Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 250 «Об утверждении Правил организации рабочего времени и отдыха членов экипажей воздушных судов гражданской и экспериментальной авиации Республики Казахстан»

Бұйрық · № 403 · қабылданған 17.06.2019
Заңдық күші: Қолданыста · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-250/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 250 «Об утверждении Правил организации рабочего времени и отдыха членов экипажей воздушных судов гражданской и экспериментальной авиации Республики Казахстан» Қолданыста Бұйрық ·№ 403 ·17.06.2019
17.06.2019 редакциясы
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.06.2019. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 250 «Об утверждении Правил организации рабочего времени и отдыха членов экипажей воздушных судов гражданской и экспериментальной авиации Республики Казахстан»

Қолданыста Бұйрық ·№ 403 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 февраля 2015 года № 250 «Об утверждении Правил организации рабочего времени и отдыха членов экипажей воздушных судов гражданской и экспериментальной авиации Республики Казахстан»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы № 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
403
Қабылданған күні
17.06.2019
Көрсетілген редакция
17.06.2019 132532_410931.kaz
Соңғы өзгеріс
17.06.2019
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1900018857
ЭКБ идентификаторы
132532
Редакция идентификаторы
132532_410931
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 19:29

0 «Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы

№ 250 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
«БҰЙЫРАМЫН:
1. «Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2015 жылғы 27 ақпандағы
№ 250 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10629 болып тіркелген, 2015 жылғы 7 сәуірде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасының азаматтық және эксперименттік авиациясы әуе кемелерінің экипаж мүшелерінің жұмыс уақыты мен демалысын ұйымдастыру тәртібі»;
16-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«16. Пайдаланушының шешімі бойынша ұшатын ең көп жұмыс уақытын ұзарту жүргізілгені туралы пайдаланушы мұндай шешім қабылдаудың себептерін көрсетіп, ұзартқаннан кейін күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде уәкілетті ұйымды хабардар етеді.»;
51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«51. Егер ұшатын жұмыс уақытының ұлғайтылуы немесе экипаж мүшелерінің демалу уақытының қысқартылуы 1 (бір) сағаттан асып кетсе, пайдаланушы әуе кемесі командирі есебінің көшірмесін қоса беріп және қабылданған шешімнің себептерін көрсетіп, көрсетілген оқиғалар орын алған күннен бастап күнтізбелік 28 (жиырма сегіз) күннен кешіктірілмейтін мерзімде бұл туралы уәкілетті ұйымды хабардар етеді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасы

Нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму
вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық 2019 жылғы 1 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.

«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
2019 жылғы «___» __________

Қолданыстағы