О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 262 «Об утверждении Правил включения и исключения субъектов рынка из Государственного реестра субъектов рынка, занимающих доминирующее или монопольное положение»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 262 «Об утверждении Правил включения и исключения субъектов рынка из Государственного реестра субъектов рынка, занимающих доминирующее или монопольное положение»
- Атауы (қаз.)
- «Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Күшін жойған
- Тізілімдегі мәртебе коды
- yts
- Нөмірі
- 552
- Қабылданған күні
- 21.07.2015
- Көрсетілген редакция
- 30.11.2015 93131_167689.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.11.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500011908
- ЭКБ идентификаторы
- 93131
- Редакция идентификаторы
- 93131_167689
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 14:02
0 «Нарық субъектілерін Үстем
немесе монополиялық жағдайға
ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан
шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы
27 наурыздағы № 262 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Бәсекелестік туралы» 2008 жылғы 25 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасы Заңының 39-бабының 9) тармақшасына
сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика Министрі міндетін атқарушысының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 262 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерін мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10816 тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 12 мамырда жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Нарық субъектілерін Үстем немесе монополиялық жағдайға ие нарық субъектілерінің мемлекеттік тізіліміне енгізу және одан шығару қағидаларында:
5-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«5. Тізілімді қалыптастыру Заңның 39-бабының 14) тармақшасына сәйкес бекітілетін Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу әдістемелеріне сәйкес монополияға қарсы орган ведомствосы жүргізген тауар нарықтарын талдау нәтижелері негізінде жүзеге асырылады.
Тауар нарығындағы бәсекелес ортаның жай-күйіне талдау және бағалау жүргізу нәтижелері бойынша монополияға қарсы орган ведомствосы төрағасының, ол болмаған жағдайда оның міндетін атқарушының шешімі бойынша Тізілімге енгізу немесе шығару немесе оған өзгерістер және (немесе) толықтырулар енгізу туралы бәсекелес органның ведомствосы күнтізбелік он күн ішінде бұйрық шығарады.
Егер нарық субъектісі Тізілімде тұратын көрсетілетін қызметтің атауы тиісті нормативтік құқықтық актінің негізінде өзгеретін болса, бірақ бұл ретте қызметті көрсетудің технологиялық процесі өзгеріске ұшырамаса, Тізілімде тұрған нарық субъектісінің көрсетілетін қызметінің атауына өзгеріс жаңа (қосымша) талдау жүргізілмей енгізіледі.».