О внесении изменения в решение областного маслихата от 27 февраля 2015 года № 22/351 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников на 2015 год по Мангистауской области»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в решение областного маслихата от 27 февраля 2015 года № 22/351 «О ставках платы за пользование водными ресурсами из поверхностных источников на 2015 год по Мангистауской области»
- Атауы (қаз.)
- Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/351 «Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Өзге акт
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 27/412
- Қабылданған күні
- 29.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 29.07.2015 93345_22069.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 29.07.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V15M0002820
- ЭКБ идентификаторы
- 93345
- Редакция идентификаторы
- 93345_22069
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 13:53
0 Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы
27 ақпандағы № 22/351 «Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылға арналған жер үстi
көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны
үшін төлемақы ставкалары туралы»
шешіміне өзгеріс енгізу туралы
«Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі)» 2008 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексіне сәйкес облыстық мәслихат ШЕШІМ ҚАБЫЛДАДЫ:
1
1. Облыстық мәслихаттың 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/351 «Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары туралы» шешіміне (нормативтік құқықтық актілердің мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 2670 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 сәуірде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
«Маңғыстау облысы бойынша 2015 жылға арналған жер үстi көздерiндегі су ресурстарын пайдаланғаны үшін төлемақы ставкалары» қосымшасындағы «Су көздерінен балық аулайтын балық шаруашылығы, тұтынушылар (теңге/тонна)» 6-баған алынып тасталсын.
2 2. Маңғыстау облыстық мәслихаты аппаратының басшысы (Д.Сейбағытов) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде және бұқаралық ақпарат құралдарында оның ресми жариялануын қамтамасыз етсін.
3 3. Осы шешім әділет органдарында мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күшіне енеді және ол алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛIСIЛДI»
«Қазақстан Республикасы Қаржы
Министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті
Маңғыстау облысы бойынша мемлекеттік
кірістер департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________ А.Б. Тілегенов
«___» ________ 2015 жыл
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық Министрлігі Орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
комитетінің Маңғыстау облыстық орман
шаруашылығы және жануарлар дүниесі
аумақтық инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі басшысының
міндетін уақытша атқарушы
___________ Ғ.Ш. Досатов
«___» ________ 2015 жыл
«Қазақстан Республикасы Ауыл
шаруашылық Министрлігі
Су ресурстары комитетінің су
ресурстарын пайдалануды реттеу
және қорғау жөніндегі Жайық-Каспий
бассейндік инспекциясы» республикалық
мемлекеттік мекемесі Маңғыстау облыстық
бөлімінің басшысы
___________ Т.М. Адамбаев
«___» ________ 2015 жыл
«Қазақстан Республикасы Энергетика
Министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі
экологиялық реттеу, бақылау және
мемлекеттік инспекция комитетінің
Маңғыстау облысы бойынша
экология департаменті» республикалық
мемлекеттік мекемесінің басшысы
______________ Е.Қ. Умаров
«___» ________ 2015 жыл
«Маңғыстау облысының
энергетика және тұрғын үй-коммуналдық
шаруашылық басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің басшысы
___________ С.Х. Аманбеков
«___» ________ 2015 жыл
«Маңғыстау облыстының ауыл
шаруашылығы басқармасы»
мемлекеттік мекемесінің
басшысы
___________ Б. Ерсайынұлы
«___» ________ 2015 жыл
«Маңғыстау облысының
табиғи ресурстар және табиғат
пайдалануды реттеу басқармасы»
мемлекеттік мекемесі басшысы
___________ С.О. Сағынбаев
«___» ________ 2015 жыл