О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Жамбылской области от 27 августа 2015 года № 216 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача паспорта готовности энергопроизводящим и энергопередающим организациям к работе в осенне-зимний период»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнения в постановление акимата Жамбылской области от 27 августа 2015 года № 216 «Об утверждении регламента государственной услуги «Выдача паспорта готовности энергопроизводящим и энергопередающим организациям к работе в осенне-зимний период»
- Атауы (қаз.)
- «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 183
- Қабылданған күні
- 06.09.2019
- Қолданысқа енгізілген күні
- 30.09.2019
- Көрсетілген редакция
- 24.11.2022 134718_615865.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 24.11.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19G0004329
- ЭКБ идентификаторы
- 134718
- Редакция идентификаторы
- 134718_615865
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:35
0 «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына
өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы Заңына және «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі Заңына сәйкес, Жамбыл облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» Жамбыл облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы № 216 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2785 болып тіркелген, 2015 жылдың 10 қазанында «Ақ жол» газетінде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтыру енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Энергия өндіруші және энергия беруші ұйымдарға күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа әзірлік паспортын беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентіде:
1) 5-тармағының 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) көрсетілетін қызметті алушы құжаттарды толық көлемде ұсынған жағдайда, жауапты орындаушы 3 (үш) күнтізбелік күн ішінде материалдарды энергия өндіруші, энергия беруші ұйымдардың күзгі-қысқы жағдайларда жұмысқа әзірлік паспортын алуға өтініштерді қарау жөніндегі комиссияға (бұдан әрі - комиссия) енгізеді;
5) комиссия 10 (он) күнтізбелік күн ішінде әзірлік паспортын алуға ұсынылған материалдарды зерделейді және мынадай дәйекті шешімдердің бірін қабылдайды:
әзірлік паспортын беру;
әзірлік паспортын ескертулермен беру;
әзірлік паспортын беруден бас тарту;»
2) 8-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын:
«Мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі:
көрсетілетін қызметті берушілерге құжаттар топтамасын тапсырған, сондай-ақ порталға өтініш берген кезден бастап күнтізбелік 20 (жиырма) күн ішінде.
Көрсетілетін қызметті алушы Стандарттың 9-тармағында көзделген құжаттардың толық болмаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайда көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.».
3) Қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді.