Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/153 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных»

Бұйрық · № 397 · қабылданған 06.10.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-18-03153-ekb-159320/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/153 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных» Қолданыста Бұйрық ·№ 397 ·06.10.2021
06.10.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 06.10.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/153 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных»

Қолданыста Бұйрық ·№ 397 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/153 «Об утверждении Правил выдачи разрешений на производство интродукции, реинтродукции и гибридизации животных»
Атауы (қаз.)
«Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
397
Қабылданған күні
06.10.2021
Көрсетілген редакция
06.10.2021 159320_541355.kaz
Соңғы өзгеріс
06.10.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100024692
ЭКБ идентификаторы
159320
Редакция идентификаторы
159320_541355
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 06:26

0 «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

1 1. «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсаттар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/153 бұйрығына келесі өзгерістер енгізілсін:

Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру қағидаларында:
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік қызмет Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитетінің аумақтық бөлімшелері мен Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің аумақтық бөлімшелерімен (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті беруші) жеке және (немесе) заңды тұлғаларға (бұдан әрі – көрсетілетін қызметті алушы) осы Қағидаларға сәйкес көрсетіледі.»;
5 және 6-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесі құжаттар түскен күні оларды қабылдауды, тіркеуді жүзеге асырады және көрсетілетін қызметті берушіге қарауға жолдайды.
Көрсетілетін қызметті алушы жұмыс уақыты аяқталғаннан кейін, демалыс және мереке күндері жүгінген кезде құжаттарды қабылдау Қазақстан Республикасының Еңбек кодексіне сәйкес келесі жұмыс күні жүзеге асырылады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері құжаттарды тіркеген сәттен бастап 1 (бір) жұмыс күні ішінде ұсынылған құжаттардың толықтығын тексереді.
Ұсынылған құжаттардың толық болмау фактісі анықталған жағдайда, жауапты бөлімшенің қызметкері көрсетілген мерзімде көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ қойылған электрондық құжат нысанында өтінімді одан әрі қараудан дәлелді бас тартуды дайындайды және көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» жібереді.
6. Ұсынылған құжаттардың толықтығы фактісі анықталған кезде жауапты бөлімшенің қызметкері 2 (екі) жұмыс күні ішінде оларды осы Қағидалардың талаптарына сәйкестігі тұрғысынан қарайды және осы Қағидаларға 3-қосымшаға сәйкес нысан бойынша жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат қалыптастырады.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті адамының ЭЦҚ-сы қойылған электрондық құжат нысанында жіберіледі және сақталады.
Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін негіздер осы Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес «Жануарларды интродукциялауды, реинтродукциялауды және будандастыруды жүргізуге рұқсат беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында баяндалған мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту үшін өзге де негіздер анықталып, көрсетілетін қызметті берушінің жауабы теріс болған кезде көрсетілетін қызметті беруші дәлелді бас тартуды дайындайды және жібереді.»;
8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«8. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша шағымды қарауды жоғары тұрған әкімшілік орган, лауазымды адам, мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті орган жүргізеді.
Шағым көрсетілетін қызметті берушіге және (немесе) шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адамға беріледі.
Көрсетілетін қызметті беруші, шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалып отырған лауазымды адам шағым келіп түскен күннен бастап 3 (үш) жұмыс күнінен кешіктірмей оны және әкімшілік істі шағымды қарайтын органға жібереді.
Бұл ретте көрсетілетін қызметті беруші, лауазымды адам, кімнің шешіміне, әрекетіне (әрекетсіздігіне) шағым жасалынады, егер ол 3 (үш) жұмыс күні ішінде шағымда көрсетілген талаптарды толық қанағаттандыратын шешім не өзге де әкімшілік әрекет қабылдаса, шағымды қарайтын органға шағым жібермеуге құқылы.
Заңның 25-бабының 2-тармағына сәйкес көрсетілетін қызметті берушінің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қаралуға жатады.
Егер заңда өзгеше көзделмесе, сотқа жүгінуге сотқа дейінгі тәртіппен шағым жасалғаннан кейін жол беріледі.».
көрсетілген бұйрыққа 2-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Балық шаруашылығы комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) Осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) Осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) Осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік алпыс күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновация
және аэроғарыш өнеркәсібі
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»

1 Қазақстан Республикасы

Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2021 жылғы 6 қазандағы № 397
Бұйрыққа қосымша
Жануарларды
интродукциялауды,
реинтродукциялауды және
будандастыруды жүргізуге рұқсат
беру қағидаларына
2-қосымша
«Жа­ну­ар­лар­ды ин­тро­дук­ци­я­ла­уды, ре­ин­тро­дук­ци­я­ла­уды және бу­дан­да­сты­ру­ды жүр­гізу­ге рұқ­сат бе­ру» мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет стан­дар­ты
1
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің ата­уы
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі Ор­ман ша­ру­а­шы­лы­ғы және жа­ну­ар­лар дү­ни­е­сі ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Эко­ло­гия, гео­ло­гия және та­би­ғи ре­сур­стар ми­ни­стр­лі­гі Ба­лық ша­ру­а­шы­лы­ғы ко­ми­те­ті­нің аумақ­тық бө­лім­ше­ле­рі
2
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті ұсы­ну тә­сіл­де­рі
«элек­трон­дық үкі­мет­тің» www.​egov.​kz веб-пор­та­лы (бұ­дан әрі – Пор­тал)
3
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту мер­зі­мі
3 (үш) жұ­мыс кү­ні
4
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ны­са­ны
Элек­трон­дық (то­лық ав­то­мат­тан­ды­ры­л­ған)
5
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту нәти­же­сі
Жа­ну­ар­лар­ды ин­тро­дук­ци­я­ла­уды, ре­ин­тро­дук­ци­я­ла­уды және бу­дан­да­сты­ру­ды жүр­гізу­ге рұқ­сат бе­ру не уәжді бас тар­ту. Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін ұсы­ну ны­са­ны: элек­трон­дық
6
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту ке­зін­де көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­дан алы­на­тын тө­лем мөл­ше­рі және Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның заң­на­ма­сын­да көз­дел­ген жағ­дай­лар­да оны алу тә­сіл­де­рі
те­гін
7
Жұ­мыс кесте­сі
1) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші - Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне сәй­кес де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі­нен бас­қа, дүй­сен­бі - жұ­ма ара­лы­ғын­да са­ғат 9.00-ден 18.30-ға дей­ін, түс­кі үзі­ліс са­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін. Құ­жат­тар­ды қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­ле­рін бе­ру: са­ғат 9.00-ден 17.00-ге дей­ін, түс­кі үзі­лі сса­ғат 13.00-ден 14.30-ға дей­ін.
2) пор­тал – жөн­деу жұ­мыста­рын жүр­гізу­ге бай­ла­ны­сты тех­ни­ка­лық үзі­лі­стер­ді қо­с­па­ған­да, тәу­лік бойы (көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы жұ­мыс уа­қы­ты аяқ­тал­ған­нан кей­ін, де­ма­лыс және ме­ре­ке күн­де­рі жү­гін­ген жағ­дай­да Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның Ең­бек ко­дек­сіне және «Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сын­да­ғы ме­ре­ке­лер ту­ра­лы» Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы­ның За­ңы­ның 5-ба­бы­на сәй­кес өті­нім­ді қа­был­дау және мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту нәти­же­сін бе­ру ке­ле­сі жұ­мыс кү­ні жү­зе­ге асы­ры­ла­ды).
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту орын­да­ры­ның ме­кен­жай­ла­ры пор­тал­да ор­на­ла­сты­ры­л­ған.
8
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту үшін қа­жет құ­жат­тар­дың тіз­бе­сі
1) осы Қа­ғи­да­лар­ға 1-қо­сым­ша­ға сәй­кес ны­сан бой­ын­ша көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның элек­трон­дық-цифр­лық қол­таң­ба­сы­мен (бұ­дан әрі – ЭЦҚ) ку­әлан­ды­ры­л­ған элек­трон­дық құ­жат ны­са­нын­да­ғы көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­ге өті­ні­мі;
2) мем­ле­кет­тік эко­ло­ги­я­лық са­рап­та­ма­ның оң қо­ры­тындысы бар жа­ну­ар­лар­ды ин­тро­дук­ци­я­ла­уды, ре­ин­тро­дук­ци­я­ла­уды және бу­дан­да­сты­ру­ды жүр­гізу­ге ар­нал­ған био­ло­ги­я­лық негіз­де­ме­нің элек­трон­дық кө­шір­ме­сі.
9
Мем­ле­кет­тік қыз­мет көр­се­ту­ден бас тар­ту үшін Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы-ның заң­на­ма­сы бел­гі­лен­ген негіз­дер
1) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті алу үшін көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы ұсын­ған құ­жат­тар­дың және (неме­се) олар­да қам­ты­л­ған де­ректер (мә­лі­мет­тер) дәй­ек­сіз­ді­гі­нің анық­та­луы;
2) көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның және (неме­се) мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту үшін қа­жет ұсы­ны­л­ған ма­те­ри­ал­дар­дың, объ­ек­ті­лер­дің, де­ректер мен мә­лі­мет­тер­дің осы Қа­ғи­да­мен бел­гі­лен­ген та­лап­тар­ға сәй­кес кел­ме­уі.
10
Мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту ерекше­лік­те­рі ес­ке­рі­л­ген өзге де та­лап­тар
Рұқ­сат­тың қол­да­ны­лу мер­зі­мі бір күн­тіз­бе­лік жыл. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы мем­ле­кет­тік көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті ЭЦҚ-сы болған жағ­дай­да Пор­тал ар­қы­лы элек­трон­дық ны­сан­да ала­ды. Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті алушы­ның мем­ле­кет­тік қыз­мет­ті көр­се­ту тәр­ті­бі мен мәр­те­бе­сі ту­ра­лы ақ­па­рат­ты қа­шық­тық­тан қол жет­кі­зу ре­жи­мін­де Пор­тал­да­ғы «же­ке ка­би­не­ті», көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің анық­та­ма­лық қыз­мет­те­рі, сон­дай-ақ «1414», 8-800-080-7777 Бі­рың­ғай бай­ла­ныс ор­та­лы­ғы ар­қы­лы алу­ға мүм­кін­ді­гі бар.

Қолданыстағы