О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 352 "Об утверждении Правил допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок"
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 352 "Об утверждении Правил допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок"
- Атауы (қаз.)
- "Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 616
- Қабылданған күні
- 18.08.2016
- Көрсетілген редакция
- 18.08.2016 106512_115100.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 18.08.2016
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1600014269
- ЭКБ идентификаторы
- 106512
- Редакция идентификаторы
- 106512_115100
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 02.08.2026 08:01
0 «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі
коммерциялық әуе тасымалдарын
орындауға рұқсат беру қағидаларын
бекіту туралы» Қазақстан Республикасы
Инвестициялар және даму министрінің
міндетін атқарушының 2015 жылғы
27 наурыздағы № 352 бұйрығына
өзгерістер енгізу туралы
«Құқықтық актілер туралы» 2016 жылғы 6 сәуірдегі Қазақстан Республикасының Заңы 50-бабының 2-тармағына сәйкес БҰЙЫРАМЫН:
1
1. «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11460 тіркелген, «Әділет» ақпараттық құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 3 шілдеде жарияланған) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларында:
7-тармақтың 2) тармақшасында:
төртінші абзацы мынадай редакцияда жазылсын:
«әуе кемелерінің типтері бойынша шектеулері бар әуеайлақтарға ұшуды орындауды қоспағанда, тұрақты емес тасымалдарды орындау немесе жергілікті (облысішілік) жолаушылар авиатасымалдарын орындау бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы;»;
тоғызыншы абзацы алып тасталсын;
8-тармақтың 10) тармақшасы алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Азаматтық авиация комитеті (Б.К. Сейдахметов):
1 1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде тіркелуін;
2
2) осы бұйрықтың көшірмелерін Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелген күннен бастап күнтізбелік он күн ішінде қағаз және электрондық түрде мерзімді баспа басылымдарында және «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде ресми жариялауға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің эталондық бақылау банкіне жіберуді;
3 3) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды;
4
4) осы бұйрық Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркелгеннен кейін он жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігінің Заң департаментіне осы тармақтың 1), 2) және 3) тармақшаларында көзделген іс-шаралардың орындалуы туралы мәліметтерді ұсынуды қамтамасыз етсін.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Инвестициялар және даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық оның алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтiзбелiк жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
«КЕЛІСІЛГЕН»
Қазақстан Республикасының
Ұлттық экономика министрі
______________Қ. Бишімбаев
2016 жылғы 29 тамыз