О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении»
Деректемелер және дереккөз
- Толық атауы
- О внесении изменений и дополнений в приказ исполняющего обязанности Министра по инвестициям и развитию Республики Казахстан от 27 марта 2015 года № 353 «Об утверждении Правил применения разрешительной системы автомобильных перевозок в Республике Казахстан в международном сообщении»
- Атауы (қаз.)
- «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
- Акт түрі
- Бұйрық
- Заңдық күші
- Қолданыста
- Тізілімдегі мәртебе коды
- new
- Нөмірі
- 859
- Қабылданған күні
- 19.11.2019
- Көрсетілген редакция
- 19.11.2019 136207_435186.kaz
- Соңғы өзгеріс
- 19.11.2019
- Мәтін тілі
- қазақша
- НҚА мемлекеттік тіркеу нөмірі
- V1900019626
- ЭКБ идентификаторы
- 136207
- Редакция идентификаторы
- 136207_435186
- Бастапқы дереккөз
- ЭКБ zan.gov.kz (API)
- Деректер жаңартылды
- 01.08.2026 17:47
0 «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы
БҰЙРАМЫН:
1
1. «Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің міндетін атқарушының 2015 жылғы 27 наурыздағы № 353 бұйрығына (Нормативті құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 11704 болып тіркелген, «Әділет» ақпараттық-құқықтық жүйесінде 2015 жылғы 5 тамызда жарияланған) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін:
көрсетілген бұйрықпен бекітілген Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдауларында рұқсат беру жүйесін қолдану қағидаларында:
1-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«1-тарау. Жалпы ережелер»;
3-тармақтын 11) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын:
«11) уәкілетті орган - Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті;»;
2-тараудың тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын:
«2-тарау. Қазақстан Республикасының халықаралық қатынастағы автомобильмен тасымалдарында рұқсат беру жүйесін қолдану тәртібі»;
9-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«9. Алмасу квотасы Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің (бұдан әрi – Министрлік) интернет-ресурсында орналастырылады.»;
21-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Отандық тасымалдаушы шетелдік рұқсаттарды алуға өтінімді берген кезде маршрутта пайдалануға жататын жылжымалы құрамның түрі (класы) және мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері туралы мәліметті жібереді.»;
24-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«24. Отандық тасымалдаушы күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға өтiнiмдердi берген кезде мынадай құжаттарды қоса бередi:
1) шетелдiк тасымалдаушымен бiрлескен қызмет туралы шарттың көшiрмесi;
2) көрсетiлген көлiк құралдары жолаушылар мен багажды автомобильмен тұрақты тасымалдаудың басқа маршруттарында iске тартылмауы туралы мәлiмделген автобустар мен шағын автобустардың тiркелген жергiлiктi атқарушы органдарының жазбаша растауы.»;
26 және 27-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«26. Отандық тасымалдаушылар жүктерді және жолаушыларды мен багажды тұрақты емес тасымалдау үшін шетелдік рұқсаттарды алуға арналған өтінімдерді Мемлекеттік корпорация немесе портал арқылы береді.
Отандық тасымалдаушылар күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсаттарды алуға арналған өтiнiмдердi Мемлекеттік корпорация, аумақтық органдар немесе портал арқылы береді.
Өтінімдерді қарау, сондай-ақ берілетін шетелдік рұқсаттамалар санын есептеу шетелдік рұқсаттамалар бланкілерін таратудың автоматты үйлестіру жүйесін пайдалана отырып жүзеге асырылады.
27. Отандық тасымалдаушыларға шетелдiк рұқсаттарды беру аумақтық органға «Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы» 2017 жылғы 25 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Кодексiнде (Салық кодексi) (бұдан әрі – Салық кодексі) белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым сомасын төлегенi туралы төлем құжаты түскен күнiнен бастап бiр жұмыс күнi мерзімiнде жүзеге асырылады.»;
28-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Отандық тасымалдаушының шетелдік рұқсат бланкілерін басқа отандық тасымалдаушыға беруіне жол берілмейді.»;
33-тармақ мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын:
«4) отандық тасымалдаушыға хабарлама жіберілген күннен бастап бір жұмыс күні ішінде Қазақстан Республикасының аумағы бойынша автокөлiк құралдарының жүрiп өткенi үшiн алым сомасын төленгені болмаған.»;
34-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«34. Отандық тасымалдаушыға шетелдiк рұқсат берiлген кезде бланкiнiң тиiстi бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы жазылады және мөр (мөртабан) басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.
Күнтiзбелiк бiр жыл қолдану мерзiмiмен жолаушыларды және багажды тұрақты тасымалдауға арналған шетелдiк рұқсат берiлген кезде, сондай-ақ Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттерден басқа, Қазақстан Республикасымен шектесетін елдерге шетелдік рұқсат берілген кезде бланктiң тиiстi бағандарына тасымалдаушының атауы, заңды мекенжайы, автокөлiк құралының маркасы мен мемлекеттiк нөмiрi, жүру маршруты жазылады және мөртаңба басылып, рұқсат берген адамның қолы қойылады.
Шетелдiк рұқсаттарда түзетулерге жол берiлмейді.»;
35-тармақ мынадай мазмұндағы үшінші бөлікпен толықтырылсын:
«Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекеттердің бірінің аумағында тіркелген тасымалдаушы орындайтын халықаралық автомобиль жүк тасымалдары рұқсатсыз негізде жүзеге асырылады:
1) аумағында тасымалдаушы тіркелген Еуразиялық экономикалық одағына мүше мемлекет пен басқа мүше мемлекет арасында;
2) Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттердің аумағы арқылы транзитпен;
3) Еуразиялық экономикалық одағына мүше басқа мемлекеттер арасында.
Шетел мемлекетінің тасымалдаушылары Қазақстан Республикасында немесе Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзитпен жүктерді тасымалдауды Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарға сәйкес шетел тасымалдаушысы тіркелген елдің құзыретті органдары берген рұқсаттар негізінде жүзеге асырады.»;
39-1-тармақтың үшінші бөлігі алып тасталсын;
41-тармақтың екінші бөлігі алып тасталсын;
43, 44 және 45-тармақтар мынадай редакцияда жазылсын:
«43. Өз мемлекетiнiң тiркеу және айырым белгiсiнсiз Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жол жүретiн шетелдiк автокөлiк құралының жүрiп өтуi, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерiлмесе, Салық кодексiмен белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағы арқылы автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде беретiн транзиттiк жол жүруге арналған рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
Жүктi немесе жолаушыларды үшінші елдердің аумағынан Қазақстан Республикасының аумағына немесе Қазақстан Республикасының аумағынан үшінші елдердің аумағына тасымалдауларға көрсетiлген автокөлiк құралдарымен тасымалдауды жүзеге асыруға жол берiлмейдi.
Қазақстан Республикасының аумағында пайдалануға арналған, оның iшiнде жүгi бар автокөлiк құралдарын айдап өту кезiнде iрi көлемдi және (немесе) ауыр салмақты автокөлiк құралдарының жүрiп өтуiне арнайы рұқсаттарды қоспағанда, рұқсат беру құжаттары талап етiлмейдi.
44. Мемлекеттерiмен рұқсат беру құжаттарының бланкiлерiн тепе-тең айырбастау жүргiзiлмеген шетелдiк автокөлiк құралдарының Қазақстан Республикасының аумағы арқылы транзиттiк жол жүруi, егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше ескерiлмесе, Салық кодексiмен белгiленген ставкалар бойынша Қазақстан Республикасының аумағымен автокөлiк құралдарының жүрiп өтуi үшiн алым сомасы төленгеннен кейiн уәкiлеттi орган Қазақстан Республикасының аумағындағы көлiктiк бақылау бекеттерiнде немесе мемлекеттік кіріс органдары Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетiн Қазақстан Республикасының Мемлекеттiк шекарасы арқылы автокөлiк құралдарын өткiзу пункттерiнде, соның ішінде халықаралық теңіз өткізу пункттерінде беретiн транзиттiк жол жүруге арналған рұқсат негiзiнде жүзеге асырылады.
45. Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту құқығын растайтын отандық рұқсат беру құжаттарында Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасымен тұспа-тұс келетін Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттерінде мемлекеттік кірістің аумақтық органдары немесе Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде аумақтық органдар:
1) Қазақстан Республикасының аумағынан автокөлік құралының күнтізбелік 30 күннен аспайтын шығу мерзімін;
2) Қазақстан Республикасының аумағы арқылы жүріп өту маршрутын көрсетеді.
Шетелдік автокөлік құралдарының транзиттік жүріп өтуі кезінде Қазақстан Республикасының аумағына келу және аумағынан кету мерзімдері тура да, кері де бағытта жүріп өту кезіндегі Қазақстан Республикасының аумағында нақты болу уақытымен айқындалады.»;
48-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:
«48. Шетелдік тасымалдаушылар көліктік бақылау органдарына Еуразиялық экономикалық одақтың сыртқы шекарасында берілген көлік құралының бақыланатын параметрлерінің сәйкессіздігі, құжаттардың жоқ болуы немесе сәйкессіздігі туралы хабарламалар береді.
Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттердің уәкілетті көліктік бақылау органы берген хабарлама орандалмаған кезде халықаралық автомобиль тасымалын жүзеге асыруға және хабарламада көрсетілген маршруттан ауытқуға жол берілмейді.»;
48-1-тармақ мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын:
«Халықаралық автомобиль тасымалдарын жүзеге асыруға қажетті ілеспе құжаттары (халықаралық көлік жүкқұжаты (СМR), шот-фактура (инвойс), коносамент, Халықаралық жол тасымалдау кітапшасы және тағы басқа құжаттар) Қазақстан Республикасының заңнамасына және Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына сәйкес болуы және уәкілетті мемлекеттік органдардың лауазымды адамдарының талабы бойынша жүргізушілермен ұсынылуы тиіс.»;
54-тармақ алып тасталсын.
2 2. Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің Көлік комитеті заңнамада белгіленген тәртіппен:
1 1) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінде мемлекеттік тіркеуді;
2 2) осы бұйрықты Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің интернет-ресурсында орналастыруды.
3 3. Осы бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министріне жүктелсін.
4 4. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік жиырма бір күн өткен соң қолданысқа енгізіледі.
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Қаржы министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
Ұлттық экономика министрлігі
«КЕЛІСІЛДІ»
Қазақстан Республикасы
цифрлық даму, инновациялар және
аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі