О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 249 «Об утверждении форм сведений для приложения к уведомлению о начале деятельности турагента, гида (гида-переводчика), экскурсовода и инструктора туризма»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 249 «Об утверждении форм сведений для приложения к уведомлению о начале деятельности турагента, гида (гида-переводчика), экскурсовода и инструктора туризма»
- Атауы (қаз.)
- «Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 236
- Қабылданған күні
- 28.07.2021
- Көрсетілген редакция
- 28.07.2021 157365_533800.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 28.07.2021
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2100023749
- ЭКБ идентификаторы
- 157365
- Редакция идентификаторы
- 157365_533800
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 07:22
0 «Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Турагент, гид (гид-аудармашы), экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қосымшаға мәліметтер нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы бұйрыққа:
1) 1-қосымшаға сәйкес турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;
2) 2-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысаны;
3) 3-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны;
4) 4-қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтің нысаны бекітілсін.»;
көрсетілген бұйрыққа 1-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Турагенттік қызметтің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер»;
2-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
3-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрыққа 4-қосымшада:
тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет».
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер
министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 236 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер
1. Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін өңір
_______________________________________________________.
2. Ақпараттық және (немесе) ұйымдастырушылық қызметтерін көрсететін тіл(-дері)
____________________________________________________________________.
2 Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет
министрдің міндетін атқарушы
2021 жылғы 28 шілдедегі
№ 236 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы Инвестициялар
және даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 249 бұйрығына
3-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын экскурсовод қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәлімет
Экскурсиялық қызметтерін көрсететін өңір___________________________
____________________________________________________________________.