О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/158 «Об утверждении размеров возмещения вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра сельского хозяйства Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 18-03/158 «Об утверждении размеров возмещения вреда, причиненного нарушением законодательства Республики Казахстан в области охраны, воспроизводства и использования животного мира»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 51
- Қабылданған күні
- 28.02.2025
- Көрсетілген редакция
- 28.02.2025 207741_746701.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.02.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500035784
- ЭКБ идентификаторы
- 207741
- Редакция идентификаторы
- 207741_746701
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 05:51
0
«Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМАЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушы 2015 жылғы 27 ақпандағы № 18-03/158 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10929 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
Қазақстан Республикасының жануарлар дүниесін қорғау, өсімін молайту және пайдалану саласындағы заңнамасын бұзумен келтірілген зиянның орнын толтыру мөлшері осы бұйрықтың қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 1) және 2) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің ұсынылуын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Бас прокуратура
1 Қазақстан Республикасы
Экология және табиғи
ресурстар министрінің м.а.
2025 жылғы 28 ақпандағы
№ 51 бұйрығына
қосымша
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы министрінің
міндетін атқарушысының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 18-03/158 бұйрығымен
бекітілген
№
Жабайы хайуанның атауы
Зиянды өтеу ставкасының мөлшері айлық есептік көрсеткішпен (әрбір дарағы/әрбір килограмы үшін/ұясы үшін)
1
2
3
Жердегі сүт қоректілер
1
Құлжа* (арғалы, арқар, үстірт қойы)
1500
2
Ілбіс*
2000
3
Борсық
10
4
Тиін
5
5
Құндыз
15
6
Қызыл қасқыр*
600
7
Орта азия кәмшаты*
400
8
Терістік кәмшаты
10
9
Сусары
10
10
Қабылан*
2000
11
Ақкіс
10
12
Қарақұйрық*
400
13
Үнді жайрасы*
200
14
Қара кірпі
5
15
Қоян (ақ қоян, толай, ор қоян)
5
16
Доңыз
250
17
Құдыр
250
18
Қарақал*
600
19
Құндыз жарғанаты
100
20
Сібір тау текесі
250
21
Сасық күзен
10
22
Қарсақ
5
23
Елік
250
24
Шағыл мысығы*
200
25
Ала аяқ мәлін
5
26
Түрікмен құланы*
2000
27
Ақтөс* және орман* сусарысы
200
28
Ақ құлақ
10
29
Түлкі
5
30
Бұлан
500
31
Сабаншы*
300
32
Қоңыр аю
200
33
Тян-шань қоңыр аюы*
700
34
Балжегіш аю*
600
35
Американ күзені
10
36
Еуропа күзені*
600
37
Теңбіл бұғы*
700
38
Бұғылар (теңбіл бұғыдан басқасы)
200
39
Су тышқан
5
40
Шұбар күзен*
200
41
Ала жертесер
5
42
Құну
100
43
Түркістан сілеусіні*
200
44
Сілеусін (Түркістан сілеусінінен басқа)
20
45
Жолман*
200
46
Серке киік
500
47
Ұрғашы киік, төлі
350
48
Бүрме ерінді жарқанат*
200
49
Үлкен көртышқан*
200
50
Жанат текті ит
10
51
Бұлғын
40
52
Саршұнақ
5
53
Суырлар (байбақ, қызғылт, сұр)
10
54
Мензбир суыры*
400
55
Балпақ-зорман
5
56
Сасық күзен
5
57
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесi енгізілген сүтқоректілердің басқа да түрлері
100
58
Сүтқоректілердің басқа да түрлері
5
Құстар
59
Қара ләйлек*
200
60
Үлкен, кіші суқұзғын
1
61
Ителгі*
700
62
Бүркіт*
400
63
Сақалтай*
400
64
Тарбақ шырғалақ*
200
65
Тарбақ (үлкен және кіші)
5
66
Үлкен және кіші әупілдек
5
67
Қызыл және қара мамыққаз
10
68
Саңырау құр
10
69
Құр
5
70
Күшіген (тазқара, ақбас, гималайлық күшіген)
10
71
Қаздар (қутұмсық қаздан өзгесі)
5
72
Қутұмсық қаз*
600
73
Тұрымтай
5
74
Жек дуадақ*
700
75
Дуадақ*
700
76
Ақбас тырна*
100
77
Сұр тырна*
200
78
Жыланжегіш қыран*
400
79
Қызыл жемсаулы қараша қаз*
200
80
Жамансары (кәдімгі, обалық, жүнаяқ қысқы, жамансары)
10
81
Қарабай*
100
82
Бақылдауық
5
83
Кекілік
5
84
Қалбағай*
200
85
Сұнқар*
200
86
Тарғақ*
400
87
Шалшықшы (кішісі және сүйір тұмсықтысы)*
200
88
Шалшықшы (ірі және орта)
5
89
Құмай*
100
90
Шіл
5
91
Сұңқылдақ аққу*, кішісі*
400
92
Сыбырлақ аққу
50
93
Құладын (батпақ құладынынан басқасы)
5
94
Қасқалдақ
5
95
Шыбыншы торғай*
100
96
Бақалтақ қыран*
100
97
Дала қыраны
20
98
Жыртқыш қыран
20
99
Аққұйрық субүркіт*, кезқұйрық субүркіт*
400
100
Қызғылт бірқазан*, бұйра бірқазан*
400
101
Бөдене
5
102
Ақ құйрық қызғыш*
200
103
Сұқсыр
5
104
Шаңқылдақ қыран
10
105
Көкқұс*
100
106
Ақбауыр бұлдырық, қарабауыр бұлдырық*
200
107
Қарабауыр шіл
5
108
Убақ*
100
109
Лашын*
600
110
Балықшы тұйғын*
600
111
Жапалақ, байғыз (үкіден басқа)
5
112
Ақ тырна*
700
113
Алтай ұлары*
200
114
Гималай ұлары
10
115
Үйректер (Жануарлардың сирек кездесетiн және
құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілгенінен басқасы)
5
116
Қырғауыл
5
117
Үкі*
200
118
Қоқиқаз*
400
119
Дара шағала*
200
120
Бидайық*
700
121
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген құстардың басқа да түрлері
100
122
Басқа да құс түрлері
5
Бауырымен жорғалаушылар
123
Сұр кесіртке
20
124
Сары қыран кесіртке
1
125
Шұбар батбат
1
126
Сары қыран әбжылан
1
127
Әбжыландар (қызылжолақты, жолақты және төртжолақтылар)
1
128
Қара шұбар жылан, сарыбас жыландар, құмжыландар
1
129
Улы сұр жыландар
1
130
Қалқантұмсық жылан
2
131
Тасбақалар
2
132
Бауырымен жорғалаушылардың ғылыми және ағартушылық маңызы бар басқа да түрлері
1
Қос мекенділер
133
Жетісу бақатісі
100
134
Қосмекенділердің ғылыми маңызы бар басқа да түрлері
1
Жәндіктер
135
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген қоңыздар мен көбелектер
3
136
Ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа қоңыздар мен көбелектер
0,5
137
Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген жарғаққанаттылар
3
138
Жабайы аралар (ұясы үшін)
0,5
139
Жәндіктердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да түрлері
0,5
Өрмекші тектілер
140
Қарақұрттар, шаяндар, эрезустер, тарантулдар, аргиопалар мен өрмекші тектілердің ғылыми және коллекциялық маңызы бар басқа да улы түрлері
0,2
Балық, теңіз сүтқоректілері және су омыртқасыздарының түрлері
141
Сырдариялық жауырындық*, волга көп аталықты майшабағы*, шортан тектес ақмарқа*, каспий және арал албырты*, ақбалық*, сылан*, күтім*, арал және түркістан қаязы*, іле шармай*, каспий жыланбалығы*, таймень*, балқаш алабұғасы* - балқаш және іле таралымы, пілмай* - арал және іле таралымы, сiбip бeкipeci*, шатқалдық тас тасалағыш*, ұзын бармақты шаян* (түркістан түр тармағы) (бір дарақ үшін)*
300
142
Қортпа, уылдырықты пілмай (бір килограмм үшін)
100
143
Қортпа, пілмай қысыры (бір килограмм үшін)
100
144
Бекіре (сiбip бeкipeciнен басқа), шоқыр, бекіренің уылдырықты будандары (бір килограмм үшін)
100
145
Бекіре, шоқыр, бекіренің қысыр будандары (бір килограмм үшін)
100
146
Сүйрік (бір килограмм үшін)
100
147
Ақсақа, көкшұбар, көкшарбы, пайдабалық, шыр, мұқсын (бір килограмм үшін)
1,2
148
Ақ амур, көксерке, сазан, тұқы, ақмарқа, беріш, кәдiмгi жайын, нәлім, ақ және шұбар дөңмаңдай, шортан, жыланбас балық (бір килограмм үшін)
1,3
149
Табан, торта, қаракөз, тұрпа, майбалық, көкбас, қызылкөз қабыршықты және тақыр, аққайран, алтын және күміс мөңкелер, әдеттегi және балқаш (балқаш-іле таралымынан басқа) алабұғасы, оңғақ, әдеттегi және талас тарғақбалығы, қызылқанат, балпан, білеу балық, айнакөз балық, көкше, қылыш балық, буффало, кәдімгі шармай (бір килограмм үшін)
0,4
150
Майшабақтар (қарынсау (бадырақкөзді және жұмырбасты қосқанда), бражник май шабағы, долгы май шабағы, қара жон, тікенді балық, жалғанкөз-глосса, майшабақ (бір килограмм үшін)
0,8
151
Албырттар (қызғылт сары бахтах, майқан (үскіш), сібір хариусы) (бір килограмм үшін)
1,7
152
Каспий итбалығы (бір дарақ үшін)
193
153
Ұзын бармақты шаян (түркістан түр тармағынан басқа) (бір килограмм үшін)
1,2
154
Салин артемиясының цисталары және басқа су омыртқасыздары - гаммарус, масақұрт, ақ құрттар (шикі өнімнің бір килограмм үшін)
3
Ескертпелер:
1 *1. Жануарлардың сирек кездесетiн және құрып кету қаупi төнген түрлерiнiң тiзбесiне енгізілген түрлерге жататын жануарлар, сондай-ақ ғылыми мақсаттарда пайдаланудан басқа, пайдалануға тыйым салынған түрлер:
әрбір заңсыз жойылған (бүлдірілген) жануарлардың мекен ететін ұясы, іні, апаны және басқа да баспаналары үшін келтірілген нұқсан он айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде өндіріп алынады;
әрбір заңсыз алынған (жойылған) жұмыртқа, сондай-ақ әрбір заңсыз алынған немесе жойылған сүт қоректілер аналығының ұрығы үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады;
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 болып тіркелген) бекітілген Дериваттар тізбесіне сәйкес, әрбір заңсыз алынған немесе сатып алынған дериват, оның ішінде әрбір 100 грамм уылдырық үшін жануарлардың осы түрінің ересек дарағы (аталығы немесе аналығы) үшін келтірілген ңұқсанды өтеу мөлшерінің 100 пайызы (айлық есептік көрсеткіштермен) өндіріп алынады.
2 2. Басқа жануарлар түрлері:
Заңсыз алынған немесе сатып алынған әрбір дериват үшін, Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2015 жылғы 16 ақпандағы № 18-03/105 бұйрығымен бекітілген дериваттар тізбесіне сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10482 тіркелген), осы жануар түрінің ересек дарасы (еркегі немесе аналығы) үшін зиянды өтеу мөлшерінің 50 пайызы (айлық есептік көрсеткішпен) өтеледі.