Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство»

Бұйрық · № 117 · қабылданған 19.04.2022
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-255-ekb-167100/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство» Қолданыста Бұйрық ·№ 117 ·19.04.2022
19.04.2022 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 19.04.2022. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство»

Қолданыста Бұйрық ·№ 117 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство»
Атауы (қаз.)
«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
117
Қабылданған күні
19.04.2022
Көрсетілген редакция
19.04.2022 167100_572281.kaz
Соңғы өзгеріс
19.04.2022
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2200027810
ЭКБ идентификаторы
167100
Редакция идентификаторы
167100_572281
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 02:24

0 «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255

бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10871 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
кіріспесі мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) Қазақстан Республикасы Жер кодексінің (бұдан әрі – Кодекс) 14-бабы 1-тармағының 16-5) тармақшасына сәйкес әзірленді және Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру тәртібін айқындайды.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Кодекстің 48-бабы 1-тармағына сәйкес сауда-саттықта (аукциондарда) сатуға ұсынылатын жер учаскелерінің тізбесіне енгізілгендерді қоспағанда, жеке тұрғын үй құрылысына арналған жер учаскелері Қазақстан Республикасының азаматтарына 0,10 гектар мөлшерде жеке меншікке тегін беріледі.
Кодекстің 94-бабы 4-тармағында көрсетілген жағдайларды қоспағанда, жер учаскелерін аталған мақсаттар үшін қайталап тегін беруге жол берілмейді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Индустрия және инфрақұрылымдық
даму министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы