О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 27 февраля 2015 года № 22/353 «Об утверждении Правил содержания животных на территории города Жанаозен и аулов Рахат, Кызылсай, Тенге»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в решение Мангистауского областного маслихата от 27 февраля 2015 года № 22/353 «Об утверждении Правил содержания животных на территории города Жанаозен и аулов Рахат, Кызылсай, Тенге»
- Атауы (қаз.)
- Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы № 22/353 «Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Ереже
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 31/371
- Қабылданған күні
- 25.10.2019
- Көрсетілген редакция
- 28.05.2021 135744_527134.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.05.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V19M0004008
- ЭКБ идентификаторы
- 135744
- Редакция идентификаторы
- 135744_527134
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 18:05
0 Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы
№22/353 «Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге
ауылдарының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын
бекіту туралы» шешіміне өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2001 жылғы 23 қаңтардағы «Қазақстан Республикасындағы жергiлiктi мемлекеттiк басқару және өзiн-өзi басқару туралы», 2002 жылғы 10 шілдедегі «Ветеринария туралы» заңдарына және Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің міндетін атқарушының 2014 жылғы 19 желтоқсандағы №16-04/679 «Жануарларды өткізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №10131 болып тіркелген), сонымен қатар Маңғыстау облысының әділет департаментінің 2019 жылғы 30 қаңтардағы №10-11-205 ақпараттық хатының негізінде Маңғыстау облыстық мәслихаты ШЕШIМ ҚАБЫЛДАДЫҚ:
1
1. «Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау Қағидаларын бекіту туралы» Маңғыстау облыстық мәслихатының 2015 жылғы 27 ақпандағы №22/353 шешіміне (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу Тізілімінде №2661 болып тіркелген, 2015 жылғы 14 сәуірдегі «Маңғыстау» газетінде жарияланған) келесідей өзгерістер енгізілсін:
Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау қағидаларында:
10 тармақ келесідей мазмұнда жаңа редакцияда жазылсын:
«10. Ветеринариялық және бірегей есепке алу эпизоотиялық жағдайды, нысандардың ветеринариялық – санитариялық ахуалын бағалау, мемлекеттік ветеринариялық – санитариялық бақылау мен қадағалаудың және ветеринариялық қағидаларды сақталуын, сондай-ақ жүргізілген диагностикалық, эпизоотияға қарсы, емдік, ветеринариялық – санитариялық және жою іс-шараларының көлемін және тиімділігін анықтау үшін жүргізіледі.
Жеке және заңды тұлғалар олар белгіленген пунктке келгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде ветеринария саласында қызмет атқаратын жергілікті атқарушы органдардың бөлімшелерін, жергілікті атқарушы органдарымен құрылған мемлекеттік ветеринариялық ұйымдарды, мемлекеттік ветеринариялық - санитарлық бақылау және қадағалау органдарды жаңадан алынып жатқан (алынған) жануарды (жануарларды), оны (оларды) өткізу туралы хабарлайды.»;
21 тармақ жаңа редакцияда жазылсын:
«21. Жаңаөзен қаласы және Рахат, Қызылсай, Теңге ауылдарының аумағында жануарларды асырау Қағидасының сақталуын бақылауды Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес мемлекеттік органдар («Жаңаөзен қалалық ветеринария бөлімі» мемлекеттік мекемесі, «Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Жаңаөзен қалалық аумақтық инспекциясы» мемлекеттік мекемесі және «Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігі Маңғыстау облысының Полиция департаменті Жаңаөзен қаласының Полиция басқармасы» мемлекеттік мекемесі) жүзеге асырады.».
2
2. «Маңғыстау облыстық мәслихатының аппараты» мемлекеттік мекемесі (аппарат басшысы Ә.Қ. Дауылбаев) осы шешімнің әділет органдарында мемлекеттік тіркелуін, оның Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкі мен бұқаралық ақпарат құралдарында ресми жариялануын қамтамасыз етсін.