О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 27 февраля 2015 года № 22/350 «О дополнительном бесплатном предоставлении лекарственных средств инвалидам и участникам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним при амбулаторном лечении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 27 февраля 2015 года № 22/350 «О дополнительном бесплатном предоставлении лекарственных средств инвалидам и участникам Великой Отечественной войны и лицам, приравненным к ним при амбулаторном лечении»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/350 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 16/180
- Қабылданған күні
- 09.12.2022
- Көрсетілген редакция
- 09.12.2022 175522_607452.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 09.12.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V22M0031117
- ЭКБ идентификаторы
- 175522
- Редакция идентификаторы
- 175522_607452
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 22:09
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/350 «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:
1
1.Маңғыстау облыстық мәслихатының «Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектеріне және соларға теңестірілген тұлғаларға амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы» 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/350 (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2659 болып тіркелген) шешіміне келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген шешімнің тақырыбы жаңа редакцияда жазылсын:
«Ұлы Отан соғысының қатысушыларына, мүгедектігі бар адамдарға және соларға теңестірілген тұлғаларға амбулаториялық емделу кезінде дәрілік заттарды қосымша тегін беру туралы»;
көрсетілген шешімнің кіріспесі жаңа редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасының «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодексінің 12 бабының 1 тармағының 5) тармақшасына сәйкес, Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШТІ:»;
көрсетілген шешімнің 1 тармағы жаңа редакцияда жазылсын:
«1. Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі, осы шешімнің қосымшасына сәйкес бекітілсін.»;
көрсетілген шешімнің қосымшасы осы шешімнің қосымшасына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Осы шешім оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
3 Ұлы Отан соғысының қатысушылары,мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі
2022 жылғы 9 желтоқсандағы
№ 16/180
шешіміне қосымша
Маңғыстау облыстық мәслихатының
2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 22/350 шешімімен бекітілген
Ұлы Отан соғысының қатысушылары,мүгедектігі бар адамдар және соларға теңестірілген тұлғаларды амбулаториялық емделу кезінде тегін қамтамасыз ету үшін дәрілік заттардың қосымша тізімі
№
Аурулардың атаулары
Дәрілік заттардың атаулары
1
Көз аурулары (катаракта, глаукома, конъюктивит)
витаминды көз тамшылары;
ісіп қызаруға қарсы көз тамшылары;
көз майы
2
Психикалық, неврологиялық аурулар (деменция, Альцгеймер ауруы)
галантамин;
мемантин;
донепезил
3
Ас қорыту мүшелерінің аурулары (асқазан ауруы, дуоденит, панкреатит, өт шығару жолдарының дискенезиясы)
антацидтер (алюмини магний гидрототығы, висмута рикалиядицитрат, фамотидин, омепразол);
құсыққа қарсы препараттар (домперидол, метаклопрамид);
спазмолитиктер (дротаверин, платифиллин);
іш жүргізетін (лактулоза, бисакодил);
ферменттер (панкреатин);
гепатопротекторлар (урсодезоксихол қышқылы, эссенциале, аргин);
жел қуатын құралдар (симетикон)
4
Тыныс алу мүшелерінің аурулары (бронхит, бронхоэктотикалық ауру)
муколитиктер (амброксол, бромгексин, ацетилцистеин);
назальды препараттар (нафазолин, бекламетазон)
5
Урологиялық аурулар (қуық асты безінің аденомасы, цистит)
гидрохлортиазид;
этакрин қышқылы;
тамсулозин
6
Тері аурулары (дерматит, экзема, псориаз, микозы)
клотримозол;
миконазол;
7
Қабынуға қарсы және қышуға қарсы дәрмектер
бетамезон;
мометазон;
гидрокортизон
8
Медициналық мақсаттағы бұйымдар
катетерлер;
жіңішке таяқ;
нәжіс сауыты;
зәр сауыты
9
Тісті протездеу
протез, имплант
10
Естуді протездеу
есту аппараты
11
Көзілдірік оптикасы
көзілдіріктер, жиектеме, әйнек