О внесении изменений и дополнения в решение Бокейординского районного маслихата от 27 марта 2015 года № 21-2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучениена дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в решение Бокейординского районного маслихата от 27 марта 2015 года № 21-2 «Об определении порядка и размера возмещения затрат на обучениена дому детей с ограниченными возможностями из числа инвалидов по индивидуальному учебному плану»
- Атауы (қаз.)
- Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 21-2 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 22-2
- Қабылданған күні
- 30.11.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2022 174769_604221.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22ZD030942
- ЭКБ идентификаторы
- 174769
- Редакция идентификаторы
- 174769_604221
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:32
0 Бөкей ордасы аудандық мәслихатының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 21-2 «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» шешіміне өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1. Бөкей ордасы аудандық мәслихатының «Мүгедектер қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібін және мөлшерін айқындау туралы» 2015 жылғы 27 наурыздағы №21-2 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №3877 тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Бөкей ордасы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі мен мөлшерін айқындау туралы»;
шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының Заңына, «Кемтар балаларды әлеуметтік және медициналық-педагогикалық түзеу арқылы қолдау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 16 бабына, «Қазақстан Республикасында мүгедектігі бар адамдарды әлеуметтік қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңының 11 бабына сәйкес, Бөкей ордасы аудандық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1-тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
1 «1. Бөкей ордасы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алудың тәртібі мен мөлшері, осы шешімнің қосымшасына сәйкес айқындалсын.»;
көрсетілген шешімнің 2-тармағы алып тасталсын;
көрсетілген шешім осы шешімнің қосымшасына сәйкес қосымшамен толықтырылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
4 Бөкей ордасы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері
2022 жылғы 30 қарашадағы
№ 22-2
Шешімге қосымша
Бөкей ордасы аудандық мәслихатының
2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 21-2 шешіміне қосымша
Бөкей ордасы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері
1
1. Осы Бөкей ордасы ауданында мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша үйде оқытуға жұмсаған шығындарын өндіріп алу тәртібі және мөлшері Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 25 наурыздағы №84 «Әлеуметтік – еңбек саласында мемлекеттік қызметтерді көрсетудің кейбір мәселелері туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 22394 болып тіркелген) бекітілген «Мүгедек балаларды үйде оқытуға жұмсалған шығындарды өтеу» мемлекеттік қызметін көрсету қағидаларына (бұдан әрі –шығындарды өтеу қағидалары) сәйкес әзірленді.
2
2. Мүгедектігі бар балалар қатарындағы кемтар балаларды жеке оқыту жоспары бойынша оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алуды (бұдан әрі-оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу) «Бөкей ордасы аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі» мемлекеттік мекемесі мүгедектігі бар баланың үйде оқу фактісін растайтын оқу орынының анықтамасы негізінде жүргізеді.
3
3. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу (толық мемлекеттің қамсыздандыруындағы мүгедектігі бар балалардан және оларға қатысты ата-аналары ата-ана құқығынан айырылған мүгедектігі бар балалардан басқа) отбасының табысына қарамастан мүгедектігі бар балалардың ата-анасының біреуіне немесе өзге де заңды өкілдеріне беріледі.
4 4. Оқытуға жұмсалған шығындарды өндіріп алу психологиялық- медициналық-педагогикалық консультацияның қорытындысында белгіленген мерзім аяқталғанға дейін өтініш берген айдан бастап жүргізіледі.
5
5. Шығындарды өндіріп алуды тоқтатуға әкеп соққан жағдайлар бар болғанда (мүгедектігі бар баланың он сегіз жасқа толуы, мүгедектік мерзімінің аяқталуы, мүгедектігі бар баланың мемлекеттік мекемелерде оқып жатқан кезеңі, мүгедектігі бар баланың қайтыс болуы) төлем тиісті жағдайлар туындағаннан кейінгі айдан бастап тоқтатылады.