О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 27 августа 2015 года № 216 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача паспорта готовности энергопроизводящим и энергопередающим организациям с установленной электрической мощностью 5 МВт и менее, свыше 5 МВт или с установленной тепловой мощностью 100 Гкал/час и выше, а также имеющим на своем балансе электрические сети напряжением 35 кВ и ниже, 110 кВ и выше к работе в осенне-зимних условиях»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Жамбылской области от 27 августа 2015 года № 216 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача паспорта готовности энергопроизводящим и энергопередающим организациям с установленной электрической мощностью 5 МВт и менее, свыше 5 МВт или с установленной тепловой мощностью 100 Гкал/час и выше, а также имеющим на своем балансе электрические сети напряжением 35 кВ и ниже, 110 кВ и выше к работе в осенне-зимних условиях»
- Атауы (қаз.)
- «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ, өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 117
- Қабылданған күні
- 14.06.2018
- Қолданысқа енгізілген күні
- 23.07.2018
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2022 123272_615900.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V18G0003881
- ЭКБ идентификаторы
- 123272
- Редакция идентификаторы
- 123272_615900
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 00:05
0 «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан
төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген
жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары,
сондай-ақ, өз балансында кернеуі 35 кВ және
одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр
желілері бар энергия өндіруші және энергия
беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда
жұмысқа әзірлік паспортын беру»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына, «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ, өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы №216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №2785 болып тіркелген, 2015 жылғы 10 қазанда «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулының тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы»;
көрсетілген қаулының 1-тармағы келесі редакцияда жазылсын:
«1. «Қоса беріліп отырған «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті бекітілсін.»;
көрсетілген қаулымен бекітілген «Белгіленген электр қуаты 5 МВт және одан төмен, 5 МВт-тан жоғары немесе белгіленген жылу қуаты 100 Гкал/сағ және одан жоғары, сондай-ақ, өз балансында кернеуі 35 кВ және одан төмен, 110 кВ және одан жоғары электр желілері бар энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламенті»;
1-тармақтың бірінші абзацы келесі редакцияда жазылсын:
«1. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметті Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 14 сәуірдегі №281 «Электр энергетикасы саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы» бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11130 болып тіркелген) бекітілген «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына (бұдан әрі – Стандарт) сәйкес аудандар мен Тараз қаласы әкімдігінің тұрғын жай-коммуналдық шаруашылық, жолаушы көлігі және автомобиль жолдары бөлімдері (бұдан әрі – қызмет көрсетуші) көрсетеді.»;
3-тармақ келесі редакцияда жазылсын:
«3. Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесі: энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру, энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын ескертулермен беру, не стандарттың 10-тармағында көзделген негіздер бойынша мемлекеттік қызметті көрсетуден бас тарту туралы дәлелді жауап.
Мемлекеттік қызметті көрсету нәтижесін ұсыну нысаны: электрондық, қағаз түрінде.»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 1-қосымша»;
көрсетілген мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымшада:
жоғарғы оң жақ бұрыштағы мәтін келесі редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіне 2-қосымша»;
тақырыбы келесі редакцияда жазылсын:
«Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызметтің бизнес-процесс анықтамалығы».