О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 августа 2015 года № 253/8 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в постановление акимата Павлодарской области от 27 августа 2015 года № 253/8 «Об утверждении регламента государственной услуги «Аттестация лабораторий по экспертизе качества семян»
- Атауы (қаз.)
- Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 253/8 қаулысына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Қаулы
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 166/4
- Қабылданған күні
- 26.05.2016
- Көрсетілген редакция
- 14.01.2019 103414_386265.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 14.01.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V16P0005144
- ЭКБ идентификаторы
- 103414
- Редакция идентификаторы
- 103414_386265
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 09:01
0 Павлодар облысы әкімдігінің
2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқымның
сапасына сараптама жасау жөніндегі
зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет регламентін
бекіту туралы» № 253/8 қаулысына
өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының 2013 жылғы 15 сәуірдегі «Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» Заңының 16-бабы 3-тармағына сәйкес Павлодар облысының әкімдігі ҚАУЛЫ ЕТЕДІ:
1 1. Павлодар облысы әкімдігінің 2015 жылғы 27 тамыздағы «Тұқымның
сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентін бекіту туралы» № 253/8 қаулысына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 4737 болып тіркелді, 2015 жылғы 9 қазанда «Регион.kz» газетінде жарияланды) келесі өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген қаулымен бекітілген «Тұқымның сапасына сараптама жасау жөніндегі зертханаларды аттестаттау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет регламентінде:
«халыққа қызмет көрсету орталығымен» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясымен» сөздерімен ауыстырылсын;
«Халыққа қызмет көрсету орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнының Павлодар облысы бойынша филиалы» сөздері «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сөздерімен ауыстырылсын.
2 2. «Павлодар облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі заңнамамен белгіленген тәртіпте:
осы қаулының аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелуін;
осы қаулы аумақтық әділет органында мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберілуін;
осы қаулыны Павлодар облысы әкімдігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.