О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/153 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/153 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных»
- Атауы (қаз.)
- «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 271
- Қабылданған күні
- 23.06.2016
- Көрсетілген редакция
- 23.06.2016 105088_103523.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.06.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014020
- ЭКБ идентификаторы
- 105088
- Редакция идентификаторы
- 105088_103523
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:37
0 «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11623 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 тамызда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Рұқсат беруден бас тартқан жағдайда аумақтық бөлімше өтініш берушіге бас тарту себептері көрсетілген жауап жолдайды.
Аумақтық бөлімшелер мынадай негіздер бойынша рұқсат беруден бас тартады:
1) өтінім белгіленген нысан бойынша берілмеген;
2) рұқсат беру үшінті қажетті ұсынылған құжаттардың, деректер мен мәліметтердің «Жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану туралы» Қазақстан Республикасының 2004 жылғы 9 шілдедегі Заңымен және «Ветеринария туралы» Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 10 шілдедегі Заңымен белгілеген талаптарға сәйкес келмеуі;
3) өтінім берушіге қатысты жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге тыйым салу туралы заңды күшіне енген сот шешімінің (үкімінің) болуы.»;
1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесіне ресми жариялауға, сондай-ақ бес жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкінде орналастыру үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталына орналастыруын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ақпарат жәнекоммуникациялар министрі
___________ Д. Абаев
2016 жылғы « »
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика
министрі
___________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы « »
1 Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге өтінім
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
2016 жылғы 23 маусымдағы
№ 271 бұйрығына
қосымша
Жануарларды интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге
рұқсат беру қағидаларына
1-қосымша
Нысан
____________________________________________________________________
(аумақтық бөлімшенің толық атауы)
____________________________________________________________________
(заңды тұлғаның атауы және бизнес-сәйкестендіру нөмірі, жеке тұлғаның
тегі,
аты, әкесінің аты (бар болса) және жеке сәйкестендіру нөмірі)
____________________________________________________________________
(мекенжайы, телефон нөмірі)
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беруге
өтінім
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізуге (қажеттісінің астын сызу) рұқсат беруді сұраймын.
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізудің мақсаты __________________________________________________
_____________________________________________________________________
Жануар түрі _________________________________________________________
Жануардың саны мен салмағы __________________________________________
Жануардың жасы ______________________________________________________
_
Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды
жүргізудің мерзімі __________________________________________________
Интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізу
ауданы ______________________________________________________________
Ұсынылған ақпараттың дұрыстығын растаймын және дұрыс
емес мәліметтерді ұсынғаным үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына
сәйкес жауап беретінім туралы хабардармын.
20__жылғы _________ ________________________________________________
(өтiнiм берiлген күн) (қолы, тегі, аты, әкесінің аты (бар болса)
Мөр орны
Ақпараттық жүйелерде бар заңмен қорғалатын құпияны құрайтын
мәліметтерді пайдалануға келісемін.
20__жылғы «____»__________________
(қолы)