Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 268 «Об утверждении Правил рационального использования земель сельскохозяйственного назначения»

Бұйрық · № 449 · қабылданған 14.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-268/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 268 «Об утверждении Правил рационального использования земель сельскохозяйственного назначения» Күшін жойған Бұйрық ·№ 449 ·14.11.2017
17.01.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 17.01.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 268 «Об утверждении Правил рационального использования земель сельскохозяйственного назначения»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 449 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 268 «Об утверждении Правил рационального использования земель сельскохозяйственного назначения»
Атауы (қаз.)
«Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
449
Қабылданған күні
14.11.2017
Көрсетілген редакция
17.01.2020 116900_440854.kaz
Соңғы өзгеріс
17.01.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016081
ЭКБ идентификаторы
116900
Редакция идентификаторы
116900_440854
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:17

0 «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 268 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11549 болып тіркелген, 2015 жылғы 22 шілдеде «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерді ұтымды пайдалану қағидаларында:
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Осы Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану қағидалары (бұдан әрі – Қағидалар) 2003 жылғы 20 маусымдағы Қазақстан Республикасы Жер кодексінің 14-бабы 1-тармағының 2-1) тармақшасына сәйкес әзірленді және жайылымдарды қоспағанда, ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді ұтымды пайдалану тәртібін айқындайды.»;
3-тармақтың 4) тармақшасы алып тасталсын;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Ауыл шаруашылығы мақсатындағы жердің ұтымды пайдаланылуын айқындау үшін ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерде келесі құжаттар болуы қажет:
1) Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігінің Статистика комитеті төрағасының 2014 жылғы 4 желтоқсандағы № 67 бұйрығымен бекітілген (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 10134 болып тіркелген) индексі 4-аш, кезеңділігі жылдық, «Себілген егістіктің қорытындысы туралы есеп» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер, индексі 29-аш, кезеңділігі жылдық, «Ауылшаруашылық дақылдардың түсімін жинау туралы» жалпымемлекеттік статистикалық байқаудың статистикалық нысаны бойынша статистикалық деректер (жерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланғанда);
2) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша ауыспалы егістік жоспары (жерді өсімдік шаруашылығы үшін пайдаланғанда);
3) ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобалары;
4) ауыл шаруашылығы мақсатындағы жер учаскелерінің паспорты.»;
10, 15, 16, 17-тармақтар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Мал шаруашылығы департаменті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне енгізу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрық мемлекеттік тіркелгеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына ресми жариялауға жіберілуін;

4 4) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
____________Т. Сүлейменов
2017 жылғы 28 қараша

Қолданыстағы