Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/157 «Об утверждении Правил охоты»

Бұйрық · № 87 · қабылданған 02.04.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-18-03157-ekb-154334/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/157 «Об утверждении Правил охоты» Қолданыста Бұйрық ·№ 87 ·02.04.2021
02.04.2021 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.04.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/157 «Об утверждении Правил охоты»

Қолданыста Бұйрық ·№ 87 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/157 «Об утверждении Правил охоты»
Атауы (қаз.)
«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
87
Қабылданған күні
02.04.2021
Көрсетілген редакция
02.04.2021 154334_518228.kaz
Соңғы өзгеріс
02.04.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2100022504
ЭКБ идентификаторы
154334
Редакция идентификаторы
154334_518228
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 08:48

0 «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына өзгерістер

енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген, 2015 жылғы 12 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Аңшылық шаруашылығында ұя салатын үйректердің аталығын, көктемгі аң аулауды жүргізу кезінде жыныстық жағынан өзгеруі анық байқалатын үйректердің аталық түрлерін олжалауды аңшы алдамшы үйрек немесе тұлып болған кезде жүзеге асырады.»;
10-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«10. Тұяқты жануарларды, қоңыр аюды олжалау аңшылық шаруашылығының тиісті субъектісі қорықшысының қатысуымен, ал резервтік қордың алқаптарында жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану жөніндегі мемлекеттік инспектордың қатысуымен жүргізіледі.»;
12-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«12. Қасқырларды, шибөрiлердi, қарғаларды, сауысқандарды, тағандарды, қаңғыбас иттерді аулау (атып алу) кезінде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi:
1) жануарлар дүниесін қорғауды жануарлар дүниесiн қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы уәкiлеттi орган ведомствосының аумақтық бөлімшелері және оның мамандандырылған ұйымдарының лауазымды адамдары, сондай-ақ аңшылық шаруашылығы субъектісінің қорықшылық қызметi қызметтік қаруды пайдалана және авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолдана отырып жүзеге асырған;
2) жануарлардың басқа түрлерiн аулау (авиа-, автомото-, көлік құралдарын, оның ішінде қарда жүретін техниканы қолданбай) аң аулауға берілген жануарлар дүниесін пайдалану рұқсаты қолданылатын аңшылық шаруашылығы субъектісінің аумағында жүргізілген кезде жануарлар дүниесін пайдалануға берілген рұқсат талап етiлмейдi.»;
11-қосымша осы Бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшыларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

0 Бұйрыққа қосымша

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи
ресурстар министрдің м.а.
2021 жылғы 2 сәуірдегі
№ 87
Аң аулау қағидаларына
11-қосымша
Нысан
Жа­ну­ар­лар түр­ле­рі
Аң аулау мерзiм­дерi
Су тыш­қан (он­дат­ра)
1 қа­зан - 15 ақ­пан
Кәдiм­гi тиiн
20 қа­зан - 15 ақ­пан
Жа­нат тек­тес ит, қар­сақ, түл­кi, бұл­ғын, құ­ну, сар­ғыш кү­зен, ақ қа­лақ, ақ­кiс, са­ры кү­зен, са­сық кү­зен, аме­ри­кан су кү­зенi, кәм­шат (ор­та­а­зи­я­лық­тан бас­қа­сы), Сiле­усiн (түр­кі­стан­дық­тан бас­қа­сы), жа­нат, қо­ян (құм қо­ян, ақ қо­ян, ор қо­ян)
1 қа­ра­ша - 15 ақ­пан (аң аулай­тын ит түр­ле­рі­мен және аушы жырт­қыш құ­стар­мен қар­сақ, түл­кі және қо­ян аулау сол­тү­стiк ай­мақ­та** 15 қа­зан­нан ба­стап аулау)
Зор­ман (са­ры тыш­қан)
ұй­қы­дан шық­қан­нан ба­стап - 30 сәуiр­ге дей­ін
Суыр­лар*
15 мау­сым­нан ба­стап ұй­қы­ға жа­тқан­ға дей­ін
Шал­шық­шы­лар, жыл­қы­шы
1 шіл­де­ден ба­стап 30 қа­ра­ша­ға дей­ін (ата­лық жыл­қы­шы­ны көк­тем­гі аула­у­ға 1 на­урыз - 30 сәу­ір ке­зе­ңін­де 15 күн­тіз­бе­лік күн­нен ас­пай­тын мер­зім­ге рұқ­сат еті­ле­ді)
Бө­дене, кеп­тер, түр­кеп­тер
20 та­мы­здан ба­стап 30 қа­ра­ша­ға дей­ін (аң аулай­тын ит­тер­мен және қы­ран құ­стар­мен 15 шіл­де­ден ба­стап ұшып кет­кен­ге дей­ін бө­дене аулау)
Май­м­ақ­қаз, қаз*, қа­ра­ша­қаз, үй­рек*, қас­қал­дақ
қыр­күй­ек­тің ал­ғаш­қы сен­бі­сі­нен ба­стап 30 қа­ра­ша­ға сол­тү­стік өңір­лер бой­ын­ша**, 15 жел­тоқ­сан­ға дей­ін оң­тү­стік өңір­лер бой­ын­ша*** (ата­лық үй­рек­тер­ді көк­тем­гі аула­у­ға 1 на­урыз - 15 ма­мыр ке­зе­ңін­де 15 күн­тіз­бе­лік күн­нен ас­пай­тын мер­зім­ге рұқ­сат еті­ле­ді)
Шiл (ақ­құр, тунд­ра­лық, сұр, да­ла­шiлi, са­қал­ды­шiл), шіл
қыр­күй­ек­тің ал­ғаш­қы сен­бі­сі­нен - 15 қа­ра­ша­ға дей­ін (аулай­тын ит­тер­мен және аушы құ­стар­мен 15 та­мы­здан ба­стап)
Құр
қыр­күй­ек­тің ал­ғаш­қы сен­бі­сі­нен - 30 қа­ра­ша­ға дей­ін сол­тү­стік ай­мақ­тар бой­ын­ша**, 15 жел­тоқ­сан­ға дей­ін оң­тү­стік ай­мақ­тар бой­ын­ша*** (ата­лық құр­лар­ды көк­тем­гі аула­у­ға1 на­урыз - 5 ма­мыр ке­зе­ңін­де 15 күн­тіз­бе­лік күн­нен ас­пай­тын мер­зім­ге рұқ­сат еті­ле­ді)
Қо­ңы­раю (тянь-ша­нь­а­юы­нан­бас­қа)
қыр­күй­ек­тің ал­ғаш­қы сен­бі­сі­нен - 30 қа­ра­ша ата­лық­та­ры­мен қы­сыр қал­ған ана­лық­та­рын көк­тем­гi аула­у­ға 15 сәу­ір - 15 ма­мыр ке­зеңiн­де 15 күн­тіз­бе­лік күн­нен ас­пай­тын мерзiм­ге рұқ­сат етiледi
Бор­сық
қыр­күй­ек­тің ал­ғаш­қы сен­бі­сі­нен - 31 жел­тоқ­сан
Ма­рал, ас­ка­ния бұ­ғы­сы, қа­бан, құ­дыр, бұ­лан
1 қыр­күй­ек - 31 жел­тоқ­сан
Сі­бір елі­гі
20 қыр­күй­ек­тен ба­стап 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін (ата­лы­ғы­на 1 та­мы­здан ба­стап)
Сі­бір тау еш­кі­сі
1 қыр­күй­ек­тен ба­стап 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін (ата­лы­ғы­на 1 та­мы­здан ба­стап)
Са­ңы­рау құр
1 қа­зан - 30 қа­ра­ша ата­лық­та­рын көк­тем­гi аула­у­ға 1 на­урыз - 15 ма­мыр ке­зеңiн­де 15 күн­тiз­белiк күн­нен ас­пай­тын мерзiм­ге рұқ­сат еті­ледi
Ги­ма­лай ұла­ры, кекiлiк
1 қа­зан - 15 жел­тоқ­сан
Құн­дыз
15 қа­зан - 31 жел­тоқ­сан
Қыр­ғауыл
15 қа­зан - 31 жел­тоқ­сан (аңа­у­лай­тын ит­тер­мен және аушы құ­стар­мен 1 қа­зан­нан ба­стап)
Ескертпе:
* - Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.
** - солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне бағынысты жерлер.
*** - оңтүстік аймақ: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Оңтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары.

Қолданыстағы