О признании утратившими силу приказа исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 253 «Об утверждении Правил предоставления субъектам малого предпринимательства в имущественный наем (аренду) или доверительное управление неиспользуемых объектов государственной собственности для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению с последующей безвозмездной передачей в собственность» и пункта 6 Перечня некоторых приказ
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О признании утратившими силу приказа исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 253 «Об утверждении Правил предоставления субъектам малого предпринимательства в имущественный наем (аренду) или доверительное управление неиспользуемых объектов государственной собственности для организации производственной деятельности и развития сферы услуг населению с последующей безвозмездной передачей в собственность» и пункта 6 Перечня некоторых приказ
- Атауы (қаз.)
- «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 253 бұйрығының және «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 79
- Қабылданған күні
- 13.08.2025
- Қолданысқа енгізілген күні
- 26.08.2025
- Көрсетілген редакция
- 13.08.2025 213390_776365.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 13.08.2025
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2500036635
- ЭКБ идентификаторы
- 213390
- Редакция идентификаторы
- 213390_776365
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 02:50
0
«Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 253 бұйрығының және «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 87 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі 6-тармағының күші жойылды деп тану туралы
«Құқықтық актілер туралы» Қазақстан Республикасының Заңы 27-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1 1. Мына:
1
1) «Өндірістік қызметті ұйымдастыру және халыққа қызметтер көрсету саласын дамыту үшін кейіннен меншікке өтеусіз бере отырып, мемлекеттік меншіктің пайдаланылмайтын объектілерін шағын кәсіпкерлік субъектілеріне мүліктік жалға (жалдауға) немесе сенімгерлік басқаруға беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 253 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2015 жылғы 6 мамырда № 10955 болып тіркелген);
2
2) «Кейбір бұйрықтарға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2022 жылғы 24 қарашадағы № 87 бұйрығымен бекітілген Өзгерістер мен толықтырулар енгізілетін кейбір бұйрықтардың тізбесі 6-тармағының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде 2022 жылғы 25 қарашада № 30732 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.
2
2. Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Мемлекеттік активтерді басқару саясаты департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін және оны алғашқы ресми жарияланғанынан кейін Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық 2025 жылғы 26 тамыздан бастап қолданысқа енгізіледі және ресми жариялануға тиіс.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі