Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказы исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли» и исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 22 июня 2023 года № 242-НҚ «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков, требований к содержанию территории, оборудованию и оснащению торгового рынка» и признании утратившими силу приказов Министра национальной экономи

Бұйрық · № 270-НҚ · қабылданған 25.09.2025
Заңдық күші: Қолданыста · 11.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-264-22-2023-no-242-28-2015-no-160-9-2023-no-100-28-2015-no-160/on/2026-08-11/
Басып шығарылды 2026-08-11 · adilet.kz
О внесении изменений в приказы исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли» и исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 22 июня 2023 года № 242-НҚ «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков, требований к содержанию территории, оборудованию и оснащению торгового рынка» и признании утратившими силу приказов Министра национальной экономи Қолданыста Бұйрық ·№ 270-НҚ ·25.09.2025
25.09.2025 редакциясы
11.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 25.09.2025. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказы исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли» и исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 22 июня 2023 года № 242-НҚ «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков, требований к содержанию территории, оборудованию и оснащению торгового рынка» и признании утратившими силу приказов Министра национальной экономи

Қолданыста Бұйрық ·№ 270-НҚ · 11.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказы исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли» и исполняющего обязанности Министра торговли и интеграции Республики Казахстан от 22 июня 2023 года № 242-НҚ «Об утверждении Правил организации деятельности торговых рынков, требований к содержанию территории, оборудованию и оснащению торгового рынка» и признании утратившими силу приказов Министра национальной экономи
Атауы (қаз.)
«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 және «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу және «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етуд
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
270-НҚ
Қабылданған күні
25.09.2025
Қолданысқа енгізілген күні
11.10.2025
Көрсетілген редакция
25.09.2025 214764_785009.kaz
Соңғы өзгеріс
25.09.2025
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2500036943
ЭКБ идентификаторы
214764
Редакция идентификаторы
214764_785009
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 02:01

0

«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 және «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрықтарына өзгерістер енгізу және «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 және «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 100-НҚ бұйрықтарының күші жойылды деп тану туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
38-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«38. Жергілікті атқарушы органдар ішкі сауданы дамытуға халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекітеді.
Халықтың сауда алаңымен нақты қамтамасыз етілуі мынадай формула бойынша есептеледі:
А = В / С, мұнда
А – 1000 адамға шаққанда халықтың сауда алаңымен қамтамасыз етілуі;
В – сауда алаңы, шаршы метр;
С – халық саны, мың адам.».

2

2. «Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидаларын, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрінің міндетін атқарушының 2023 жылғы 22 маусымдағы № 242-НҚ бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32884 болып тіркелген) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Сауда базарларының қызметін ұйымдастыру қағидалары, сауда базарының аумағын күтіп-ұстауға, оны жабдықтауға және жарақтандыруға қойылатын талаптарда:
2-тармақтың 29) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«29) стационарлық емес сауда объектісі – сауда қызметі және (немесе) қоғамдық тамақтандыру үшін пайдаланылатын инженерлік-техникалық қамтамасыз ету желілеріне қосылуының (технологиялық жалғануының) болуына немесе болмауына қарамастан, жермен берік байланыспаған уақытша құрылысжай немесе уақытша конструкция, оның ішінде автоматтандырылған құрылғы немесе көлiк құралы».

3 3. «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төменгі нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10647 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

4

4. «Халықты сауда алаңымен қамтамасыз етудің ең төмен нормативтерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 28 ақпандағы № 160 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сауда және интеграция министрінің 2023 жылғы 9 наурыздағы № 100-НҚ бұйрығының (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 32049 болып тіркелген) күші жойылды деп танылсын.

5 5. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықтың алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін оны Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

6 6. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

7 7. Осы бұйрық осы бұйрықтың 2026 жылғы 19 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілетін 1, 3 және 4-тармақтарын қоспағанда, алғаш ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ауыл шаруашылығы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Денсаулық сақтау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Еңбек және халықты әлеуметтік
қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Төтенше жағдайлар министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ішкі істер министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Цифрлық даму, инновациялар
және аэроғарыш
өнеркәсібі министрлігі

Қолданыстағы