О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 175-НҚ
- Қабылданған күні
- 19.08.2020
- Көрсетілген редакция
- 19.08.2020 145594_476736.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.08.2020
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2000021113
- ЭКБ идентификаторы
- 145594
- Редакция идентификаторы
- 145594_476736
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 13:10
0 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген, 2015 жылғы 28 қыркүйекте «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
50-тармақ мынандай редакцияда жазылсын:
«50. Бөлшек сауданы жүзеге асыратын сатушы, Қазақстан Республикасының халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі, машиналар мен жабдықтардың қауіпсіздігі, сондай-ақ тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы заңнамасында шектеу белгіленген жағдайларды қоспағанда, тауарды сатып алуға жүгінетін әрбір адамға тауарды өткізеді.
Алкоголь өнімін және (немесе) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды сатушыда сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда, сатушы:
1) жеке басын куәландыратын құжатты (оның ішінде шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжатты) ұсынуды талап етеді;
2) егер жеке басын куәландыратын құжат (оның ішінде шетел азаматының жеке басын куәландыратын құжат) ұсынылмаған жағдайда, алкоголь өнімін және (немесе) темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекі бұйымдарын, кальянға арналған темекіні, кальян қоспасын, темекіні қыздыруға арналған жүйелерді, электрондық тұтыну жүйелері мен олар үшін сұйықтықтарды сатудан бас тартады.».