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/145 «Об утверждении типовой формы путевки, а также Правил ее выдачи» Қолданыста Бұйрық ·№ 168 ·22.07.2024
22.07.2024 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 22.07.2024. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/145 «Об утверждении типовой формы путевки, а также Правил ее выдачи»

Қолданыста Бұйрық ·№ 168 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/145 «Об утверждении типовой формы путевки, а также Правил ее выдачи»
Атауы (қаз.)
«Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
168
Қабылданған күні
22.07.2024
Көрсетілген редакция
22.07.2024 198996_711586.kaz
Соңғы өзгеріс
22.07.2024
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2400034789
ЭКБ идентификаторы
198996
Редакция идентификаторы
198996_711586
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 10:27

0 «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:
1. «Жолдаманың үлгілік нысанын, сондай-ақ оны беру қағидасын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/145 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10702 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 9-бабының 1-тармағының 14) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»
Жолдамаларды беру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Жолдаманың қолданылу мерзімін аңшылық шаруашылығы субъектiсi Заңның 9-бабы 1-тармағының 57) тармақшасына сәйкес бекітілетін аң аулау қағидалары бойынша белгілейді.
Киікке әуесқойлық (спорттық) аң аулауға берілген жолдаманың қолданылу мерзімі күнтізбелік 3 (үш) күнді құрайды.»;
8-тармақтың 4) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«4) аңшылық алқаптарда бір мезгілде аңшылық шаруашылығының ішкі регламентіне сәйкес аңшылық алқаптардың өткізу қабілетімен айқындалған аңшылардың барынша шекті мөлшері болған жағдайларда бас тартылады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қолданыстағы