О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 249 «Об утверждении форм сведений для приложения к уведомлению о начале турагентской деятельности, деятельности гида, экскурсовода и инструктора туризма, осуществляющих деятельность в Республике Казахстан в качестве индивидуальных предпринимателей»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 249 «Об утверждении форм сведений для приложения к уведомлению о начале турагентской деятельности, деятельности гида, экскурсовода и инструктора туризма, осуществляющих деятельность в Республике Казахстан в качестве индивидуальных предпринимателей»
- Атауы (қаз.)
- «Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 94
- Қабылданған күні
- 12.04.2023
- Көрсетілген редакция
- 12.04.2023 179733_624784.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 12.04.2023
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2300032294
- ЭКБ идентификаторы
- 179733
- Редакция идентификаторы
- 179733_624784
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 19:53
0 «Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Турагенттік қызметтің, Қазақстан Республикасында дара кәсіпкерлер ретінде қызметін жүзеге асыратын гид, экскурсовод және туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтердің нысандарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 249 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11209 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
корсетілген бұйрыққа 1 және 4-қосымшалар осы бұйрыққа 1 және 2-қосымшаларға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Туризм индустриясы комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрық қолданысқа енгізілгеннен кейін үш жұмыс күні ішінде оны Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
3 3) осы тармақта көзделген іс-шаралар орындалғаннан кейін үш жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Заң қызметі департаментіне іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күннен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
1 Нысан
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт министрі
2023 жылғы 12 сәуірдегі
№ 94 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы 27
ақпандағы № 249 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Турагенттік қызметтің басталғаны туралы
хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер
1. Туризмнiң ұйымдық нысандары:
1) халықаралық туризм ____________________________________________.
(келу және/немесе шығу туризмін көрсету)
2) ішкі туризм ____________________________________________________.
2. Кеңсенің орналасқан жері ________________________________________.
(мекен-жайды көрсету)
2 Нысан
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және спорт
министрі 2023 жылғы 12
сәуірдегі № 94 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму
министрінің 2015 жылғы 27
ақпандағы № 249 бұйрығына
4-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасында дара кәсіпкер ретінде қызметін жүзеге асыратын туризм нұсқаушысы қызметінің басталғаны туралы хабарламаға қоса беру үшін мәліметтер
1. Қызметтерді көрсететін өңір___________________________________.
2. Туристік маршруттармен жүріп өту тәжірибесі____________________.