Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 277 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих, воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время»

Бұйрық · № 878 · қабылданған 13.12.2021
Заңдық күші: Қолданыста · 14.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-277-ekb-162719/on/2026-08-14/
Басып шығарылды 2026-08-14 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 277 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих, воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время» Қолданыста Бұйрық ·№ 878 ·13.12.2021
13.12.2021 редакциясы
14.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 13.12.2021. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 277 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих, воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время»

Қолданыста Бұйрық ·№ 878 · 14.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра обороны Республики Казахстан от 27 мая 2015 года № 277 «Об утверждении норм снабжения вещевым имуществом военнослужащих, воинских частей и учреждений Вооруженных Сил Республики Казахстан на мирное время»
Атауы (қаз.)
«Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
878
Қабылданған күні
13.12.2021
Көрсетілген редакция
13.12.2021 162719_556198.kaz
Соңғы өзгеріс
13.12.2021
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
G21B0000878
ЭКБ идентификаторы
162719
Редакция идентификаторы
162719_556198
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
01.08.2026 05:06

0 «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің 2015 жылғы 27 мамырдағы № 277 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11557 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Бейбіт уақытқа арналған Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери қызметшілерін, әскери бөлімдері мен мекемелерін заттай мүлікпен жабдықтау нормаларында:

1 1) «Авиацияның ұшқыштар құрамын, штаттық ұшулар жетекшілерін, жауынгерлік қолдану офицерлерін ұшқыштар киім-кешегімен және штурмандық керек-жарақпен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың» № 32 нормасында:

реттік нөмірлері 27, 28, 29, 30, 31, 32, 33, 34, 35, 36, 37, 38, 39, 40, 41, 42, 43, 44, 45, 46 және 47-жолдар алып тасталсын;

2 2) «Ұшқыштар (штурмандар) әскери авиациялық оқу орындарының курсанттарын ұшқыштар киім-кешегімен (мүкәммалдық мүлік) жабдықтаудың» № 33 нормасында:

реттік нөмірлері 11, 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19, 20 және 21-жолдар алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Әуе қорғанысы күштері бас қолбасшысының басқармасы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1

1) Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 25 шілдедегі № 439 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің мемлекеттік тізілімін, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкін жүргізу қағидалары 10-тармағының талаптарына сәйкес осы бұйрықтың деректемелерін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастыру үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Қазақстан Республикасының Заңнама және құқықтық ақпарат институты» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жолдауды;

2

2) деректемелер Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне орналастырылған күннен бастап күнтізбелік бес күн ішінде осы тармақтың 1) тармақшасында көзделген іс-шараның орындалуы туралы мәліметтерді Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Заң департаментіне жолдауды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің жетекшілік ететін орынбасарына жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық лауазымды адамдарға, оларға қатысты бөлігінде жеткізілсін.

5 5. Осы бұйрық қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрлігі

Қолданыстағы