Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство»

Бұйрық · № 28 · қабылданған 29.01.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-255-ekb-206891/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство» Қолданыста Бұйрық ·№ 28 ·29.01.2025
29.01.2025 редакциясы
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 29.01.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство»

Қолданыста Бұйрық ·№ 28 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 255 «Об утверждении Правил предоставления прав на земельные участки под индивидуальное жилищное строительство»
Атауы (қаз.)
«Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
28
Қабылданған күні
29.01.2025
Көрсетілген редакция
29.01.2025 206891_742807.kaz
Соңғы өзгеріс
29.01.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500035690
ЭКБ идентификаторы
206891
Редакция идентификаторы
206891_742807
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 06:17

0 «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 255 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10871 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелеріне құқықтар беру қағидаларында:
6-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«6. Сумен және электрмен жабдықтау желілерімен қамтамасыз етілген алаңдарда жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беруге жол беріледі.
Орталықтандырылған сумен жабдықтау жоқ елді мекендерде мұндай жер учаскелерін беруге электрмен жабдықтау желілері болған кезде ғана жол беріледі.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін сұраған кезде азаматтардың өтініштері (өтінішхаттары) арнайы есепке алынады және бөліп беруге арналған алаңдарды дайын болуына қарай не жеке тұрғын үй құрылысы үшін пайдаланылатын бос аумақтар болған кезде қанағаттандырылады.
Қазақстан Республикасының азаматтарына жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін беру олардың өтініштері арнаулы есепке қойылғаннан кейін жүзеге асырылады.»;
13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«13. Бұрын уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығымен жеке тұрғын үй құрылысы үшін берілген жер учаскесін жеке меншікке алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары жер учаскесінің орналасқан жері бойынша ЖАО-ға өтініш береді.».

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрық ресми жарияланғаннан кейін оның Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы Цифрлық даму,
инновациялар және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы