Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 августа 2015 года № 252/8 «Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование развития семеноводства»

Қаулы · № 81/2 · қабылданған 07.04.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 12.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-2528-ekb-111913/on/2026-08-12/
Басып шығарылды 2026-08-12 · adilet.kz
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 августа 2015 года № 252/8 «Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование развития семеноводства» Күшін жойған Қаулы ·№ 81/2 ·07.04.2017
25.12.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
12.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.12.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 августа 2015 года № 252/8 «Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование развития семеноводства»

Күшін жойған Қаулы ·№ 81/2 · 12.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 августа 2015 года № 252/8 «Об утверждении регламента государственной услуги «Субсидирование развития семеноводства»
Атауы (қаз.)
Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 252/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Қаулы
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
81/2
Қабылданған күні
07.04.2017
Көрсетілген редакция
25.12.2020 111913_502973.kaz
Соңғы өзгеріс
25.12.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V17P0005492
ЭКБ идентификаторы
111913
Редакция идентификаторы
111913_502973
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 05:28

0 Павлодар облысы әкімдігінің

2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқым
шаруашылығын дамытуды субсидиялау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
регламентін бекіту туралы» № 252/8
қаулысына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 252/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4736 болып тіркелді, 2015 жылғы 9 қазанда «Регион.kz» газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
5-тармақтың 3), 6) тармақшалары мынадай редакцияда жазылсын:
« 3) бөлімнің жауапты маманы ұсынылған құжаттардың стандарт талаптарына сәйкестігін зерделейді, стандарт талаптарына сәйкес болмаған жағдайда стандарттың 9-1 тармағында көрсетілген негіздер бойынша дәлелді түрде бас тартады, субсидиялар беруге оң шешім алған жағдайда тиесілі субсидиялар төлеу туралы мақұлдаған өтінімдердің тізімін және субсидиялар беруге теріс шешім қабылдаған өтініш берушілердің тізбесін облыс басқармасына жолдайды – 4 (төрт) жұмыс күні;»;
6) көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы қазынашылықтың аумақтық бөлімшесіне өтініш берушілердің шотына тиесілі субсидияларды аудару үшін төлем шоттары тізілімін және төлем шотын ұсынады – 3 (үш) жұмыс күні.»;
9-тармақтың 1) тармақшасындағы «стандарттың 9-қосымшасына» сөздері мен саны «стандарттың 12-қосымшасына» сөздері және сандарымен ауыстырылсын;
мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінің 2, 3-қосымшалары осы қаулының 1, 2-қосымшаларына сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.
2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулының ресми жариялануын;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3. Осы қаулының орындалуын бақылау облыс әкімінің орынбасары Б.Қ. Қасеновке жүктелсін.
4. Осы қаулы алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

1 Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып, құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау

Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «7» сәуірдегі
№ 81/2 қаулысына
1- қосымша
«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
2-қосымша
Мемлекеттік қызметті көрсету үшін қажетті әрбір рәсімнің (іс-қимылдың) ұзақтығын көрсете отырып,
құрылымдық бөлімшелер (қызметкерлер) арасындағы рәсімдер (іс-қимылдар) реттілігін сипаттау
1
2
3
4
5
6
7
8
1
Іс-қимылдың (жұмыс барысының, ағымының) №
1
2
3
4
5
6
2
Бірлік атауы
Бөлімнің кеңсе қызметкері
Бөлім басшылығы
Бөлімнің жауапты маманы
Көрсетілетін қызметті берушінің кеңсе қызметкері
Көрсетілетін қызметті берушінің басшылығы
Көрсетілетін қызметті берушінің жауапты маманы
3
Іс-қи­мыл­дың (про­це­стің, рә­сім­нің, опе­ра­ци­я­ның) ата­уы және си­патта­ма­сы
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау, тір­кеу,
Жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ны анық­тау, бұ­ры­шта­ма қою
Ұсы­ны­л­ған құ­жат­тар­дың стан­дарт­тың та­лап­та­ры­на сәй­кест­і­гін зер­де­лей­ді, стан­дарт та­лап­та­ры­на сәй­кес бол­ма­ған жағ­дай­да, стан­дарт­тың
9-1 тар­ма­ғын­да көр­се­ті­л­ген
негіз­дер бой­ын­ша дәлел­ді түр­де
бас тар­та­ды
Құ­жат­тар­ды қа­был­дау,
тір­кеу
Құ­жат­тар­ды
қа­рау
Құ­жат­тар­ды
қа­был­дау
1
2
3
4
5
6
7
8
4
Аяқ­тау ны­са­ны (де­ректер, құ­жат, ұй­ым­да­сты­ру-өкім­дік ше­шім)
Бұ­ры­шта­ма қою үшін құ­жат­тар­ды көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­лы­ғы­на жол­дау
Өті­ніш­ті және қо­са бе­рі­л­ген құ­жат­тар­ды жа­у­ап­ты орын­да­у­шы­ға бе­ру
Суб­си­ди­я­лар бе­ру­ге оң ше­шім ал­ған жағ­дай­да ти­е­сі­лі суб­си­ди­я­лар тө­леу ту­ра­лы ма­құл­да­ған өті­нім­дер­дің ті­зі­мін және суб­си­ди­я­лар бе­ру­ге те­ріс ше­шім қа­был­да­ған өті­ніш бе­ру­ші­лер­дің тіз­бе­сін об­лыс бас­қар­ма­сы­на жол­дай­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің бас­шы­сы­на жол­дай­ды
Көр­се­ті­ле­тін қыз­мет­ті бе­ру­ші­нің жа­у­ап­ты ма­ма­ны­на жі­бе­ру
Ти­е­сі­лі суб­си­ди­я­лар­ды ауда­ру үшін қа­зы­на­шы­лық­тың аумақ­тық бө­лім­ше­сіне тө­лем шот­та­ры ті­зі­лі­мін және тө­лем шот­та­рын ұсы­на­ды
5
Орындау мерзімі
15 (он бес) минуттан аспайды
30 (отыз) минуттан аспайды
4 (төрт) жұмыс күні
15 (он бес) минуттан аспайды
30 (отыз) минуттан аспайды
3 (үш) жұмыс күні
Өтінішті қараудың жалпы мерзімі – 8 (сегіз) жұмыс күні

2 «Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Павлодар облысы әкімдігінің
2017 жылғы «7» сәуірдегі
№ 81/2 қаулысына
2- қосымша
«Тұқым шаруашылығын дамытуды
субсидиялау» мемлекеттік көрсетілетін
қызмет регламентіне
3-қосымша
«Тұқым шаруашылығын дамытуды субсидиялау» мемлекеттік
қызметті көрсетудің бизнес-процестерінің анықтамалығы

Қолданыстағы