Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 272 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере земельных отношений, геодезии и картографии»

Бұйрық · № 19 · қабылданған 18.01.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 13.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-272-ekb-110181/on/2026-08-13/
Басып шығарылды 2026-08-13 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 272 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере земельных отношений, геодезии и картографии» Күшін жойған Бұйрық ·№ 19 ·18.01.2017
31.10.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
13.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 31.10.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 272 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере земельных отношений, геодезии и картографии»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 19 · 13.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра национальной экономики Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 272 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере земельных отношений, геодезии и картографии»
Атауы (қаз.)
«Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
19
Қабылданған күні
18.01.2017
Көрсетілген редакция
31.10.2020 110181_488709.kaz
Соңғы өзгеріс
31.10.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700014862
ЭКБ идентификаторы
110181
Редакция идентификаторы
110181_488709
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 06:25

0 «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы»

Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Жер қатынастары, геодезия және картография саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 272 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11050 болып тіркелген, 2015 жылғы 4 маусымда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықтың 1-тармағы 16) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«16) «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты осы бұйрықтың 16-қосымшасына сәйкес;»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты»;
1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«1. «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызметі (бұдан әрі мемлекеттік көрсетілетін қызмет).»;
2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«2. Мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартын Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі Министрлік) әзірледі.»;
4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«4. Көрсетілетін қызметті берушінің мемлекеттік қызметті көрсету мерзімі: елді мекендердің жерлері үшін 5 (бес) жұмыс күні, басқа санаттағы жерлер үшін 10 (он) жұмыс күні, бұл ретте құжаттар қабылданған күн мемлекеттік қызметті көрсету мерзіміне кірмейді.
Құжаттар топтамасын тапсыру үшін күтудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
Қызмет көрсетудің жол берілетін ең ұзақ уақыты 15 (он бес) минут.
Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбаған және (немесе) қолданылу мерзімі өтіп кеткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.»;
11-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«11. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері бойынша көрсетілетін қызметті берушінің және (немесе) оның лауазымды адамдарының және (немесе) олардың қызметкерлерінің шешімдеріне, әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) шағымдану: шағым көрсетілген қызметті беруші басшысының, Министрліктің атына мына мекенжай бойынша беріледі: Астана қаласы, Кенесары көшесі, 36-үй.
Шағымдар жазбаша нысанда пошта арқылы не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесі арқылы қолма-қол қабылданады.
Көрсетілетін қызметті берушінің қызметкері дөрекі қызмет көрсеткен жағдайда, шағым көрсетілетін қызметті беруші басшысының атына беріледі.
Қолма-қол, сол сияқты пошта арқылы келіп түскен шағымды көрсетілетін қызметті берушінің кеңсесінде тіркеу (мөртаңба, кіріс нөмірі және тіркелген күні шағымның екінші данасына немесе шағымға ілеспе хатқа қойылады) оның қабылданғанын растау болып табылады.
Шағымда:
1) жеке тұлғаның оның тегі, аты, әкесінің аты (бар болған кезде), пошталық мекенжайы;
2) заңды тұлғаның оның атауы, пошталық мекенжайы, шығыс нөмірі және күні көрсетіледі.
Көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады. Шағымды қарау нәтижелері туралы дәлелді жауап пошта байланысы арқылы көрсетілетін қызметті алушыға жіберіледі не көрсетілетін қызметті берушінің немесе Министрліктің кеңсесінде қолма-қол беріледі.
Көрсетілген мемлекеттік қызметтің нәтижелерімен келіспеген жағдайда, көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органға шағыммен жүгіне алады.
Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасын бағалау және бақылау жөніндегі уәкілетті органның атына келіп түскен көрсетілетін қызметті алушының шағымы тіркелген күнінен бастап 15 (он бес) жұмыс күні ішінде қарауға жатады.»;
14, 15 және 16-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«14. Мемлекеттік қызметті көрсету орындарының мекенжайлары:
1) көрсетілетін қызметті берушінің ғимараттарындағы стендтерде;
2) көрсетілетін қызметті берушінің www.con.gov.kz интернет-ресурсында орналастырылған.
15. Көрсетілетін қызметті алушының қашықтықтан қол жеткізу режимінде мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі бірыңғай байланыс орталығы арқылы мемлекеттік қызметті көрсетудің тәртібі туралы ақпаратты алу мүмкіндігі бар.
Қажет болған жағдайда, көрсетілетін қызметті алушының бір мезетте «Мемлекет жеке меншікке сататын нақты жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын бекіту» мемлекеттік көрсетілетін қызметін алуға өтініш беру мүмкіндігі бар.
16. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі анықтамалық қызметтердің байланыс телефондары: 8 (7172) 55-93-33. Мемлекеттік қызметтер көрсету мәселелері жөніндегі Бірыңғай байланыс орталығы: 1414.»;
көрсетілген стандартқа 1-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау)
құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
1-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 1-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскелерінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызметін көрсету бойынша жұмыстардың құнын есептеу»;
көрсетілген стандартқа 2-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау)
құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына
2-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 2-қосымшаның атауы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындауға өтініш»;
көрсетілген стандартқа 3-қосымшаның оң жақ жоғары бұрышы мынадай редакцияда жазылсын:
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау)
құнын айқындау» мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша»;
көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің Жер ресурстарын басқару комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесінің мерзімді баспа басылымдарына, сондай-ақ ресми жариялау және Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне қосу үшін «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурсына орналастырылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін

Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар министрі
Д. Абаев
2017 жылғы 31 қаңтар
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
Т. Сүлейменов
2017 жылғы 27 қаңтар

0 Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат

Қазақстан Республикасы
Премьер-Министрінің
орынбасары –
Қазақстан Республикасы
Ауыл шаруашылығы
министрінің
2017 жылғы 18 қаңтардағы
№19 бұйрығына
қосымша
«Жер учаскесінің кадастрлық
(бағалау) құнын айқындау»
мемлекеттік көрсетілетін қызмет
стандартына
3-қосымша
нысан
_________________________________
(Т.А.Ә. (бар болған кезде) немесе көрсетілетін
_________________________________
қызметті алушы ұйымның атауы
_________________________________
көрсетілетін қызметті алушының мекенжайы)
Құжаттарды қабылдаудан бас тарту туралы қолхат
«Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы» 2013 жылғы 15 cәуірдегі Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 2-тармағын басшылыққа ала отырып, «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КАҚ филиалының №__ бөлімі (мекенжайын көрсету) Сіздің «Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында көзделген тізбеге сәйкес құжаттар топтамасын толық ұсынбауыңызға байланысты, атап айтқанда, жоқ құжаттардың атауы:
1) __________________________________________________________;
2) __________________________________________________________;
3) ___________________________________________________________.
«Жер учаскесінің кадастрлық (бағалау) құнын айқындау» мемлекеттік қызмет көрсетуге арналған құжаттарды қабылдаудан бас тартады.
Осы қолхат әр тарапқа бір-бірден 2 данада жасалды.
_________________________________________________________________
(мемлекеттік корпорациясы қызметкерінің Т.А.Ә. (бар болған кезде)
қолы, телефон)
Алдым:___________________________________ «___» _______ 20_____ ж.
(Т.А.Ә. (бар болған кезде) көрсетілетін қызметті алушының қолы, күні)

Қолданыстағы