Құжат мәтініне өту

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли»

Бұйрық · № 405-НҚ · қабылданған 13.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-264-ekb-188268/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли» Қолданыста Бұйрық ·№ 405-НҚ ·13.11.2023
13.11.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли»

Қолданыста Бұйрық ·№ 405-НҚ · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 264 «Об утверждении Правил внутренней торговли»
Атауы (қаз.)
«Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
405-НҚ
Қабылданған күні
13.11.2023
Көрсетілген редакция
13.11.2023 188268_664432.kaz
Соңғы өзгеріс
13.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033632
ЭКБ идентификаторы
188268
Редакция идентификаторы
188268_664432
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:49

0 «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1 1. «Ішкі сауда қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 264 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11148 болып тіркелген) келесі өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ішкі сауда қағидаларында:
2-тармақ мынадай мазмұндағы 35-1) тармақшамен толықтырылсын:
«35-1) сауда базарын жаңғырту – автодүкендерді қоспағанда, стационарлық немесе стационарлық емес сауда объектілерінің пайдалану көрсеткіштерін құрылыс-монтаждау жұмыстары, қолданыстағы ғимаратты қайта құру, қайта жаңарту немесе аумақтың қолданыстағы шекараларында жаңа ғимарат салу арқылы объектіні пайдаланудың қазіргі заманғы талаптары мен технологияларына сәйкес келтіруге бағытталған іс-шаралар кешені;»;
2-тармақтың 56) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«56) тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) сапасы – тауардың (жұмыстың, көрсетілетін қызметтің) тұтынушы қажеттіліктерін қанағаттандыру қабілетіне жататын сипаттамаларының жиынтығы;»;
2-тармақтың 63) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«63) ішкі сауда – жеке және заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасы аумағында тауарларды сатып алуды-сатуды жүзеге асыруға бағытталған кәсіпкерлік қызметі;»;
мынадай мазмұндағы 33-1-тармақпен толықтырылсын:
«33-1. Сауда базарының меншік иесі 1.04-26-2022 «Азаматтық, өндірістік ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңғырту, күрделі және ағымдағы жөндеу» Қазақстан Республикасының құрылыс нормаларында белгіленген талаптарға сәйкес жаңғыртуды жүзеге асырады.».

2 2. Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Сауда және интеграция вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Өнеркәсіп және құрылыс
министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы