Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 285 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере учета государственного имущества»

Бұйрық · № 449 · қабылданған 09.04.2018
Заңдық күші: Күшін жойған · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-285-ekb-121243/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 285 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере учета государственного имущества» Күшін жойған Бұйрық ·№ 449 ·09.04.2018
07.04.2020 редакциясы
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 07.04.2020. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 285 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере учета государственного имущества»

Күшін жойған Бұйрық ·№ 449 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра финансов Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 285 «Об утверждении стандартов государственных услуг в сфере учета государственного имущества»
Атауы (қаз.)
«Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
449
Қабылданған күні
09.04.2018
Көрсетілген редакция
07.04.2020 121243_456813.kaz
Соңғы өзгеріс
07.04.2020
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1800016846
ЭКБ идентификаторы
121243
Редакция идентификаторы
121243_456813
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 00:55

0 «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Мемлекеттік мүлікті есепке алу саласында мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің стандарттарын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 285 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11154 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 18 маусымда жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген «Мемлекеттік мүлікті жалға алушылармен (сенімгерлік басқарушылармен) жасалған жалдау (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша оларға Мемлекеттік мүлік тізілімінен шарт бойынша есептеулер, өсімпұл мен мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беру» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартында:
9-тармақтың 2) тармақшасынын бірінші бөлігі мынадай редакцияда жазылсын:
«2) порталға:
осы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына 3-қосымшаға сәйкес олармен жасалған мемлекеттік мүлікті жалға (сенімгерлік басқаруға) беру туралы шарттың нөмірін және көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ-мен немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольмен куәландырылған, жеке тұлғалар үшін – жеке сәйкестендіру нөмірін, заңды тұлғалар үшін – бизнес сәйкестендіру нөмірін көрсете отырып электрондық құжат нысанындағы сұрау салу.»;
14-тармақтың 2) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«2) Мемлекеттік корпорацияның www.gov4c.kz интернет-ресурсында;»;
15-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«15. Көрсетілетін қызметті алушының ЭЦҚ болған жағдайда немесе порталдың есептік жазбасына ұялы байланыс операторы ұсынған көрсетілетін қызметті алушының абоненттік нөмірі қосылған және тіркелген жағдайда, бір рет қолданылатын парольді пайдаланған жағдайда портал арқылы электрондық нысанда мемлекеттік көрсетілетін қызметті алуға мүмкіндігі бар.»;
көрсетілген стандартқа 3-қосымша осы бұйрыққа қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитеті (Ғ.У. Ыбырайымов) заңнамада белгіленген тәртіппен:

1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелуін;

2

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде оның қазақ және орыс тілдерінде қағаз және электрондық түрдегі көшірмесінің Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне ресми жариялау және енгізу үшін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің «Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберілуін;

3 3) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің интернет-ресурсында орналастырылуын;

4

4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтердің Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Заң қызметі департаментіне ұсынылуын қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Ақпарат және коммуникациялар
министрі
______________ Д. Абаев
2018 жылғы «___» _________

0 Ұйымдарды іздеу өлшемдері

Қазақстан Республикасы
Қаржы министрінің
2018 жылғы 9 сәуірдегі № 449
бұйрығына қосымша
«Мемлекеттік мүлікті жалға
алушылармен (сенімгерлік
басқарушылармен) жасалған
жалдау (сенімгерлік басқару)
шарттары бойынша оларға
мемлекеттік мүлік тізілімінен
шарт бойынша есептеулер,
өсімпұл мен мемлекеттік
бюджетке түскен төлемдер
туралы мәліметтерді қамтитын
анықтама беру" мемлекеттік
көрсетілетін қызмет стандартына
3-қосымша
Нысан
Ұйымдарды іздеу өлшемдері
1-қадам. Деректерді толтыру:
1) жалдаушының БСН-і/ЖСН-і;
2) шарттың нөмірі.
2-қадам. ЭЦҚ-мен қол қою немесе бір рет қолданылатын парольдің көмегі арқылы:
1) ЭЦҚ-мен қол қою немесе бір рет қолданылатын парольді енгізу.
3-қадам. Сұрау салудың нәтижесі (экранға шығару):
1) жалдаушының БСН-і/ЖСН-і;
2) сұрау салу нөмірі;
3) қызметтің түрі;
4) сұрау салудың мәртебесі.
Нәтижесінде көрсетілетін қызметті алушыға жасалған жалға алу (сенімгерлік басқару) шарттары бойынша, өсімпұл және мемлекеттік бюджетке түскен төлемдер туралы мәліметтерді қамтитын анықтама беріледі. Қажет болған кезде көрсетілетін қызметті алушы анықтаманы PDF форматында көшіре алады.

Қолданыстағы