О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли»
- Атауы (қаз.)
- «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 386-НҚ
- Қабылданған күні
- 30.09.2022
- Көрсетілген редакция
- 30.09.2022 172337_595137.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 30.09.2022
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V2200029922
- ЭКБ идентификаторы
- 172337
- Редакция идентификаторы
- 172337_595137
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 31.07.2026 23:41
0 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:
1 1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) келесідей өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
28-тармақтың 14) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«14) сауда алаңы екі мың шаршы метрден астам стационарлық сауда объектілерінде сатып алушылар үшін жабдықталған қоғамдық дәретхана бөлмелерінің, мүгедектігі бар адамдар мен жүріп-тұру мүмкіндігі шектеулі халықтың басқа да топтары үшін арнайы дәретханалардың болуы;»;
40-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«40. Салынып жатқан және реконструкцияланып жатқан қоғамдық тамақтандыру объектілерінде (мейрамханаларда, дәмханаларда, барларда, асханаларда) мүгедектігі бар адамдарға қызмет көрсету үшін кресло- арбалардың өтуі үшін кіреберіс есіктердің жанында көлбеу пандустар, лифтілер, залдарда кресло - арбалардың бұрылуы үшін алаңдар, сәулет, қала құрылысы және құрылыс саласындағы мемлекеттік нормативтік құжаттардың қолданыстағы талаптарына сәйкес арнайы жабдықталған дәретхана бөлмелері көзделеді.»;
104-10-тармақтың бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«104-10. Сауда орнында өлшеу аспаптарын (өлшеу ыдыстарын, таразыларды, гір және басқа да аспаптарды), фискальдық жады бар бақылау-касса машиналарын қолданған кезде Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2022 жылғы 21 ақпандағы № 55 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 26867 болып тіркелген) Өрт қауіпсіздігі қағидаларына сәйкес оларды орнату үшін жағдайлар қамтамасыз етіледі.».
2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Еңбек және халықты
әлеуметтік қорғау министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Төтенше жағдайлар министрлігі