Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 220 "Об утверждении типового договора временного возмездного пользования (аренды) земельными участками, находящимися в частной собственности, на которых создается специальная экономическая зона"

Бұйрық · № 1284 · қабылданған 31.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-220/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 220 "Об утверждении типового договора временного возмездного пользования (аренды) земельными участками, находящимися в частной собственности, на которых создается специальная экономическая зона" Күшін жойған Бұйрық ·№ 1284 ·31.12.2015
19.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 220 "Об утверждении типового договора временного возмездного пользования (аренды) земельными участками, находящимися в частной собственности, на которых создается специальная экономическая зона"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1284 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 220 "Об утверждении типового договора временного возмездного пользования (аренды) земельными участками, находящимися в частной собственности, на которых создается специальная экономическая зона"
Атауы (қаз.)
"Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 220 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1284
Қабылданған күні
31.12.2015
Көрсетілген редакция
19.07.2019 98474_416920.kaz
Соңғы өзгеріс
19.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012979
ЭКБ идентификаторы
98474
Редакция идентификаторы
98474_416920
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:19

0 «Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 220 бұйрығына өзгерістер мен толықтыру енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шартын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің

2015 жылғы 27 ақпандағы № 220 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10691 болып тіркеліп, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
бұйрықтың атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шартын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қоса беріліп отырған Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарты бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалға алудың) үлгілік шартында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Арнайы экономикалық аймақ құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдаланудың (жалдаудың) үлгілік шарты»;
кіріспе мынадай редакцияда жазылсын:
«____________________қ. 20______ж. «__»____________
(шарт жасалған орын) (шарт жасалған күн)
_________________________________________________________________________,
(заңды тұлғаның атауы немесе жеке тұлғаның Т.А.Ә. (бар болған жағдайда))
тұлғасында________________________________________________________________
(жарғы, ереже, №___ ДК куәлігі, №___жеке басыныз куәлігі)
негізінде әрекет ететін, бұдан әрі «Жалға беруші» деп аталатын бір тараптан
және_____________________________________________________________тұлғасында
(басқарушы компанияның атауы)
__________________________________________________ негізінде әрекет ететін,
(жарғы, ереже) бұдан әрі «Жалға алушы» деп аталатын _______________________
екінші тараптан, бұдан әрі бірлесіп «Тараптар» деп аталып, мына
төмендегілер туралы осы жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану
(жалға алу) шартын (бұдан әрі - шарт) жасасты:»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Жалға беруші уақытша өтеулі пайдалануға (жалға алуға) берілген арнайы экономикалық аймақ (бұдан әрі - АЭА) аумағы шегінде 20____ жылғы «__»____________№__________________ тіркелген, меншік құқығын беретін 20 ____ жылғы «___»___________ № ______ мемлекеттік
актінің негізінде жеке меншік құқығында оған тиесілі жер учаскесін жалға алушыға береді.»;
4-тармақтың 4) және 5) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
«4) жалдау шарты - Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексіне, Заңға, өзге де нормативтік құқықтық актілерге сәйкес жалға беруші мен жалға алушы арасында жазбаша нысанда жасалған, Тараптар қол қойған, оған енгізілген барлық қосымшаларымен және толықтыруларымен бірге, АЭА құрылатын жеке меншіктегі жер учаскелерін уақытша өтеулі пайдалану (жалға алу) шарты;
5) жер учаскесі - ______________АЭА аумағындағы жер учаскесі;»;
5-тармақтың 6) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«6) қосалқы жалдау шарттарын жасасу құқығы бар;»;
мынадай мазмұндағы 11-1) тармақпен толықтырылсын:
«11-1. Жалға беруші осы шарттың әрекет ету мерзімін ұзарту туралы өтінішті жалға алушыға осы шарттың әрекет ету мерзімі өткенге дейін күнтізбелік 1 (бір) айдан кешіктірмей жібереді.»;
31-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«31. Шарт біреуі жалға берушіде, екіншісі – жалға алушыда болатын, ал үшіншісі тіркеу үшін әділет органдарына берілетін бірдей заңды күші бар үш данада жасалды.».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы