О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 271 "О размещении государственного образовательного заказа на переподготовку и повышение квалификации кадров в области здравоохранения на 2015 год"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменения в приказ Министра здравоохранения и социального развития Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 271 "О размещении государственного образовательного заказа на переподготовку и повышение квалификации кадров в области здравоохранения на 2015 год"
- Атауы (қаз.)
- "Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 271 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 1001
- Қабылданған күні
- 23.12.2015
- Көрсетілген редакция
- 23.12.2015 98491_74426.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 23.12.2015
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1500012914
- ЭКБ идентификаторы
- 98491
- Редакция идентификаторы
- 98491_74426
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 11:44
0 «Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды
қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға
2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру туралы»
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау
және әлеуметтік даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі № 271
бұйрығына өзгеріс енгізу туралы
«Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» 2009 жылғы 18 қыркүйектегі Қазақстан Республикасы Кодексінің 7-бабының 1- тармағының 15) тармақшасына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1.«Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы» Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 271 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №11208 болып тіркелген, 2015 жылғы 25 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жарияланған) мынадай өзгеріс енгізілсін:
Көрсетілген бұйрыққа қосымшаға сәйкес Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға 2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру тапсырысы осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес редакцияда жазылсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Ғылым және адами ресурстар департаменті:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде бұқаралық ақпарат құралдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күннің ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің Заң қызметі департаментіне беруді қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму вице-министрі Е.А. Біртановқа жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оны алғашқы ресми жариялаған күнінен кейін қолданысқа енгізіледі және 2015 жылғы 17 қарашадан бастап туындаған қатынастарға қолданылады.
9 Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 23 желтоқсандағы
№ 1001
бұйрығына қосымша
Қазақстан Республикасы
Денсаулық сақтау және әлеуметтік
даму министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 271
бұйрығына қосымша
Денсаулық сақтау саласындағы кадрларды
қайта даярлауға және олардың біліктілігін арттыруға
2015 жылға арналған мемлекеттік білім беру
тапсырысын орналастыру туралы
Р/р№
Денсау
лық сақтау саласында
ғы білім беру ұйымдары
Бөлін
ген орын
дар
дың жал
пы саны
Білім деңгейі бойынша бөлінген орындар саны
Кәсіптік жоғарғы білімі бар мамандар
Кәсіптік орта білімі бар мамандар
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
ҚД
БА
БА
2
ай
4
ай
5
ай
1 апта
2 апта
4 апта
1 апта
2 апта
1.
Астана медицина универси
теті
14535
535
852
193
2344
*
1946
1216
4494
**
2955
БАРЛЫҒЫ
14535
535
852
193
2344
1946
1216
4494
2955
Ескертпе: аббревиатураны ашып жазу:
ҚД – қайта даярлау
БЖ – білімін жетілдіру
*1 апталық біліктілікті арттыру курсында 2 344 кәсіптік жоғарғы білімі бар маман, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып – 280 маман оқудан өтеді;
**1 апталық біліктілікті арттыру курсында 4 494 кәсіптік орта білімі бар маман, оның ішінде шетел мамандарын тарта отырып – 25 маман оқудан өтеді.