Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/157 «Об утверждении Правил охоты»

Бұйрық · № 188 · қабылданған 27.05.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-18-03157-ekb-168299/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/157 «Об утверждении Правил охоты» Қолданыста Бұйрық ·№ 188 ·27.05.2022
27.05.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.05.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/157 «Об утверждении Правил охоты»

Қолданыста Бұйрық ·№ 188 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/157 «Об утверждении Правил охоты»
Атауы (қаз.)
«Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
188
Қабылданған күні
27.05.2022
Көрсетілген редакция
27.05.2022 168299_577591.kaz
Соңғы өзгеріс
27.05.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200028305
ЭКБ идентификаторы
168299
Редакция идентификаторы
168299_577591
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 01:41

0 «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына өзгеріс

енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Аң аулау қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/157 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11091 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

Аң аулау қағидаларына 11-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың ресми жарияланғаннан кейін Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология, геология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ішкі істер министрлігі

1 Аң аулауды өткізу мерзiмдерi

Қазақстан Республикасы
Экология, геология және
табиғи ресурстар министрі
2022 жылғы 27 мамырдағы № 188
Бұйрыққа қосымша
Аң аулау қағидаларына
11-қосымша
Нысан
Аң аулауды өткізу мерзiмдерi
Жа­ну­ар­лар түр­ле­рі
Аң аулау мерзiм­дерi
Су тыш­қан (он­дат­ра)
1 қа­зан – 15 ақ­пан
Кәдiм­гi тиiн
20 қа­зан – 15 ақ­пан
Қар­сақ, түл­кi, бұл­ғын, құ­ну, сар­ғыш кү­зен, ақ қа­лақ, ақ­кiс, са­ры кү­зен, са­сық кү­зен, аме­ри­кан су кү­зенi, кәм­шат (ор­та­а­зи­я­лық­тан бас­қа­сы), сiле­усiн (түр­кі­стан­дық­тан бас­қа­сы), жа­нат, қо­ян (ақ қо­ян, ор қо­ян)
1 қа­ра­ша – 15 ақ­пан (аң аулай­тын ит түр­ле­рі­мен және аушы жырт­қыш құ­стар­мен қар­сақ, түл­кі және қо­ян аулау сол­тү­стiк ай­мақ­та** 15 қа­зан­нан ба­стап аулау)
Құм қо­ян
1 қа­ра­ша­дан ба­стап – 31 қаң­тар­ды қос ал­ған­да
жа­нат тек­тес ит
1 қыр­күй­ек­тен ұй­қы­ға жа­тқан­ға дей­ін
Зор­ман (са­ры тыш­қан)
ұй­қы­дан шық­қан­нан ба­стап – 30 сәуiр­ге дей­ін
Суыр­лар*
5 мау­сым­нан ба­стап ұй­қы­ға жа­тқан­ға дей­ін оң­тү­стік ай­мақ­та***
15 мау­сым­нан ба­стап ұй­қы­ға жа­тқан­ға дей­ін сол­тү­стiк ай­мақ­та**
Шал­шық­шы­лар, жыл­қы­шы
1 шіл­де­ден ба­стап 30 қа­ра­ша­ға дей­ін (ата­лық жыл­қы­шы­ны көк­тем­гі аула­у­ға 1 на­урыз – 30 сәу­ір ке­зе­ңін­де 15 күн­тіз­бе­лік күн­нен ас­пай­тын мер­зім­ге рұқ­сат еті­ле­ді)
Бө­дене, кеп­тер, түр­кеп­тер
20 та­мы­здан ба­стап 30 қа­ра­ша­ға дей­ін (аң аулай­тын ит­тер­мен және аушы жырт­қыш құ­стар­мен 15 шіл­де­ден ба­стап ұшып кет­кен­ге дей­ін бө­дене аулау)
Май­м­ақ­қаз, қаз*, қа­ра­ша­қаз, үй­рек*, қас­қал­дақ
Ақ­мо­ла, Шы­ғыс Қа­зақ­стан, Қо­ста­най, Пав­ло­дар, Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­ста­ры – та­мы­здың соң­ғы сен­бі­сі­нен 30 қа­ра­ша­ға дей­ін
Ақ­тө­бе, Ал­ма­ты, Ба­тыс Қа­зақ­стан, Жам­был, Қа­ра­ған­ды, Қы­зы­лор­да об­лы­стар қыр­күй­ек­тің бі­рін­ші сен­бі­сі­нен ба­стап 15 жел­тоқ­сан­ға дей­ін.
Аты­рау об­лы­сы – 15 қы­рүй­ек­тен 15 жел­тоқ­сан­ға дей­ін.
Маң­ғы­стау, Түр­кі­стан об­лы­ста­ры – қыр­күй­ек­тің екін­ші сен­бі­сі­нен – 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін
(ата­лық үй­рек­тер­ді көк­тем­гі аула­у­ға 1 на­урыз – 15 ма­мыр ке­зе­ңін­де 15 күн­тіз­бе­лік күн­нен ас­пай­тын мер­зім­ге рұқ­сат еті­ле­ді)
Шiл (ақ­құр, тунд­ра­лық, сұр, да­ла­шiлi, са­қал­ды­шiл), шіл
қыр­күй­ек­тің ал­ғаш­қы сен­бі­сі­нен – 30 қа­ра­ша­ға дей­ін
Құр
15 қыр­күй­ек­тен – 30 қа­ра­ша­ға дей­ін (ата­лық құр­лар­ға көк­тем­гi аула­у­ға 10 сәу­ір – 15 ма­мыр ке­зеңiн­де 15 күн­тіз­бе­лік күн­нен ас­пай­тын мерзiм­ге рұқ­сат етiледi)
Қо­ңы­раю (тянь-ша­нь­а­юы­нан бас­қа)
қыр­күй­ек­тің ал­ғаш­қы сен­бі­сі­нен – 30 қа­ра­ша ата­лық­та­ры­мен қы­сыр қал­ған ана­лық­та­рын көк­тем­гi аула­у­ға 15 сәу­ір – 15 ма­мыр ке­зеңiн­де 15 күн­тіз­бе­лік күн­нен ас­пай­тын мерзiм­ге рұқ­сат етiледi. (ха­лық­тың ден­са­улы­ғы мен өмі­ріне қа­тер төн­ген, ма­те­ри­ал­дық за­лал кел­тір­ген жағ­дай­да, уәкі­лет­ті ор­ган­ның және же­рі­лік­ті ат­қа­ру­шы ор­ган­дар­дың ма­ман­дан­ды­ры­л­ған ұй­ым­да­ры­ның аң аулау мер­зім­де­ріне қа­ра­ма­стан қо­ңыр аю­ды атуы­на жол бе­рі­ле­ді)
Бор­сық
15 қыр­күй­ек­тен – 31 қа­ра­ша­ға дей­ін
қа­бан, құ­дыр
қыр­күй­ек­тің ал­ғаш­қы сен­бі­сі­нен – 31 жел­тоқ­сан
Сі­бір елі­гі, сі­бір тау еш­кі­сі, ма­рал, ас­ка­ния бұ­ғы­сы, бұ­лан
15 шіл­де­ден ата­лық­та­ры­на, 15 қырк.йек­тен 31 жел­тоқ­сан­ға дей­ін ана­лық пен төл­дер­ге
Са­ңы­рау құр
1 қа­зан – 30 қа­ра­ша ата­лық­та­рын көк­тем­гi аула­у­ға 10 сәу­і­рі­нен – 15 ма­мыр ке­зеңiн­де 15 күн­тiз­белiк күн­нен ас­пай­тын мерзiм­ге рұқ­сат еті­ледi
Ги­ма­лай ұла­ры, кекiлiк
15 қа­зан – 31 жел­тоқ­сан
Құн­дыз
15 қыр­күй­ек­тен – 30 қа­ра­ша
Қыр­ғауыл
15 қа­ра­ша – 31 жел­тоқ­сан
Ескертпе:
* – Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген түрлерден басқа.
** – солтүстік аймақ: Ақмола, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары, Қарағанды облысының Осакаров, Бұқар жырау, Нұра, Қарқаралы, Абай аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Күршім, Көкпекті, Катонқарағай, Жарма, Ұлан, Абай, Зырян, Глубокое, Шемонаиха, Бородулиха, Бесқарағай аудандары, сондай-ақ Семей және Риддер қалаларының әкімшіліктеріне бағынысты жерлер.
*** – оңтүстік аймақ: Алматы, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау, Түркістан облыстары, Қарағанды облысының Жаңаарқа, Шет, Ақтоғай, Ұлытау аудандары, Шығыс Қазақстан облысының Аягөз, Тарбағатай, Зайсан, Үржар аудандары.

Қолданыстағы