Мазмұнға өту Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 317 «Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами»

Бұйрық · № 409 · қабылданған 28.11.2017
Заңдық күші: Күшін жойған · 18.09.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-317/on/2026-09-18/
Басып шығарылды 2026-09-18 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 317 «Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами» Күшін жойған 27.04.2023 редакциясы
{# The accessible name CONTAINS the visible «A−» / «A+» instead of replacing it: speech control matches what a person can read on the button (WCAG 2.5.3). The header's language button is built the same way. #}
Белгілі бір күнгі редакция

О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 317 «Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами»

Күшін жойған Бұйрық № 409 18.09.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ Министра энергетики Республики Казахстан от 27 апреля 2015 года № 317 «Об утверждении натуральных норм обеспечения территориальных органов, находящихся в ведении Комитета экологического регулирования, контроля и государственной инспекции в нефтегазовом комплексе Министерства энергетики Республики Казахстан, специальными транспортными средствами»
Атауы (қаз.)
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Күшін жойған
Тізілімдегі мәртебе коды
yts
Нөмірі
409
Қабылданған күні
28.11.2017
Көрсетілген редакция
27.04.2023 116952_630798.kaz
Соңғы өзгеріс
27.04.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V1700016105
ЭКБ идентификаторы
116952
Редакция идентификаторы
116952_630798
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
02.08.2026 03:07
Акт күшін жойған. Мәтін анықтама үшін берілген және қолданыстағы құқық болып табылмайды.
18.09.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 27.04.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

0

«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
БҰЙЫРАМЫН:

1. «Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Мұнай-газ кешеніндегі экологиялық реттеу, бақылау және мемлекеттік инспекция комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 сәуірдегі № 317 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 12138 болып тіркелген, 2015 жылы 12 қазанда «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
бұйрықтың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормаларын бекіту туралы»;
бұйрықтың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын:
«1. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды:
1) осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес арнайы автокөлік құралдарымен;
2) осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары бекітілсін»;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 1-қосымша осы бұйрыққа 1-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын;
көрсетілген бұйрықпен бекітілген 2-қосымша осы бұйрыққа 2-қосымшаға сәйкес жаңа редакцияда жазылсын.

2. Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Экологиялық реттеу және бақылау комитеті Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен:

1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2) осы бұйрық мемлекеттік тіркелген күнінен бастап күнтізбелік он күн ішінде қазақ және орыс тілдеріндегі қағаз және электрондық түрдегі оның көшірмесін Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің Эталондық бақылау банкіне қосу және ресми жариялау үшін «Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің Республикалық құқықтық ақпарат орталығы» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорнына жіберуді;

3) осы бұйрықты мемлекеттік тіркегеннен кейін күнтізбелік он күн ішінде оның көшірмесін ресми жариялау үшін мерзімді баспасөз басылымдарына жіберуді;

4) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің ресми интернет-ресурсында орналастыруды;

5) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Заң қызметі департаментіне осы тармақтың 2), 3) және 4) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.

3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының энергетика вице-министріне жүктелсін.

4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасының
Қаржы министрі
_____________ Б. Сұлтанов
2017 жылғы 28 қараша

1 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 409 бұйрығына
1-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына
1-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
автокөлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның ата­уы*
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның пай­да­ла­ну­ға құқы­ғы бар мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы­ның са­ны
Ар­найы ав­то­кө­лік құ­ра­лы
Қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау және та­би­ғи ре­сур­стар­ды пай­да­ла­ну са­ла­сын­да­ғы мем­ле­кет­тік ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру үшін
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі Эко­ло­ги­я­лық рет­теу және ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің қа­ра­ма­ғын­да­ғы аумақ­тық ор­ган­дар
Ал­ма­ты қа­ла­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
3
Ал­ма­ты об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Маң­ғы­стау об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Ба­тыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Пав­ло­дар об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Жам­был об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Оң­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Қа­ра­ған­ды об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Ақ­тө­бе об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Қо­ста­най об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Қы­зы­лор­да об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Аста­на қа­ла­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
3
Сол­тү­стік Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Ақ­мо­ла об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
4
Ескертпе: * арнайы автокөлік құралы - жеңіл автомобиль базасындағы қоршаған ортаны қорғау және табиғи ресурстарды пайдалану саласындағы бақылауды жүзеге асыру үшін арналған көлік құралы.

2 Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары

Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2017 жылғы 28 қарашадағы
№ 409 бұйрығына
2-қосымша
Қазақстан Республикасы
Энергетика министрінің
2015 жылғы 27 сәуірдегі
№ 317 бұйрығына
2-қосымша
Нысан
Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің қарамағындағы аумақтық органдарды арнайы
су көлік құралдарымен қамтамасыз етудің заттай нормалары
Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы­ның ата­уы*
Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы­ның функ­ци­о­нал­дық мақ­са­ты
Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы­ның пай­да­ла­ну­ға құқы­ғы бар рес­пуб­ли­ка­лық мем­ле­кет­тік ме­ке­ме­лер
Ар­найы су кө­лі­гінiң са­ны
Теңiз
Өзен
Ар­найы су кө­лік құ­ра­лы
Кас­пий те­ңі­зі бас­сей­нін­де, Ер­тіс өзе­нін­де және тран­с­ше­ка­ра­лық өзен­дер­де қор­ша­ған ор­та­ны қор­ғау са­ла­сын­да ар­найы су кө­лі­гін­де ба­қы­ла­уды жү­зе­ге асы­ру (су­дың, түп шө­гін­ді­ле­рі­нің және ат­мо­сфе­ра­лық ауа­ның ла­ста­нуын тал­да­ма­лық ба­қы­лау)
Қа­зақ­стан Рес­пуб­ли­ка­сы Энер­ге­ти­ка ми­ни­стр­лі­гі Эко­ло­ги­я­лық рет­теу және ба­қы­лау ко­ми­те­ті­нің қа­ра­ма­ғын­да­ғы аумақ­тық ор­ган­дар
Аты­рау об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
1
1
Шы­ғыс Қа­зақ­стан об­лы­сы бой­ын­ша Эко­ло­гия де­пар­та­мен­ті
1
Ескертпе: * арнайы су көлік құралы - ішкі су жолдарда және өзге су қоймаларда бақылау мен қадағалау функцияларын жүзеге асыру үшін пайдаланылатын кеме.