О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 215 "Об утверждении Правил заключения контракта (договора) на государственное геологическое изучение недр"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 215 "Об утверждении Правил заключения контракта (договора) на государственное геологическое изучение недр"
- Атауы (қаз.)
- "Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 600
- Қабылданған күні
- 11.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 29.06.2018 106712_333188.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.06.2018
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014280
- ЭКБ идентификаторы
- 106712
- Редакция идентификаторы
- 106712_333188
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:07
0 «Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 215 бұйрығына (Қазақстан Республикасының нормативтік - құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізімінде № 10920 болып тіркелген, 2015 жылғы 19 мамырда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу қағидаларында:
3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«3. Бюджеттік қаражат есебінен қаржыландырылатын жер қойнауын мемлекеттік геологиялық зерттеуге келісімшарт (шарт) жасасу «Мемлекеттік сатып алу туралы» 2015 жылғы 4 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес жүзеге асырылады.».
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Геология және жер қойнауын пайдалану комитеті (Б.Қ.Нұрабаев):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2
2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін оның көшірмелерін қағаз және электрондық түрде күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін жіберуді;
3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
_____________ Қ. Бишімбаев
2016 жылғы «17» тамыз
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Энергетика министрі
_____________ Қ. Бозымбаев
2016 жылғы «29» тамыз