Құжат мәтініне өту

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 221 "Об утверждении перечня документов, прилагаемых к заявке на допуск в качестве лица, осуществляющего вспомогательный вид деятельности на территории специальной экономической зоны"

Бұйрық · № 1286 · қабылданған 31.12.2015
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-221/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 221 "Об утверждении перечня документов, прилагаемых к заявке на допуск в качестве лица, осуществляющего вспомогательный вид деятельности на территории специальной экономической зоны" Күшін жойған Бұйрық ·№ 1286 ·31.12.2015
02.07.2019 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 02.07.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 221 "Об утверждении перечня документов, прилагаемых к заявке на допуск в качестве лица, осуществляющего вспомогательный вид деятельности на территории специальной экономической зоны"

Күшін жойған Бұйрық ·№ 1286 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменения в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 221 "Об утверждении перечня документов, прилагаемых к заявке на допуск в качестве лица, осуществляющего вспомогательный вид деятельности на территории специальной экономической зоны"
Атауы (қаз.)
"Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
1286
Қабылданған күні
31.12.2015
Көрсетілген редакция
02.07.2019 98703_415097.kaz
Соңғы өзгеріс
02.07.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1500012963
ЭКБ идентификаторы
98703
Редакция идентификаторы
98703_415097
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 11:19

0 «Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің

2015 жылғы 27 ақпандағы № 221 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Нормативтік құқықтық актілер туралы» 1998 жылғы 24 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңының 43-1-бабы 1-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму Министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 221 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10675 болып тіркеліп, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 20 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Арнайы экономикалық аймақ аумағында қызметтің қосалқы түрін жүзеге асыратын тұлға ретінде рұқсат алу үшін өтінімге қоса берілетін құжаттар тізбесінде:
бесінші абзац мынадай редакцияда жазылсын:
«салыстыру үшін түпнұсқаларын бірмезгілде ұсына отырып, мердiгерлiк жұмыстардың және/немесе қызметтердің жекелеген түрлерін орындауға арнайы экономикалық аймақтың қатысушысымен жасалған шарттың көшірмесі;».

2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Инвестициялар комитеті (Е.Қ. Хаиров):

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін Республикалық құқықтық ақпарат орталығына ресми жариялауға оның көшірмелерін баспа және электрондық түрде жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында және мемлекеттік органдардың интранет-порталында орналастыруды;

4

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы бұйрықтың 2-тармағының 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

Қолданыстағы