О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/146 «Об утверждении Положения о государственной охране животного мира»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/146 «Об утверждении Положения о государственной охране животного мира»
- Атауы (қаз.)
- «Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/146 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22
- Қабылданған күні
- 22.01.2020
- Көрсетілген редакция
- 22.01.2020 139135_441675.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 22.01.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000019937
- ЭКБ идентификаторы
- 139135
- Редакция идентификаторы
- 139135_441675
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 16:15
0 «Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/146 бұйрығына
өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ереженi бекiту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/146 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10700 болып тіркелген, 2015 жылғы 17 сәуірде Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғау туралы ережеде:
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын;
«4. Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғаудың лауазымды тұлғалары: директор, жануарлар дүниесiн қорғау жөнiндегi инспекторлар болып табылады.
Жануарлар дүниесiн мемлекеттiк қорғауға өзiне жүктелген мiндеттердi орындау үшiн:
1) жеке және заңды тұлғалардың аң және (немесе) балық аулау құқығын беретiн құжаттарын тексеру;
2) Қазақстан Республикасының әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы кодексіне сәйкес жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласындағы әкiмшiлiк құқық бұзушылық туралы хаттамалар жасау;
3) жануарлар дүниесiн қорғау, өсiмiн молайту және пайдалану саласында құқық бұзушылықтар жасаған адамдарды ұстап, құқық қорғау органдарына жеткiзу;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес көлiк құралдарын, өзге де объектiлер мен орындарды, ал қажет болған кезде - ұсталған адамдардың жеке заттарын жете тексеру;
5) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен жеке және заңды тұлғалардан Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұза отырып пайдаланылған атыс қаруын, аулау құралдарының тыйым салынған түрлерін, заңсыз ауланған жануарлар дүниесі объектілері мен олардың тіршілік ету өнімдерін алып қою және олардың одан әрі тиесілі болуы туралы мәселені шешу;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртiппен айырым белгілері бар нысанды киiм (погонсыз) кию және қызметтік қару алып жүру құқығы берiледi.».