О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 214 «Об утверждении типового договора временного возмездного вторичного пользования (субаренды) земельными участками, находящимися в частной собственности, на которых создается специальная экономическая зона»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 214 «Об утверждении типового договора временного возмездного вторичного пользования (субаренды) земельными участками, находящимися в частной собственности, на которых создается специальная экономическая зона»
- Атауы (қаз.)
- «Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 1285
- Қабылданған күні
- 31.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 19.07.2019 98495_416930.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.07.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012962
- ЭКБ идентификаторы
- 98495
- Редакция идентификаторы
- 98495_416930
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:19
0 «Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы»
Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы
27 ақпандағы № 214 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
«Арнайы экономикалық аймақтар туралы» 2011 жылғы 21 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңының 5-бабы 8-3) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 214 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10701 болып тіркелген, 2015 жылғы 20 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) үлгілік шартында:
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«__________ қаласы 20__ жылғы «__» ________
(шарт жасалған орын) (шарт жасалған күн)
___________________________________________________________________________
(Басқарушы компания атауы)
тұлғасында________________________________________________________________,
(жарғы, ереже)
негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын ____________
бір тараптан және ________________________________________________________,
(жарғы, ереже, №___ ЖК куәлігі)
негізінде әрекет ететін __________________________________ тұлғасында бұдан
әрі «Қосалқы жалға алушы» деп аталатын _____________________________ екінші
тараптан, бұдан әрі «Тараптар» деп аталатындар төмендегілер туралы
осы жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы
жалға алудың) шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты:»;
6-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«6. Қосалқы жалға алушы мыналарға:
1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;
2) жер учаскесін оның негізгі нысаналы мақсатына сәйкес және осы Шартта көзделген тәртіппен пайдалануға;
3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны осы шартта белгіленген мөлшерде және шарттарда төлеуге;
4) жалға берушіге (оның заңды өкілдеріне), уәкілетті органдардың өкілдеріне жер учаскесіне қолжетімділікті қамтамасыз етуге;
5) осы шартты мерзімінен бұрын бұзу туралы жазбаша хабарламаны жалға берушіге кемінде 3 (үш) айдан кешіктірмей жіберуге;
6) жер учаскесін пайдалану кезінде қала құрылысы регламенттерінің, құрылыс, экологиялық, санитариялық-гигиеналық, өртке қарсы және өзге де қағидалардың, нормативтердің талаптарын сақтауға, оның ластануына, қоқыстануына жол бермеуге, жер учаскесінде және оның маңындағы аумақтарда экологиялық жағдайдың нашарлауына жол бермеуге, сондай-ақ аумақты абаттандыруды қамтамасыз етуге, Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де талаптарды сақтауға;
7) жалға берушіге өзінің деректемелерінің өзгергені туралы он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;
8) осы шарт тоқтатылған жағдайда жер учаскесін осы шарт тоқтатылған күннен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі негізінде тиесілі жай-күйде жалға берушіге қайтаруға міндетті;
9) жалға беруші біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шартын бұзған жағдайда Заңға сәйкес жалға берушіге АЭА қатысушы шартын тоқтатқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісі негізінде жер учаскесін тиесілі күйде қайтаруға;
10) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.»;
7-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«7. Жалға берушінің:
1) мынадай жағдайларда:
қосалқы жалға алушы жер учаскесін нысаналы мақсаты бойынша пайдаланбаған;
қосалқы жалға алушы жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны қатарынан 2 (екі) тоқсаннан астам уақыт енгізбеген;
Заңға сәйкес біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шартын бұзуға;
Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген өзге де жағдайларда шартты мерзімінен бұрын бұзуды талап етуге;
2) қосалқы жалға алушымен алдын ала келісе отырып, оны шарт талаптарының сақталуы мәніне тексеру мақсатында жер учаскесінің аумағына кіруге;
3) қосалқы жалға алушының шаруашылық қызметі нәтижесінде жер учаскесінің қасиетін және экологиялық ахуалды нашарлатумен келтірілген, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарында және осы шартта көзделген өзге де негіздер бойынша зияндарды өтеуге құқылы;
4) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де құқықтарға ие.»;
8-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«8. Жалға беруші мыналарға:
1) осы шарттың барлық талаптарын толық көлемде орындауға;
2) белгіленген тәртіппен осы шарт мемлекеттік тіркелген күнінен бастап 10 (он) жұмыс күні ішінде қабылдап алу-беру актісі бойынша жер учаскесін қосалқы жалға алушыға беруге;
3) жер учаскесін пайдаланғаны үшін төленетін ақыны аудару үшін өз шотының нөмірі өзгергені туралы қосалқы жалға алушыға он күн мерзімде жазбаша хабарлауға;
4) қосалқы жалға алушыға жер учаскесін ажырамайтын жақсартуларға байланысты шығындарын өтеуге міндетті;
5) АЭА қатысушы Заңға сәйкес біржақты тәртіпте шартты бұзған жағдайда АЭА қатысушы шартын тоқтатқан күннен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қабылдау-беру актісі негізінде жер учаскесін тиесілі күйде қайтарып алуға;
6) Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген өзге де міндеттері бар.»;
21-тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«21. Осы шарттың қолданылуы:
1) АЭА таратылған;
2) 20__ жылғы ___________ № ___ АЭА құрылатын жеке жер учаскелерін уақытша өтеулі қайталап пайдаланудың (қосалқы жалға алудың) шартының қолданылу мерзімі аяқталған;
3) осы шарт сот тәртібімен мерзімінен бұрын бұзылған;
4) Заңға сәйкес біржақты тәртіпте АЭА қатысушы шарты бұзылған жағдайларда тоқтатылады.»;
30-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«30. Осы шарт біреуі жалға берушіде, екіншісі қосалқы жалға алушыда болатын бірдей заңды күші бар екі данада жасалды.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.