Құжат мәтініне өту

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 352 «Об утверждении Правил допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок»

Бұйрық · № 94 · қабылданған 24.11.2023
Заңдық күші: Қолданыста · 15.08.2026 жағдай бойынша
https://adilet.kz/laws/27-2015-no-352/on/2026-08-15/
Басып шығарылды 2026-08-15 · adilet.kz
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 352 «Об утверждении Правил допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок» Қолданыста Бұйрық ·№ 94 ·24.11.2023
24.11.2023 редакциясы
15.08.2026 жағдай бойынша қолданыста болған редакция: 24.11.2023. Бұл — корпустағы соңғы редакция.

О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 352 «Об утверждении Правил допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок»

Қолданыста Бұйрық ·№ 94 · 15.08.2026 жағдай бойынша
Деректемелер және дереккөз
Толық атауы
О внесении изменений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 352 «Об утверждении Правил допуска авиакомпаний к выполнению регулярных внутренних коммерческих воздушных перевозок»
Атауы (қаз.)
«Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Акт түрі
Бұйрық
Заңдық күші
Қолданыста
Тізілімдегі мәртебе коды
new
Нөмірі
94
Қабылданған күні
24.11.2023
Көрсетілген редакция
24.11.2023 189121_668369.kaz
Соңғы өзгеріс
24.11.2023
Мәтін тілі
қазақша
НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
V2300033684
ЭКБ идентификаторы
189121
Редакция идентификаторы
189121_668369
Бастапқы дереккөз
ЭКБ zan.gov.kz (API)
Деректер жаңартылды
31.07.2026 15:25

0 «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы

БҰЙЫРАМЫН:

1

1. «Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 352 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11460 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру қағидаларында:
7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«7. Авиакомпанияларға тұрақты ішкі коммерциялық әуе тасымалдарын орындауға рұқсат беру үшін мынадай біліктілік талаптары белгіленеді:
1) жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалын орындау үшін:
уәкілетті органмен берілген пайдаланушы сертификатының болуы;
авиакомпания белгілеген кесте бойынша (резервте сақтауды есепке ала отырып) ұшуды орындау үшін қажетті мөлшерде қолданыстағы ұшу жарамдылығы сертификаттары, бірақ жолаушылар сыйымдылығы бірдей кемінде екі әуе кемесі бар әуе кемелер паркінің болуы (жеке меншіктегі немесе кемінде үш жыл мерзімге жалға алынған (лизингтегі));
жергілікті (облысішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдары жоспарланатын әрбір әуежайда персоналдың болуы немесе жерүсті қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы;
2) өңірлік (республикаішілік) коммерциялық әуе жолаушылар тасымалдарын орындау үшін:
уәкілетті органмен берілген пайдаланушы сертификатының болуы;
авиакомпания белгілеген кестеге сәйкес (резервте сақтауды есепке ала отырып) ұшуды орындау үшін қажетті мөлшерде ұшу жарамдылығы сертификаттары, бірақ жолаушылар сыйымдылығы бірдей кемінде үш әуе кемесі болатын әуе кемесі паркінің болуы (жеке меншікте немесе кемінде үш жыл мерзімге жалға алынған (лизингтегі));
әуе кемелерінің түрлері бойынша шектеулері бар әуеайлақтарға ұшуларды орындауды қоспағанда, тұрақты емес тасымалдарды орындау немесе жергілікті (облысішілік) жолаушылар авиатасымалдарын орындау бойынша кемінде бір жыл жұмыс тәжірибесінің болуы, сондай-ақ басқа авиакомпанияның құрамындағы бөлімше ретінде тұрақты рейстерді бір пайдаланушы сертификатымен орындаған авиакомпаниялар;
автоматтандырылған броньдау және әуе тасымалдарды сату жүйесінде ресурстарды орналастыру бойынша персоналдың болуы;
өңірлік (республикаішілік) әуе жолаушылар тасымалдарын орындау жоспарланатын әрбір әуежайда персоналдың болуы немесе жерүсті қызмет көрсетуге жасалған шарттың болуы;
авиамаршрутты пайдалану сәтінен бастап болжанатын авиамаршрут (авиамаршруттар) бойынша ұсынылған кестеге сәйкес кірісті есепке алмағанда күнтізбелік отыз күн ішінде авиакомпанияның ұшуды орындау қабілеттілігін білдіретін қаржылық ресурстардың болуы және жеткіліктігі;
тасымалдау құжаттарын электрондық және қағаз нысанында ресімдеуді қоса алғанда, автоматтандырылған әуе тасымалдарын сату жүйесінің бірінде ресурстарды орналастыруға жасасқан шарттың болуы;
авиабилеттерді онлайн-брондауды және сатуды ұсынатын өз интернет-ресурсының болуы және/немесе ұшуды орындау жоспарланатын кемінде екі қалада авиабилеттерді сату офистерінің болуы.»;
8-тармақта:
11) және 12) тармақшалар мынадай редакцияда жазылсын:
«11) тұрақты ішкі рейстерді ашу жоспарланатын әрбір әуежайда персоналды жалға алу туралы анықтама немесе әуежайлық және жерүсті қызмет көрсетуге жасалған шарттың көшірмесі;
12) авиабилеттерді онлайн-брондау және сату мүмкіндігін беретін өз интернет-ресурсының бар-жоғын көрсете отырып анықтама және/немесе ұшуды орындау жоспарланып отырған кемінде екі қалада авиабилеттерді сату офистерінің бар-жоғын көрсете отырып анықтама.»;
13)тармақша алып тасталсын.

2 2. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің Азаматтық авиация комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен :

1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;

2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Көлік министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды қамтамасыз етсін.

3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасының Көлік вице-министріне жүктелсін.

4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.

«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі

Қолданыстағы